7


  • Учителю
  • М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ

М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кербұлақ аудандық білім бөлімі

Нұрым орта мектебі КММ





























Саяхат сабақ



Сабақтың тақырыбы: Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына, І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына саяхат

7-сынып





















Сынып жетекшісі: А.Рамазан









































2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына, І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына саяхат

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы (музейі) жайлы және тарихшы-өлкетанушы Мұхаметжан Тынышпаев туралы түсінік беру; І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; Тәрбиелік: оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

  2. І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына саяхат

  3. Талдықорған көркемөнер галереясына саяхат

  1. Мұхаметжан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ''жаратылыстану музейі'' (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ''кешенді музейлер'' (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер). Музей ісінің негізгі бағыттары - музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар шығару, т.б. жатады.

М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақМ.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақМ.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ

М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ

  1. І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайына саяхат

І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайы 1984 жылдың мамыр айында, Талдықорған қаласында ақынның 90-жылдығына орай ашылған. Мұражай қоры 673 экспонатты құрайды, олардың 600 түпгұсқалық болып табылады. Қорды жинау мен насихаттау ісіне Алтын Бақыраденова үлкен үлес қосты. 1983 жылы Жоғары оқу орындарының Республикалық байқауында Ілияс Жансүгіровтың әдеби-мемориалдық мұражайы республикадағы үздік мұражай болып табылады. 1983 жылы І.Жансүгіровтың 90-жылдығына орай жиналған қорды тегін түрде ашылып жатқан облыстық Ілияс Жансүгіровтың мұражай үйіне сый ретінде берілуі жайында шешім қабылданған. Қазіргі кезде мұражайда алты залда орналасқан 6000 астам экспонат бар, олардың жалпы ауданы 268 шаршы метрді құрайды. Осында жазушының жеке заттары, баспа станогы, үстел шамы, оның сүйікті музыкалық аспабы - Молықбай қобызы, көзі тірісінде шығарған кітаптар басылымдары, патефон, таяғы, сонымен қатар контрреволюциялық ұлттық ұйымның 1938 жылғы 26 ақпан айындағы өлім жазасы жайындағы үкім туралы құжат көрсетілген.

М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақМ.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ





  1. Талдықорған көркемөнер галереясына саяхат

Талдықорған көркемөнер галереясы 1950 жылдары салынған екен. 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, сәулетшілер жобасымен жөнделген. Галерея ғимараты композиция бойынша ықшамды және сындырлы болып, қаланың сәулет кеңестігіндегі ерекше әсем құрылысқа айналған. 3 қабатты 10 экспозициялық залдан тұратын бұл галереяға 245 туынды қойылған екен.

М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақМ.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақМ.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ

М.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақМ.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақМ.Тынышпаев атындағы музейге саяхат сабақ



</</font>





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал