- Учителю
- Тақырыбы: Кішкентай сұлтан (сайыс)
Тақырыбы: Кішкентай сұлтан (сайыс)
Тақырыбы: Кішкентай сұлтан
Мақсаты: Балалардың ұлттық салт-дәстүр негізінде білім көтеру.Адамгершілігіне, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние танымын қалыптастыру. Бойындағы өнерлерін көрсетіп, жеңіске жетуге талпындыру.
Көрнекілігі: Әдемі безендірілген шарлар, суреттер, мақал-мәтелдер.
Барысы: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар! «Кішкентай сұлтан» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста сұлтандарымыз өнерлерін, білімдерін, білек күштерін сынайды.
Ел дәстүрін қолдайтын,
Ел намысын қорғайтын.
Ұлдарымыз шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Қайсысы күшті, кім биші?
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық,
Сұлтандарды қарсы алайық.
(әуен ырғағымен сұлтандар ортаға шығады)
Сайыскерлер өз нөмерлерін анықтайды.
Сайысымыздың жоспарымен таныстыру.
І.«Мен қазақтың ұлымын» таныстыру.
II. «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету.
III .«Асық алу» сұрақ-жауап беру
IV . «Адам көркі-шүберек» сән көрсетілімі.
V .«Кім күшті» күш сынасу.
Келді міне, сын алуға,
Сын алып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
Беташарын сайысымызды бастайық.
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырып өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.
І.Таныстыру.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Қонақтарды құрметтеп,
Би қимылын жасайық.
Балалардың орындауында «Көңілді күн» биін тамашалайық.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
«Өнерлінің өрісі кең»байқауында,
Қол соғып барша халық тамсаныпты.
ІІ. Өнер көрсету.
Мың бұралып би билеп,
Шығамыз біз ортаға.
Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша.
Үнді биі: «Мани-мани» орындайтын Берікқызы Айда
.Білім оймен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз.
ІІІ. Асық алу.сұрақ-жауап
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Жау-жау жаңбыр»
ІҮ. Адам көркі-шүберек. Сән көрсетілім
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай
Ү. «Кім күшті».Күш сынасу
Мың бұралып би билеп,
Әнде салып береміз.
Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз.
Қорытынды. Марапаттау.
Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз,
Жоғары боп күш-жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық сайысымыз.