- Учителю
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл!»тәрбие сабағы
«Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл!»тәрбие сабағы
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы
«П. Дутов атындағы орта мектеп МДШО» КММ
Технология пәнінің мұғалімі
Кенжебекова Бахтыгуль Калибайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл!»
Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды өз елінің патриоты болуына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мемлекеттік Рәміздер, буклеттер, нақыл сөздер.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты
Жүргізуші:Туған халқымыз тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр.Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991 жылғы16-желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Бұл күн-Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды.
Әнұранды орындалады.
Жүргізуші:Ал енді құрметті оқушылар тәуелсіздік тарихына қалай қол жеткіздік, соған шолу жасап өтсек.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Оқушы:Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Жүргізуші:Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Жүргізуші:1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
Жүргізуші:1992 жылы 4 -маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті - алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
Жүргізуші:1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
Оқушы:1995 жылы ақыл - ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996-жылы 9-желтоқсанда Президент жарлығымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбекке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша, ерекшелік белгісімен- «Алтын жұлдыз» тапсырылды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
Жүргізуші:1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді
Оқушы:1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
Жүргізуші:2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
Оқушы:2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды
Жүргізуші:2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және о2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
Оқушы:2011 жылдың басты оқиғасы - бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Сайлаудың кезекті тыс өтуіне себеп болған - ҚР Парламентінің референдум ұйымдастырып, сол арқылы Президенттік уақытт одан әрі ұзарту туралы ұсынысы. Президент Н.Назарбаев бұл ұсыныстан бас тартып, сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан ның аты «Бірлік» болып аталды.
2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл - замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» - деп атап өтті.
Жүргізуші: 2015 жылы қазақ хандығының550 жылдығы аталып өтті.
</ 2017 жылы « ЭКСПО -2017 » көрмесі өтеді Астана қаласында . Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, әр қашан заманымыз тыныш болсын деп тілейік.