7


  • Учителю
  • Алқаптағы гүлдер тақырыбындағы психологиялық сабақ

Алқаптағы гүлдер тақырыбындағы психологиялық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Ойын терапиясы



Сабақтың тақырыбы: «Алқаптағы гүлдер»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі:. Балаларға алқапта өскен гүлдер туралы мағлұмат беру.

  2. Коррекциялығы: балаланың психикалық процесстерін дамыту: зейін, ес, ойлауын, қиялдарын дамыту. Сөздік қорын молайту.

  3. Тәрбиелігі: жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

  4. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

  5. Көрнекіліктер: гүлдердің суреттері.

  6. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

Жылулық шеңбері

Ағаш, бұта, жасыл шөп

Жайқалып өскен гүлдер көп,

Рахмет саған қайырымды жер.

Жапырақты жұлмаймыз,

Бұтақты сындырмаймыз,

Су құямыз, қараймыз,

Аялаймыз, қорғаймыз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

* қыс мезгілінде гүлдерді қайда өсіреміз?

* гүлдердің қандай пайдасы бар?

* гүлдерді қалай күтіп баптаймыз?

* жаз мезгілінде гүлдер қайда өседі?

ІІІ. Жаңа сабақ Гүлдермен таныстыру

Балалар мынау ненің суреті?

Гүл қайда өседі?

Гүлдің түсі қандай?

Гүл қандай екен?

Осындай әдемі, нәзік гүл сендерге ұнайма?

«Сиқырға айналу»

Мына менің қолымдағы сиқырлы таяқша. Бұл таяқша арқылы біз сиқырланып, алқаптағы әдемі гүлге айналамыз.

  • Дәндер тамырлады (балалар жүрелей отырады)

  • Олар өсті, бой көтерді (бастарын, қолдарын көтереді).

  • Бұратылып күнге мойнын созды (бойларын тік ұстап, қолдарын жан-жаққа созады)

  • Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады (Басын сәл артқа шалқайтып күнге қарайды).

  • Гүл ашылады. (Көздерін ашып, әдемі гүлге қарап, күлімдейді).

  • Самал жел соқты (балалар тербеледі)

Сергіту сәті

Отырамыз жүрелеп,

Гүл тереміз бір-бірлеп.

Сол бір гүлді иіскелеп,

Бір тынығып алайық.

ІV.Бекіту Реалаксация

Балалар ән әуезімен бір-бір гүлді алып, иіскеп терең демалып тынығады.Біз керемет гүлді алқапта дем алып жатырмыз. Жан-жағымыз толған түрлі-түсті гүлдер. Самал желдің лебімен гүлдің хош иісі мұрнымызға келіп демімізді тереңдете түседі

Енді орнымыздан тұрып, бір-бірімізге әдемі тілекпен қолымыздағы гүлдерді сыйлаймыз.

- сізге бақыт тілеймін.

- осы гүлдей әдемілікті, нәзіктікті тілеймін.

- аспанымыз ашық болсын т.б

V.Қорытынды Біз не білдік?

  • Гүл әдемі нәзік.

  • Гүлдің әдемі иісі бар.

  • Гүлді жақсы тілекпен достарға сыйлаймыз.

  • Гүл тамыр арқылы жерден нәр алады.

  • Гүлді босқа жұлуға, сындыруға болмайды.

VІ. Бағалау

Балаларды жеке-жеке мадақтау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал