7


  • Учителю
  • Конспект воспитательного часа Наурызым -жаңа күнім

Конспект воспитательного часа Наурызым -жаңа күнім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Наурызым - жаңа күнім.

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

1 - жүргізуші:

- Армысыздар, ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз - «Жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулық-тарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

2 - жүргізуші:

Наурыз - көктем мерекесі.

Наурыз - жыл басы.

Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.

1 - жүргізуші:

Наурыз - қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

2 - жүргізуші:

Наурыз - шаруаның мерекесі.

Наурыз - еңбек мерекесі.

1 - жүргізуші:

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

2 - жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Би: Қыздар тобы

1 - жүргізуші: Қадірлі жиналған қауім, ата - бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жердегі көкке жан бітіп, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер - Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр - күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.

2 - жүргізуші: Жаңа жылды, Наурыздың 22 - сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса,«Нұр жауды», «Туар жыл нұрлы болады», «Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

1 - жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні «көлденеңнен шөпке жан бітіп» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр. Тілімізде осы күнге қатысты - «Жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы - жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт (өсімдік) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.

2 - жүргізуші: Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.

1 - жүргізуші: Иә, иә, менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал - мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде - кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі. Ал Қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

2 - жүргізуші: «Береке басынан басталады» демекші, «Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 - Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.

1 - жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз - жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн. Ұлы күні Ұлыстың, Келді Наурыз - жыл басы!

Ән: « Наурыз - думан »

2 - жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын Ұлы күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

1 - жүргізуші:

Наурызда, ауыл аралап көрісу Қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 Наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған. 22 - Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.

2 - жүргізуші: Ұлыс күні кәрі - жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып көріскен. Аталар бата беріскен, «Сақтай гөр» деп терістен. « Кел, таза бақ, кел» десіп, Кел тілек бер десіп ....

Би: Үнді биі

1 - жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен,Жер Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жанесен:

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Нұрлы:

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр - аңыз.

Әлішер:

Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.

Нұрсен:

Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

Ерасыл:

Наурыз - достық, Наурыз - күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Жансұлтан:

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр - аңыз.

Қызық думан - мереке,

Қызық думан құрамыз.

2- жүргізуші:

Жаңғырар дәстүр - салтымның

Көзелсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз - жыл бас!

Ән «Дастархан»

Айсұлу:

Наурызды халқымыз,

Жыл басы деп санайды,

Көнермеген салтымыз

Көп елдерге тарайды.

Мақсат:

Ата баба тойлаған,

Наурызым армысың.

Қызыққа еш тоймаған.

Дархан дала, қарлы шың.

Аружан:

Наурыз айы - бақыт басы, жыл басы.

Наурыз тойы - ата - дәстүр жалғасы

Ұлыс күні ұлы тойға кенелсің.

Қасиетті қазағымның ордасы.

Ойын «Ханталапай»

Ән: Ата дәстүрлері.

2 - жүргізуші:

Ауыл көрінісі. Екі жеке тігілген үй. Бірі - күйеу жігіттің үйі, екіншісі -қалыңдықтың үйі. Келісіліп қойылған құдалар қызды ұзатып өз үйіне алып кетуге келеді. Ұзатылатын қызды үйден алып шығады. Екі жеңгесі қыздың жолы ақ болсын деп ақ матаны қыздың жүретін жолына төсейді. Қыздың жүретін жолында туыстары, онымен қоштасады. Осы кезде сахна артынан әкесінің «Қызыма» атты өлеңі айтылып тұрады. Қыз жылап, «Сыңсу» өлеңін айтады.

Базардан келген құйысқан

Тарамай шашым ұйысқан.

Келіп кетіп жүріңдер,

Сағындырмай туысқан.

Туған ел-жұртым аман бол!

Ағайын, жекжат сау бол!

Ақсақал кісі қызға жолың болсын,бақытты бол деп бата береді.

Құдайым сені қолдасын, еш жамандық болмасын.

тілдінің тілінен сақтасын, көздінің көзінен сақтасын.

Жолың ақ болсын. Барған жерде бақытты бол, шырағым!

Судай сіңіп, тастай батып кет!

Қыздың жеңгесі сөзі:

Қарағым,бізден кетіп барасың,

Жат жұртқа келін боласың,

Барған жеріңде, бақытты бол, еркем!

Қыздың жеңгесі, осыларды айтып, күйеу жігітке тапсырады. Күйеу жігіттің жеңгелері, қызды қабылдап алып, сөйлейді:

Бізге келген қадамың, құтты болсын, шырағым,

Өсіп -өніп, ата-енеңе сыйлы бол.

Келін емес, қыздай болып, Сіңіп кет,ортамызға!

Күйеу жігітке тапсырып бірге, екеуі ауылына қарай төселген ақ жолмен ақырын жүреді.

Келіннің келе жатқанын ауылға хабарлап «Сүйінші, сүйінші» деп бір бала жүгіріп келеді. Үлкен киіз үйде отырған әжелер мен апалар келіннің алдынан шығып, шашу шашып күтіп алады. Отқа май құйып, келінді ішке кіргізеді.

Осы кезде қуанышқа ән айтылады «Отырардағы той» әні -

Әжей: Қане, шырағым, келіндер, келінді беташарға алып шығыңдар.

Екі жеңгесі келінді алып шығып,ортаға тұрады. Қалың көпшілік киіз үйден шығып, келінді ортаға алып тұрады.

Беташарды айтатын ер кісі:

Келін келді көріңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Анау-мынау демеңіз,

Түсін айтып қойыңыз,-

Құлағың сал көпшілік,

Домбыраны қолға алып.

Тереңінен жүректің,

Тебірене толғанып.

Беташарға қам жасап,

Әсем жырды толғалық,

Қадам басты екі жас

Ақ тілекті жолға анық.

Атасы мен анасы,

Айналады толғанып.

Той тамаша басталды:

Куә соған бол, халық!

Шын көңілден қуанып,

Шаттанғанға не жетсін,

Ақ көңілден лебізді,

Ақтарғанға не жетсін.

Сыйластығын көңілдің.

(Келіннің бетін ашып, жұрттың алдында біраз тұрады.) Ауыл балалары шуылдап қуанып, сол жерде ұлттық би «Қара жорғаны» билейді. Адамдарды биге шақырады.

Келінді үйге кіргізерден алдында, ақсақал жас келінге бата береді:/Арсен/

Әуелі құдай оңдасын,

Періштелер болсын жолдасың

Ақ батамыз пәк болсын!

Ақ ордаңа бақ қонсын!

Жас отауың басқа толсын!

Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын!

Тілдінің тілінен сақтасын

Көздінің көзінен сақтасын

Кезенгеннің кезінен сақтасын

Өсек, аяң күндеуден

Пәле - жаланың бәрінен

Бір Аллаһ сізді сақтасын.

Әумин, Аллаһу әкбар!

Келінді үйге кіргізеді. Тойға шашу ретінде «Гүлдерайым» әні.

1 - жүргізуші:

Бүгін осы тойға алыстан қонақтар келіп отыр. Олар ат шабылтып, сонау Ресейден,Өзбекстаннан келіп отыр. Сол достарымыздың тойға тарту үшін алып келген, әні мен билерін тамашалайық. (әр ұлттың биі)

Ән: «Қазақ осы»

Қорытындылау.

1-жүргізуші

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайынан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын Ұлы күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

1-жүргізшуі:

Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатынына сенеміз.

2- жүргізуші:

Наурыз мерекесі әрқайсыңызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үміт пен шексіз махаббат әкелсін! Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

1 - жүргізуші:

Бұл жыл баршаңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын!

2 - жүргізуші:

Осымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурызым - жаңа күнім» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау - саламатта болыңыздар!

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал