7


  • Учителю
  • Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)

Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

«Айгөлек» бөбекжай балабақшасы

















Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)





Орындаған: Ш.Т.Мустафина.







Талшық.

2016 ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Көрікті көктем.

Мақсаты:

1.Білімділік: Балалардың көктем айында болатын құбылыстар жайлы түсініктерін кеңейту,

2.Дамытушылық: Тақпақ, жұмбақ арқылы тілдерін, ой-өрісін дамыту, грамматикалық түрде жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге баулу.

3.Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезініп, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: Көктем мезгілі туралы әңгімелесу, суреттер қарау, құстарды бақылау.

Билингвальды компонент: Орман-лес, көктем-весна.

Керекті құралдар: Көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.Шаттық шеңбері:

Жүректен-жүрекке.

Балалар, айналамызда көңіл- күй көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Бір-бірімізге жақсы көңіл күймен саулық тілеп, өлең жолдарын бірігіп айтайық:

Кел, балалар күлейік

Күлкіменен тілейік.

Күлкі - көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік!

-Жақсы балалар, осындай жақсы көтеріңкі көңіл-күймен ашық оқу іс-әрекетімізді бастайық.



Жұмбақ жасыру:

Қар, мұз еріп,су көбейіп,

Сай салада ағады

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?



-Дұрыс, балалар, бұл көктем мезгілі екен.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз Көркем әдебиет. Тақырыбы: Көрікті көктем.



Балалар шеңберге тұрады.

Шаттық шеңберін қимылмен көрсетіп орындайды.



Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)















Жұмбақтың шешуін табуға тырысады.









-Көктем мезгілі.











Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар қазір біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманда өздеріңді дұрыс ұстау ережесін білесіңдер ме?

-Дұрыс балалар,

-Орманда айқайлап, шулауға болмайды, бір-бірінен алыс кетпеу керек.

-Ал енді қатарға тұрамыз.

- Біз орманға да жеттік.

-Табиғаттың іші қандай әдемі.

-Орманды,көктемді орыс тілінде қалай айтамыз?

-Сөздік жұмыс: Орман-Лес.

-Көктем -Весна

-Қайталап айтайықшы.

Тосын сый: (Орманшы ).

-Орманшы:

-Сәлеметсіңдер ме балалар, мені танисыңдар ма?

-Мен орманшы ағаймын. Мен ормандағы аңдарды бақылаймын және құстарға ұя жасап, тамақ беремін, ал егер олар жарақаттанып қалса алғашқы көмек жасаймын.

-Балалар қараңдаршы, мен көктем мезгілінің суретін салдым. Бірақ сендер аяқтауға көмектесіңдерші.

1-тапсырма: «Суретті жалғастыр».

Көктемде күн жылынады, жаңбыр жауады, құстар жылы жақтан ұшып келеді



Тәрбиеші:

-Балалар, қазір мен сендерге әдемі табиғаттың ішінде, және орманшы ағайға арнап Қасым Аманжоловтың «Көктемде» деген өлеңін оқып берейін.

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде

Қуанып біз қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Енді барлығымыз бірге осы өлеңді жоғары дауыста өлеңді оқимыз.



-Балалар, жан-жануарлар қорқып кетуі мүмкін ортаңғы дауыста айтайық.

-Ал енді балалар,осы өлеңді төмен дауыста қайталайық.

Сұрақ-жауап.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Оқылған өлең сендерге ұнады ма?





Сергіту сәті:

Орманшы:

-Балалар, мен қазір сендермен аялы алақан ойынын ойнаймыз.

Қазір мен сендерге шартын түсіндіремін.Менің қолымда аялы алақан бар. Осы қиылған алақан суретіне жәндіктердің, құстардың, аңдардың суретін өздерің таңдап, жапсырамыз.

Міне, балалар мынау біздің алақанымыз. Бүкіл табиғат біздің қолымызда,сондықтан біз табиғатты не істеуіміз керек? Табиғатты қорғауымыз,аялауымыз керек. Орманшы балаларға риза болып, мақтайды.Балалар орманшы ағаймен қоштасады.

Балалар бір қатарға тұрып орманға саяхатқа барады.

Балалар мұқият тыңдайды. Ережелерді айтуға тырысады.

Дауыстап өлең айтуға болмайды.Бұтақтар сындырмайды.

Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)



</<br>



Балалар қайталайды.

Орман-Лес.

-Көктем -Весна



Балалар тосын сыйға таңданып қарайды.

Балалар Орманшы ағай мен амандасады.









Орманшының тапсырмаларын орындауға тырысады.

Балалар көктем мезгілінің белгілерін алып тақтадағы суретке жабыстырады.

Сурет бойынша әңгіме

Құрастыру.



Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)

-Тәрбиеші оқып береді, балалар мұқият тыңдайды.







Балалар тәрбиешімен бірге жоғары дауыста оқиды.

Өлеңді ортаңғы дауыста оқиды.















Төменгі дауыста қайталайды.











Сұраққа балалар толық жауап беруге тырысады.













(Музыка әуеніне байланысты қимылдар келтіру).



Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)

Балалар қиылған алақан суретіне өздері таңдап жапсырады,сурет бойынша әңгімелейді, мысалы:менде араның суреті, ара ұшады, ол жәндік, гүлдерге қонады, сөйтіп әр бала өз суреті бойынша айтып шығады.

Презентация көркем әдебиет на тему Көрікті көктем (2 младшая группа)



-Балалар ағаймен қоштасып, топқа қайтады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар біз қайда саяхат жасадық?

-Орманшы ағаймен қандай ойындар ойнадық?

-Біз табиғаттың ішінде қандай өлең жаттадық?

-Есімізге түсіріп көрейікші.

-Кім айтып береді?



Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Көктем мезгілі, көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы;

Болу керек: Тілдік, сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері, құстар, жәндіктер туралы мағлумат.

Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, заттарды сипаттауды. Көктем туралы тақпақтар айтады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал