- Учителю
- Заң мен білім ұштасқан күн тақырыбындағы оқу іс-әрекетінің жоспары
Заң мен білім ұштасқан күн тақырыбындағы оқу іс-әрекетінің жоспары
Тақырыбы: Заң мен білім ұштасқан күн
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту. Ел азаматы болуға тәрбиелеу «Астана - бас қала» туралы түсінік беру
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру
Көрнекілігі: Қазақстан Республмкасының рәміхдері Н. Ә. Назарбаевтың суреті
Ұйымдастыру: Қазақстан Республикасының әнұранын орындау
Барысы: Балалар, бүгін біз күз мезгілінң алғашқы күні 1 - қыркүйек Білім күні.1- қыркүйекте балалар жазғы демалыстан кейін мектепке барады. Күз мезгілінің айларын атап өтейікші: қыркүйек, қазан, қараша.
Жаз айларын еске түсірейікші: маусым, шілде, тамыз
Жаз айының ең соңғы айы тамыздың 30 - ы Конституция күні. Бұл күні барша Қазақстандықтарға мереке. Бұл күн Ата заңын қабылдаған күн.
* Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?
* Қазақстан Республикасында.
* Оның астанасы қандай қала?
* Астана қаласы
* Бұл жаңа Астана, бас қала
* Еліміздің Президенті кім?
* Н. Ә. Назарбаев
Заман жаңа, ел жаңа
Күлімдейді кең дала
Өз Астан - өз Ордам
Сүйенерім сен ғана!
Тәрбиеші:
Құрметті әріптестер, ата - аналар, ұстаздар және бүлдіршіндер! Сіздерді 1 - қыркүйек Білім күнімен яғни жаңа оқу жылымен құттықтаймыз
Балабақша есігінен
Көп тәрбие аламын
11 жыл мектеп оқып
Ел данасы боламын
Отан - менің ата - анам
Отан - досым, бауырым
Отан - өлкем астанам
Отан - туған ауылым
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып
Мен үлкен болғанда да
Жүректе сақтап атын
Жүретін салтанатым
Астана биігіміз
Биіктер күнге жақын
Тәрбиеші: Балалар, біз Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғандықтан өз гимніміз бар, елтаңбамыз, туымыз бар. Бұларды рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздерді толығырақ таныстырып шығайын. Тудың түсі көгілдір аспан түсті оның ортасында нұрын шашқан күн, астында қалықтаған қыран, жиегінде ұлттық өрнек. Осы күн, қыран, өрнектің түстері сары алтын түстес, бұл байлықтың белгісі деп бйнеленген тудың авторы Ш. ниязбековЕлбасының авторы М.Мәлібеков және Ш. Уалиханов ағаларымыз.
Елбасымыз ортасында шаңырақ, шаңыраққа қадалған уықтар, екі жағында қанатты қос арғымақ, астында Қазақстан жеген жазуы бар.
Осы рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілді
Ортада - аспан әлемі
Қорытында: Бүгінгі оқу іс - әрекетке барлықтарың түгелдей жақсы қатыстыңдар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.