7


  • Учителю
  • Бала тәрбиесіндегі ата -ананың рөлі

Бала тәрбиесіндегі ата -ананың рөлі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі



Қазақ елінің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Ендеше ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында үлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Осы міндетті іске асыруға мұғалім мен ата-ананың ықпалы ауадай қажет.

Отбасы-бала үшін қоғамның алғашқы ұйтқысы. Жас ағаш иілгіш болса, жас адам да сондай. Жақсыға да жаманға да бейімделгіш. Қазақта «баланың басты ұстазы ата-анасы»деген сөз бар. Ал француз жазушысы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады,оның үстіне шимақты қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең ,ол солай тәрбиеленеді» деген. Бұдан шығатын қорытынды,бала тәрбиесіне ең әуелі ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы ,ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етеді.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы-ата-ана». Балалар да ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі.Әкеден нақыл,анадан-мейір алады.

Тәрбие жұмысына үйде ата-ана жауапты болса,мектепте ұстаз жауапты.Баланы өмірге баулуда мектеп,ұстаз,ата-ананың орны бөлек.Тәлім тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана,әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Сондықтан ата-ана мен ұстаздар арасындағы байланыс мықты болуы керек.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениетті,саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне,іскерлігіне байланысты.



А.Байқыдыров атындағы саз мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі: Сыдыкова Какима Закарьяновна









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал