7


5 сынып тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты

Мерзімі: 01.09.2016 жыл

Сыныбы: 5 «З»

Сабақтың тақырыбы:

«Мен-Отанымың патриотымын!»

Сабақтың реті:

1-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.

Күтілетін оқу нәтижелері:



Еліне, жеріне деген патриоттық сезімі қалыптасады

Түйінді идеялар:

«Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

топтық әдістер, сыни ойлау, түрткі болу, сынақтан өткізу техникалары

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І. Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру.

Оқушылар бір-біріне өз аттарының бірінші әріпінен басталатын жақсы тілектер айтады.

2-әрекет. Төрт мезгіл арқылы топқа бөлу. (туған күндеріне байланысты)

Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

3-әрекет. Топтық жұмыс: мақал-мәтелдер беру



Әр топ өзіне берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

1.Отанды сүю - ... басынан басталады.

2. ... адам, Ормансыз бұлбұл.

3. Кісі елінде ... болғанша, Өз ... ұлтан бол.

4-әрекет. Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты слайд көрсетеді

Жаңа сабақ туралы мәлімет алады.

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

5- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру

Интербелсенді тақтада көрсетілген мәліметтерді оқушылар дәптерлеріне жазады.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

6-әрекет. «Алтын сандық» ашу арқылы сұрақтар беру

Оқушылар топта талқылап сұрақтарға жауап береді

- ҚР ата заңы қай жылы қабылданды ?

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет ?

- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер ?

- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар ?

7-әрекет. Оқушыларға эссе жаздырту



« Мен-елімнің патриотымын!», « Менің болашақтағы арманым», «Туған жер, Отан» туралы өлеңдерді жатқа айтқызу, қазақта аты аңызға айналған би-шешендері.

8-әрекет. Бағалау



Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды

9-әрекет. Үй тапсырмасы





Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.

10-әрекет. Жеке жұмыс:

«Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату

Оқушылар «Алма ағашына» өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлерін алма жемісі арқылы жазып іледі



Қортынды:

- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.

Мұғалім

Алинова Мейрамгуль Баяхметовна















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал