7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие 21 ғасыр көшбасшысы

Внеклассное мероприятие 21 ғасыр көшбасшысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

21 - ғасырдың көшбасшысы

(Қазақ тілі пәніне арналған сыныптан тыс сабағы).

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін тексеру, бір - бірімен сайыса отырып, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын дамыту, ойлау қабілетін дамыту. Қазақстанның тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрін білуге тәрбиелеу, білімділікке, бір - бірін сыйлауға, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: плакаттар, қанатты сөздер жазылған плакаттар, сыныпты безендіру.

  1. «Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі».

Ж.Баласағұни.

2. «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ».

Мәшһүр Жүсіп.

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, біздің сайыс сабағына келген аяулы ұстаздар!

-Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім - деп еліміздің кемеңгер ақындары жырлағандай, біз қазір осы қасиетті ана тіліміз - қазақ тіліне арналған интелектуалды ойын сабағын өткіземіз.

Сабақтың басты мақсаттары: қазақ тілінің мәртебесін биіктету, оқушының қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, Қазақстанның тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрін қастерлеуге, құрметтеуге, үйренуге, білуге тәрбиелеу, ой - өрісін дамыту.

Ал енді сайысты бастаймыз. Алдымен сайысқа қатысатын оқушылармен танысайық: Авдеева Наталья, Данькова Юлия, Майленова Айда, Ахметов Диас, Яшина Людмила.

Әділқазылар алқасы: 1. Көпеева Ж.К. - аудандық білім бөлімінің әдіскері, 2.Жиренбаев Р.Ж. - Қарасу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 3. Казиева К.С. - Қараман орта мектебінің неміс тілі пәнінің мұғалімі.

Бірінші сайыс. «Мыңның түрін білгенше, бірдің есімін біл» деп халық айтқандай, сайыс «Танысу» деп аталады.

  1. Армысың, өнер сүйген халқым менің,

Алдымен амандасу салтым менің.

Бір қызың Айда атты мен боламын,

Туғын ұстар шамшырағын білімнің.

  1. Өзімді таныстырып өтейін мен,

Авдеева Наталья боламын мен.

Келдік біз міне бүгін сыналуға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Саламыз бар өнерді осы ортаға,

Береді әділқазы әділ баға.

  1. Армысыңдар аяулы ұстаздарым,

Бұл сайыста сыналар менің бағым,

Өздеріңнен тұтанған біз бір жалын,

Сұрасаңыз Ахметов Диас менің аты - жөнім.

  1. Жайнаған қызғалдақтай қыр гүлімін,

Өз атым Людмила, Владимир әкем аты.

Созбалап айта беріп, не етпекпін,

Орыстың еркін өскен бір қызымын.

  1. Келіппін он алтыға, жылым қоян,

Құбылтып неше түрлі би бейлеймін.

Кенжесі Валераның мен боламын,

Есімім білгің келсе Юлия деген.

Құтты болсын ағайын келе жатқан наурыздарың,

Ырысың, ынтымағың, Ұлы күнің!

Екінші сайыс «Бәйге». Сұрақтарға тез жауап беру.

  1. Түбір деген сөздің аудармасы.

  2. Зат есімнің сұрағы.

  3. Аптада неше күн бар?

  4. Әкеңнің апасы саған кім болады?

  5. Аптаның бірінші күні қалай аталады?

  6. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

  7. Абайдың қара сөзінің саны нешеу?

  8. Наурыз мерекесінің басты дәмә не?

  9. Қабанбай, Бөгенбай кімдер?

  10. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата?

  11. Қазақ тіліне тән әріптер нешеу?

  12. Наурыз тойы қашан өтеді?

  13. Мемлекеттік тудың авторы кім?

  14. Антоним сөздер деген не?

  15. Абылайдың бас жырауы кім?

Үшінші сайыс «Полиглот» немесе «Тіл - өнер».

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» - дегендей, үшінші сайыс «Тіл - өнер» деп аталады. Сөзді үш тілде қазақ, орыс, неміс тілдерінде айтасыңдар.

Сұрақтар:

  1. Түсі аппақ қардан да,

Жесең тәтті балдан да. (Қант)

  1. Отан - оттан да ... (ыстық)

  2. Кітап - жақсы ... (дос)

  3. Өзінше Ноян, қорқақ кім? (қоян)

  4. Жерді немен қазады? (күрек)

  5. Ер қанаты ... (ат)

  6. Мұртын сипап күн бойы, бетін сусыз жуады,

Тысырды аңдып түн бойы.

Тышқандарды қуады (мысық).

  1. Ұрмай - соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады. (пияз)

  1. Жалқаулық жаман ...(ауру)

  2. Аз сөз - алтын, көп сөз ... (көмір)

  3. Мына табиғат құбылыстары қай мезгілге тән? Жапырақ сарғаяды, жемістер піседі, құстар жылы жаққа кетеді. (Күз)

Музыкалық үзіліс: Кезекті әнге берейін. 9 - сынып оқушысы Токишева Жанардың орындауында «Анашым» әнін қабыл алындар.

Төртінші сайыс «Көкпар». Бұл сайыста әрбір ойыншы өзіне ұнаған сұрақты таңдайды. Егер жауап бере алмаса басқа ойыншы жауап алады.

1 - сұрақ. География пәні бойынша.

Арал теңізінде орналасқан қорық.

А. Үстірт Ә. Барсакелмес Б. Марқакөл В. Ақсу - Жабағалы

2 - сұрақ. Биология пәнінен

Емен ағашы неше жыл өмір сүреді?

А. 100 Ә. 500 Б. 1000 В. 10

3 - сұрақ. Химия пәні бойынша.

Судың формуласын тап:

А. НО Ә. Н2О2 Б. Н2О В. НО2

4 - сұрақ. Математика пәні бойынша.

Жиырма бесті беске бөлгенде неше болады?

А. 20 Ә. 15 Б. 5 В. 14

5 - сұрақ. Қазақ тілі пәнінен.

Шөлді - құмды синонимдері қандай мағына береді?

А. Полупустыня Ә. Пустыня

Б. Песок В. Безводный

6 - сұрақ. Қазақ әдебиеті бойынша.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?

А. І.Жансүгіров Ә. Ы.Алтынсарин

Б. Ж.Жабаев В. М.Жұмабаев

7 - сұрақ. Қазақстан тарихы пәні бойынша.

Абылайдың шын аты кім?

А. Әбілмәмбет Ә. Әбілмансұр

Б. Сабалақ В. Уәли

8 - сұрақ. Орыс тілі пәні бойынша.

Мына өлеңнің авторы кім?

Черемуха душистая,

С весною расцвела.

И ветки золотистые,

Что кудри, завила.

А. С.А.Есенин Ә. А.С.Пушкин

Б. И.А.Бунин В. В.В.Маяковский

9 - сұрақ. Тарих пәні бойынша.

Тың жерді игеру қашан басталды?

А. 1950ж. Ә. 1955ж. Б. 1960ж. В. 1954ж.

Құрметті ойынға қатысушылар! Енді жинаған ұпай саны бойынша ең төменгі ұпай жинаған ойынға қатысушымен қош айтысамыз. Сөзді әділқазылар алқасына береміз. Келесі сайысқа 2 ойыншы қатысады.

Соңғы сайысымыз «Жорға» деп аталады. Бұл сайыста ойыншы 30 секунд ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс.

Бірінші ойыншыға берілетін сұрақтар:

  1. Жетісуды жоңғарлардан босатқан батыр.

  2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

  3. Қазақстан Мемлекеттік Туының түсі қандай?

  4. Белгілі қазақ хандарй кімдер?

  5. Төрт түлік малды ата.

  6. А.Яссауидің кесенесі қай қалада?

  7. Ұннан жасалатын ұлттық тағамдар.

  8. Белгілі ақын, сазгер, философ, аудармашы, жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

  9. Ядролық полигон қай қалада болды?

  10. Қазір жылдың қай жыл мезгілі?

Екінші ойыншыға берілетін сұрақтар.

  1. Қазір қай ай?

  2. Жексенбі аптаның нешінші күні?

  3. Сен кімсің?

  4. Қазақстанда тіл туралы заң қашан шықты?

  5. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

  6. Қазақстанда неше облыс орталығы бар?

  7. Сүттен жасалатын ұлттық тағамдар?

  8. Абай жолы роман - эпопеяның авторы кім?

  9. Қазақ тілінде неше септік бар?

  10. Қ.Сағырбайұлы кім?

Құрметті ойынға қатысушы оқушылар! «21 ғасырдың көшбасшысы» атты интелектуалды ойнымыз аяқталды. Сөзді әділқазылар алқасына береміз. Сонымен қазақ тіліне арналған «21 ғасырдың көшбасшысы» интелектуалдық ойынның жеңімпазы 9 - сынып оқушысы Яшина Людмила. Жарайсың! Біз сені құттықтаймыз.































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал