7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Адамгершілік – жақсы қасиет

Тәрбие сағаты: Адамгершілік – жақсы қасиет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Адамгершілік - жақсы қасиет

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік - жақсы қасиет.

Сабақтың мақсаты: Жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілігік сезімін дамыту. Ата - анасына, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Түрлі - түсті суреттер. Абайдың портреті. Нақыл сөздер:

Әдеп бала ата - анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата - анасын қақасатар



Бір жылы сөз - бір күнге азық



Жалқаудың екі досы бар! Бірі ұйқы - бірі күлкі

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі.

Сабақтың әдісі: Ауызша, баяндау, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы - адамгершілік. Ата - ананың тілегі сенің жақсы адам, азамат болуын, сенің Отан сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстарың ата - ана үшін шексіз бақыт. Ата - анан алдында шыншыл бол. Үлкеннің ақыл - кеңесін тында. Кішіге мейрімді, досына қайырымды. Бойында осындай қасиеттері бар баланы, біз қандай бала дейміз?

Оқушылар: Тәртіпті, әдепті бала дейміз.

Мұғалім: Тәртіптілік, ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады. Егер сен бала кезіңнен тәртіпті, әдепті бала болып өссен, есейе келе ата - анаңа, өз Отаныңның мақтанышы боласың.

Ақын Е. Өтетілеуұлы:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан.

Үлгі аламыз жақсыдын - деген

Біз осы әдептілік жақсы қасиеттер туралы қай сабақта оқып танысқанбыз?

Оқушылар: «Ана тілі» сабағында.

Мұғалім: Дұрыс. Осы жөнінде қандай тақырып өтілді? (оқушылар өткен тақырыптарды айтады). Онда қандай нәрсені жақсы деп түсінесіңдер?

Оқушылар: Үлкенді сыйлау, көмек көрсету, кішіпейіл болу, жаман сөз айтпау, ұрлық істемеу, өтірік - өсектен тартудан аулақ болу.

Мұғалім: Ал енді қандай нәрсені жаман деп түсінесіндер? Ол туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Оқушылар: Өтірік, өсек, еріншек, айтқан сөзінде тұрмау.

Мұғалім: Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз. Жаңағы әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы қасиеттер. Ендеше әдептілік пен адамгершілік әдемі екен.

Ал балалар! Адамгершілікті қалай өздерің түсінесіңдер? Ойларынды ортаға салыңдар. (бұдан кейін балалар адамгершілік, жақсы мінез - құлық туралы жаттаған өлең, тақпақтарын айтады).

Оқушы: Дұрыс сәлемдесе білу де мәдениеттіліктің белгісі

Мұғалім: Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?

Оқушы: Хормен: «Сәлеметсіз бе!»

Мұғалім: Үлкен кісі қолындағы жүгі ауыр болса оған не деу керек?

Оқушы: Хормен: «Көмектесейін»

Мұғалім: Байқаусызда біреумен қақтығысып қалсаң, не деп айтасың?

Оқушы: Хормен: «Кешіріңіз»























Тәрбие сағаты: Адамгершілік – жақсы қасиет



Тәрбие сағаты: Адамгершілік – жақсы қасиет







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал