- Учителю
- Тема конспекта: Біз қазақша сөйлейміз
Тема конспекта: Біз қазақша сөйлейміз
Біз қазақша сөйлейміз.
(мектепшілік іс-шара)
Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.
Көрнекілігі: слаид, интерактивті тақтаны қолдану, музыка, кабинетті қанатты сөздермен безендіру.
Құрметті ұстаздар! Тілдер мерекесіне орай өзге ұлт ұстаздарымен өткізіліп отырған «Біз қазақша сөйлейміз» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
-
Армысыңдар, мектебімнің ұстаздары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін осы кеш ашылады
Сіздер үшін ұстаздарымыз өз өнерін ортаға салады.
Ұстаздар өнерін қазақ тілінде таныстырады.
-
«Тіл білгірі» бүгін басталады
Білгірлерді, жұртшылық, қарсы алайық!
Көшбасшысы тілдердің- қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық.
Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан теңіз жоқ - дегендей қазақ тілінде мәнерлеп өлең оқуға дайындалып келген ұстаздарымызға сөз берейік.
-
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті әнге берейік.
Ш.Қалдаяқов. «Арыс жағасында»
-
«Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы-ой»
Интерактивті тақтада көрсетілген суреттердің атауын тез ойлап, жазып шығу.
-
«Мақал-сөздің мәйегі»- дегендей берілген мақалдардың баламасын тауып орнына қою.
-
Әр ұстаз өзіне берілген қазақша іс қағаздарын оқып, аударып, қазақша қалай аталатынын табу. (өтініш, сенімхат, хаттама, мінездеме, хабарландыру,т.б)
-
Көңіл-күйің қалай? / Смайлик арқылы сабақтан соңғы көңіл-күйлерін білдіру/
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білгені жөн болар.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.