7


  • Учителю
  • Мен елімнің Патриотымын сынып сағаты

Мен елімнің Патриотымын сынып сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мен, елімнің Патриотымын!

Мақсаты: Елбасының «Мәңгілік Ел» атты ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында оқушылар бойына патриоттық сана-сезім қалыптастыру; Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, тегін, тарихын білуге баулу;

Міндеті:

  • Оқушыларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

  • Өз ой-пікірлерін еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

  • Ынтымақтастықта, белсенді жұмыс жасауға баулу

Күтілетін нәтиже:

  • Қазақстанымыздың беделді, білімді, патриот азаматы болып қалыптасады.

  • Өз-ойларын еркін жеткізе біледі.

  • Ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

  1. «Жүректен-жүрекке»

Шаттық шеңберін құрып, жаңа оқу жылының басталуымен бірін-бірі құттықтауы

Сыныпты төрт топқа бөлу (1-4-ке дейін саналып бөлінуі)

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Әнұран орындау

Сұрақ-жауап аламаны

  • Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл толады?

  • Тамыз айының соңында қандай мереке аталып өтті?

  • Президентіміздің алға қойған басты бағдарламасы қалай аталады?

Біздің халқымыздың жағдайы бүгінгі заман шындығынада тек өзінің тәуелсіз мемлекеті бар болса ғана жақсара алатыны- әркімге аян ақиқат.Ендеше халқына шындап жаны ашитын адам алдымен өз мемлекеттігін,Конституциясын қадірлейік.Әйтпесе,өз мемлекетіне жаны ашымайтын,сол жолда нақты іс атқармайтын адамның халықшыл болып,отаншыл болып қарық қылмайтыны белгілі . Мұны,әсіресе,ақпарат құралдары есте ұстауға тиісті. Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді қастерлеуге, барша халықты тәрбиелеуге мұқият мән беруге міндетті. Қазір қолға алынып жатқан шаруаның барлығы- біздің болашаққа сенімділігіміздің белгісі,өз күшімізге сеніміміздің белгісі.

( Нұрсұлтан Назарбаев)

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім! Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ иісі мүңкіп тұр.

Ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарих бетінде қалатын оқиғалар:

1991 жылы 16 желтоқсанда- Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады

1-жүргізуші 1991жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.

2-жүргізуші

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1-жүргізуші

1993 жылы қарашаның 15-інде Ұлттық валюта -тенге айналымға кірді

2-жүргізуші

1995 жылы 30 тамызда - Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы қабылданды

1-жүргізуші

1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын Қазақстанның астанасы болып ресми жарияланды



Габдуллин Алидің орында: «Астана» әні

  1. Топтық жұмыстар тапсырмалары. Шектеулі уақыты: 8-10 минут

1-топ "Патриот" сөзінің мағынасы нені білдіреді? (постер құру)

2-топ "Бес жолды өлең" шығару

3-топ "Отан" туралы мақал-мәтелдер жазу

4-топ "Мен, елімнің Патриотымын" атты тақырыпта эссе жазу



  1. Сабақты қорыту:

1.Сұрақтар арқылы:

-Халқымыздың жағдайы жақсаруы үшін не істеуіміз керек?Патриот адам қандай болуы тиіс?

2.Рефлексия:

«Білім ағашы» өз ойларын жазу



  1. Хор: «Асқақтай бер, Қазақстан!»

«Біз кімбіз?»( таңбалау)

Қ - Біз тәуелсіз елдің жастарымыз

А -Біз ел қорғаушымыз

З - Біз өз Отанымыздың патриотымыз.

А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз

Қ-Біз болашаққа сеніммен қарайтын

С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз

Т-Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген,

А- Біз білімге, адамгершілікке құштар

Н- Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал