- Учителю
- Урок разработка на тему Шалқан ертегісі
Урок разработка на тему Шалқан ертегісі
Тақырыбы: «Шалқан»
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін кеңейту.Сөйлеу мәдениетін, еркін
сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге,балалардың сөздік қорын
дамыту.Балаларды қамқорлыққа, татулыққа,достыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Жылулық шеңбері , ертегіні түсіндіру, «Шалқан»
ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау, сергіту сәті,мақал,
ойын, қорытынды.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің маскалары, АКТ, слайд,ертегідегі қажетті заттар (шалқан, шелек, күрек), ертегінің мультфильмі
Сөздік жұмыстар: шалқан, ата, апа, қыз, күшік, мысық, тышқан.
Билингвалдық компонент: шалқан -репка, ата- дедушка, апа - бабушка,
қыз- девочка, күшік- собака, мысық- кошка, тышқан-мышь
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Балалар: жақсы.
Тәрбиеші: Тамаша, олай болса бүгінгі оқу іс- әрекетімізді бастайық.
Қане, қане тұрайық,
Жылулық шеңберін құрайық.
Жылулық шеңбері
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да,
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да,
Шуағын төгіп тұр,
Мейірімді күн ана!
Тәрбиеші:-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
Ойын «Қай ертегі?» слайд арқылы суреттермен жұмыс жүргізу.
Балалар: Бауырсақ ,Маша мен аю, Үйшік (өздеріне таныс
ертегілерді суреттер бойынша атайды)
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар,сендер көптеген ертегілер біледі
екенсіңдер.
Жұмбақ жасыру.
Атай шалқан егіпті, ол үлкен болып өсіпті.
Тәрбиеші: Бұл қай ертегі балалар?
Балалар: «Шалқан» ертегісі
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Шалқан орысша - репка. Қане, бәріміз қайталайықшы. Шалқан-репка
Мультфильм желісі арқылы ертегіні дауысын ырғағына сала отырып, ертегінің мазмұнын айтып беру.
Тәрбиеші:Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар: иә ұнады.
Сергіту сәті:
Атай шалқан егіпті,
Шалқан үлкен болып өсіпті,
Көмекке бәрін шақырыпты,
Шалқанды ары тартып,
Бері тартып,
Шалқанды жерден жұлып алыпты,
Алақай!
( Балалар қимылмен орындайды.)
- Шалқан қайда өседі?
-Атай көмекке кімді шақырды?
Тәрбиеші: осы ертегідегі кейіпкерлерді атап жіберейікші.
Балалар жауабы: Атай, әжей, қыз, күшік, мысық, тышқан.
(балаларға айқызу) жеке-жеке, топпен
Тәрбиеші: Кәне, болай болса осы ертегіні рөлдерге бөліп ойнайық.
Балалар «Шалқан» ертегісін рөлдерге бөліп орындайды.
Тәрбиеші: Міне, балалар татулық пен достықтың арқасында шалқанды жерден барлығы бірге жұлып алды. Сендермен татулық туралы мақалды үйреніп алайық.
Ойын «Кім және не жоқ?» ертегі кейіпкерлерін жасыру
Қорытынды.
Суреттер бойынша жұмыс жасау.
-
Мына суреттердің ішінен шалқанды кім тауып береді?
-
Шалқанды жерге кім екті?
-
Мысық көмекке не шақырды?
Жарайсыңдар! Сау болыңыздар!