7


  • Учителю
  • Ғылыми жоба «Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре» Әбіш Кекілбаевтың «Автомобиль» повесіндегі тарихи тұлға .

Ғылыми жоба «Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре» Әбіш Кекілбаевтың «Автомобиль» повесіндегі тарихи тұлға .

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе қаласы

ҚР Кіші Ғылым Академиясы

38-ші аймақтық Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты







Тақырыбы: «Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре»

Әбіш Кекілбаевтың «Автомобиль» повесіндегі тарихи тұлға .









Орындаған: Амангелдина Ару Айдарқызы

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының

10 сынып оқушысы







Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы

бар саяхат маршруттары





Секциясы: Әдебиет





Жетекшісі: Нұргүл Исагалиева,

Ән-саз пәні мұғалімі, педагог ұйымдастырушы.





Ғылыми кеңесшісі: Әділет Қабылов,

филология ғылымдарының кандидаты





Ақтау қаласы

2012 жыл

МАЗМҰНЫ







Аннотация................................................................................................3

Рецензия...................................................................................................6

Кіріспе .....................................................................................................7

Негізгі бөлім

  1. Ондының оңтүстігі.............................................................................9

  2. Ықылас қарызын артығымен өтей алған

шығарма-«Автомобиль» повесі.................................................10

  1. Қобылан Зоранов...................................................................... .21

Қорытынды ……………………………………………………............22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………....23



















































Аннотация



Әр шығармасын жүрегінің қанымен жазып, елінің абызы биігіне көтерілген ғұлама, бүгінгі қазақ әдебиетінің құзар шың қаламгері Әбіш Кекілбаев - Хан тәңірі сынды.

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы баяндалатын оқиғалардың көбі "Бір жағы ылғидың ала шөлі айна тақыр Үстіртті, бір жағы жықпыл-жықпыл жымысқы құмды жайлаған малшы ауыл" Ондының құбыла бетінде Қаратаудың оңтүстігінде өткен. Сол Онды ауылында болған тарихи әңгіменің бірін «Автомобиль» деп атапты. Достық қарызын өтеу мақсатында жазылған бұл повесть Әбіш Кекілбаевтың жерлесі, досы Қобылан Зорановтың өміріне арналған әңгіме еді.

Зерттеудің мақсаты:

Маңғыстау облысының, Онды ауылында бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өңірге бірінші боп бет бұрғандардың бірі, құландар жортқан құба түзге талай-талай алғашқы соқпақты салған «Автомобиль» повесіндегі Жақанның прототипі Қобылан Зорановтың өмірбаянымен танысу.

Осы мақсатқа сай мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

  • Ә.Кекілбаевтың еңбектеріне шолу жасау;

  • Қоблан Зорановтың ел игілігі үшін сіңірген еңбегіне зертеу жұмысын жүргізу.

  • Қ.Зоранов туралы замандастарының пікірлерін пайымдау;

  • Тарихи тұлғаның елге сіңірген еңбектеріне баға беріп, ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Ірі драманы сәтті шешкен «Автомобиль» повесінің шешімі ұтымды. Әлі жаны романтикаға толы, албырт Жақанның қатал шындықпен бетпе-бет кездесу психологиясы, іс-әрекеті нанымды. Бозбала рационалистік психологиясымен ұшырасқанда жүнжіп кетпей, тағдырына тиген ауыр соққыны дүниеге көзқарасын қалыптастыру жолындағы белгілі бір кезең ретінде дұрыс түсінеді. Жазушы Жақанның қалған өмірін башайлап зерттеп жатпаса да, оның енді қай жолмен тағдырының автомобилін айдайтыны анық екенін кеңінен суреттеген.

Зерттеу жұмысының материалдары мен деректері. Зерттеуге кейіпкер Қоблан Зорановтың жасаған еңбектері туралы жарияланған мақалалар, отбасымен түскен суреттері.

3

Аннотация

Написавший каждое своё произведение кровью своего сердца и ставший великим классиком нашей казахской литературы знаминитый Абиш Кекилбаев-как пик Хан Тенгри среди высоких гор.

В его произведениях повествуются событиях на безводных Устюрта или в скотоводческих аулах среди барханов,на юге аула Онды в местностиях Каратау.В рассказе "Автомобиль" повествуются исторические события происходивше в ауле Онды.Этот рассказ был посвящен земляку и другу писателя Коблану Зоранову.

Цель исследована: Ознакомится с жизненной биографией прототипа Жакана главного героя рассказа Коблана Зоранова, который первым из земляков бораздил на диковинном железном коне, автомобиле по бездорожьем Устюрта и ставшем героем того времени.

Для этой цели требуются решить следующие задачи:

  • Обзор по трудам Абиша Кекилбаева.

  • Исследовать труды Коблана Зоранова.

  • Интервью с ровесникоми современниками Коблана Зоранова.

  • Оценить труд исторического героя и предложения по нему.

Научные новости исследования.Повесть "Автомобиль" Абиша Кекилбаева была написано очень удачно. Всей душой полон романтикой,молодой Жакан встречается суровой жизненной правдой и вся его психология, все действия показаны в повести очень правдиво.Он не поддается слабости как неопытный юноша, а стойко переносит тяготи лишения того времени. Писатель указывает путь в жизни героя Жакана на своем автомобилем мы понимаем что, он на верном пути.

4

Preface.

Each wrote his work with blood of his heart and became a great classic of Kazakh literature of our famous Abish Kekilbaev-like peak of Khan Tengri in the high mountains.

In his writings on the events narrated Ustyurt anhydrous or in pastoral villages among the dunes in the south village Ondy in the areas of Karatau. In the story "Car" tells the story of historical events that happened in the village Ondy. This story was dedicated to fellow countryman and friend of the writer Koblanu Zoranovu.

Research objective: To introduce with a biography of Jahan prototype of the main hero story Koblan Zoranova, who was the first fellow at the outlandish borazdil in Iron Horse.

For this purpose, required to solve the following problems:

  • A survey of the works of Abish Kekilbaeva.

  • The researcher works Hoblana Zoranova for blogostoyanie people.

  • Interview with rovesnikomi contemporaries Koblan Zoranova.

Rate-historical work of the hero and his proposals for scientific research news. The story "Car" Abish Kekilbaeva was written very well. With all my heart is full of romance, a young Jahan found true life and his whole psychology, all the action shown in the story is true. It can't be weak as an inexperienced youth, and to endure hardships and privations of the time.

Materials and data of the research work. For research were taken from Koblan Zoranova's published materials in the press and photos of his family.





5

Амангелдина Арудың «Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре» Әбіш Кекілбаевтың «Автомобиль» повесіндегі тарихи тұлға тақырыбындағы ғылыми жобасы туралы

РЕЦЕНЗИЯ

Талапкер А.Амангелдинаның ғылыми жұмысының тақырыбына бұрын арнайы зерттеу нысанына алынбаған жергілікті кейіпкер Қоблан Зоранов туралы Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы таңдалған. Қ.Зорановтың есімі жұртшылыққа кеңінен танымал болмағанмен, кезінде өлкеміздегі өнеркәсіптің дамуына елеулі үлес қосқаны белгілі. Сондықтан, мұндай тұлғалардың еңбектерін жинақтап, жариялау, оларды әдеби тұрғыдан бағалап, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру - өзекті болып табылады.

Ғылыми жоба үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде Маңғыстау ауданына қарасты Онды аулының тарихы , сол жерде болған оқиғалар туралы шолу жасалған.

Бірінші тарауда қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады.

Үш тараудың мазмұны мен құрылымы өзіндік ішкі үйлесіммен сабақтасып отырады. Жоба авторы Ә.Кекілбаевтың еңбектерімен толық танысып, олардың сипатын саралай білген, салыстырулар арқылы өзіндік ой қорытқан.

Жұмыстың тілі жатық, баяндауы анық, жүйелі баяндалған. Әлі де жетілдіретін тұстары болғанмен, жалпы алғанда, талапкердің ғылыми жұмысқа икемі бар, жазуға төселгені көрініп тұр. Кейбір өзіндік деректерді келтіріп, олар туралы өзінше ой-тұжырымдарымен дәйектеуге талпынады. Болашақта осы жұмыстарын жалғастыра береді ғой деп сенеміз.

Сондықтан, А.Амангелдинаның ғылыми жұмысын жоғары бағалауға болады деп есептейміз.





Жетекшісі: Н.У.Исагалиева



Ғылыми жетекшісі:

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты Ә.Д.Қабылов







6

І. Кіріспе. Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре.

Әбіш Кекілбаев- әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Ол 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

Әр шығармасын жүрегінің қанымен жазып, елінің абызы биігіне көтерілген ғұлама, бүгінгі қазақ әдебиетінің құзар шың қаламгері Әбіш Кекілбаев - Хан тәңірі сынды. Ұлы Абайының Қарқара, Мұхтарының кестелі сөздің мұзарты Ғабитінің мақтауын жеткізіп болған қазақ, қазақ әдебиеті енді солар арқылы мақтанып жатса, сол биік деңгейді аласартып алмау жолында аянбай күрес салып келе жатқан жанқияр жалғастықты күйттейтін күштер арасынан алдымен Әбішін атайды. Атайтыны - солардан қалған ұлы өнегені айнымай әспеттеп жүрген адал шәкірт, абзал мұрагер де - Әбіш. Бітім болмысы өзге қаламгерге ұқсамаған, бәдені бөлек,бәсіресіне бәс жок, бірегей тұлға.

Әбіштің қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Оның кейіпкері Еңсеп - тек еңбек адамы ғана емес, өнер адамы. Абыл шерткен керемет күйлерді және тарихымыздың аса қиын кездерін суреттейтін шығармасы - халық тағдырын жан-жақты бейнелейтін туынды. Қазақтың атбегілеріне арнаған шығармасы қандай болса, «Автомобиль» де сәйгүлікке мінгендей делебеңді қоздырады. Өндіріс пен геология тақырыбына жазған шығармаларында да - «Ұйқыдағы арудың оянуы», т.б. - халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш - барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,1978 жылы «Автомобиль» повесі,

7

1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер»

(1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған.

Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Әбіш Кекілбаев қазақ шежіресі мен аңыздарын аса мұқияттылықпен пайдаланып, халық игілігіне жарату керектігін нақты дәлелдермен көрсетті.

















8

ІІ.Негізгі бөлім. Ондының оңтүстігі.

Әбіш Кекілбаевтың тұңғыш баспа жүзін көрген еңбегі - газетте жарияланған "Екпінді" егін екпей ме?" атты шағын мақаласы. Бұл тырнақ алдысын ол оқушы күнінде жазған еді. Ол уақытта оқушының газетке мақала және кесек, сүбелі тақырыпты сөз етуі өте сирек құбылыс. Бұл тіпті Маңғыстау тарихында тұңғыш рет болған жай. Былайғы ел таңқы құдықтың өзіне таласып жатқанда "Екпіндінің" таудың бұлағын текке ағызып қоя беріп, қол қусырып қарап отыруы, оның газет арқылы бүкіл ауданға жария етілуі колхоз басшыларына жайлы тимеген болуы керек. Ол уақыттың қатаң тәртіптері бойынша шұғыл колхоз басқармасы шақырылып мақаланы талқылаған. Оған "кемшілікті дөп басып дер кезінде көрсеткен бала тілші Әбіш Кекілбаев" та қатыстырылады.

Сыртқа сыр бермегенімен, бір қатарының "тілші немені" суқандары сүймегені де көрініп тұрды. Бірақ кешегі Кекілбай марқұмды, тіпті Қоқым ақсақалды да көре қалған басқарма мүшелерінің салиқалы егде жағы қаршадай қара баланың осы бір патриоттық талпынысына қатты риза болысқан. Сан-сапалақ шаруасы түскір киіп кетіп, егісті екінші

кезекке қалдырып алғандарын мойындасқан. Мойындағанда жай емеурін ұшы емес, ішінде "Әй, Әбішжан, жарайсың" бар ағынан жарылған құлшынысты мойындау да бар болатын. Ол бір ел тізгінін жөн-жобаны білетін, жаманды-жақсыны көріп ысылған азаматтардың ұстай бастаған жылдары еді. Маңғыстау бұрынғы Шевченко ауданынан бөлініп өз алдына дербес аудан болып шыққанда, колхоздың саны 29 болатын. Колхоз деген қомпиған аты дардай болғанмен, өңкей бір сіңірі шығып тұралаған, өлмешінің күйін кешкен жұпыны шаруашылықтар.Колхоз орталығы орналасқан Онды о бастан құдайы қарасқан жер. Сай-саласы сарқыраған

бұлақ. Бұлақ аяғы ит мұрны өткісіз дерлік қалың ши. Сол бұлақтар күнкөрістің көзі болып бұл маңайдың елі әуелден жер шұқып диқаншылықпен айналысқан. Әбіштің алғаш реет 1977 жылы "Мәдениет

9

және тұрмыс" журналында, кейін "Құс қанатында", "Таңдамалыда"

жарияланған "Есболай", 1978 жылы «Жұлдыз» журналына тұңғыш рет жарияланған «Автомобиль» повесін оқығанда, көз алдыңа сол Онды алқабы есіңе түседі. Айна-қатесі жоқ Онды. Онды екенін диқан Есболай қарттың таусыла тұрып "Енді тойындыңдар... Қияндыға енді егін не керек, су неге

керек, жан-жақтан келген тамақты жалмап, жұта беретін кер ауыз, кең құрсақ болса жетпей ме!" деп шыбын жаны шырқырай таусылғандағы Қияндысы осы - Онды!

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы баяндалатын оқиғалардың көбі "Бір жағы ылғидың ала шөлі айна тақыр Үстіртті, бір жағы жықпыл-жықпыл жымысқы құмды жайлаған малшы ауыл" Ондының құбыла бетінде Қаратаудың оңтүстігінде өткен.

2. Ықылас қарызын артығымен өтей алған шығарма-«Автомобиль» повесі.

Өмір - ағыс. Және анау-мынау ағыс емес, ағыл-тегіл тасқын. Соның екпіні тағы бір қыраң асырып тастады. Күні кешегі Бәйгеторы мінген қазақтың тақымы енді жаңа тұлпарға тиді. Оның аты - "Автомобиль". Жаңалық атаулы қырға жатырқай келуші еді. Бір қызықта техниканың далаға аяқ басқан алғашқы қарлығашы автомашинаның жолы олай болған жоқ. Баяғы жалғыз аяқ керуен сорабына ілкі әзірде ұзыны сыйса да, ені сыймай кібіртіктегенмен, жүре бара адымы ашылды да кетті.

- Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің. Құландар жортқан құба түзге талай-талай соқпақты өзің салдың, - дейді автор бұл шығармасының марқұм досы Қобылан Зорановқа арнау сөзінде.

Қобылан Зоранов - Әбіштің ауылдасы, екі жас үлкендігі бар жеделдес ағасы. Ауылда алғаш машина руліне отырған жастардың бірі еді ол.

Ақыры, сондай сапарынан орала алмай қалды... "Ақтүтек боранда бала кезден бауыр басқан рулі ғана басын сүйеді..."

10

Онды ауылына келген алғашқы автомобильді жазушы Жақан кейіпкеріне "сыйлапты'". Жетім бала. Бұл ауылдағы ең жақыны көксұр Елемес - директордың кабинетінде тұңғыш көрген адамы, оның да ағайындығы төмендегідей болып шықты.

- Бұл ауылда менен жақын ешкімің жоқ. Әкең марқұм теңіз асып келген кірме еді. Менің әкеммен көже тамырлығы бар-тын. Баяғыда Текенің базарында танысыпты. Сүйек шатыс болайык деп мені өзіне өкіл бала еткен. Анаң байғұс біз қырда жүргенде қайтыс бопты.

Жер аяғы қашық. Тұсында келе алмадық. Биыл басқарма қырға көшірмей, ойға қалдырды.Енді сені қайтып жалғыз тентіретіп қояйын. Түсінетін шығарсың.

- Қолыма алып, қолғанат етем. Азамат қып шығасың.

Аман болса, келін алып беріп, бөлек үй етем, - дейді онан әрі көксұр Елемес аталатын мына жанашыр.

Ә.Кекілбаевтың шығармаларына, әсіресе ел іші өмірінен жазылған өңгіме, повестеріне тән ерекшелік олардағы адамдардың бір-біріне бауырмалдығы. Шідер үзгендер сирек. Көп кейіпкерлері тірліктің тірегін бірліктен іздейді. Осы ерекшелік бұл шығармада да шаң береді. Көксұр Елемес тақыс, ішкі есебі мықты адам. Жақанды қолғанат қылуында қол ұзартқысы келген ойы мен мұндалап-ақ тұр. Таңдауының Жақанға түсуінің жалғыз себебі - әлгі өзінің оның әкесіне өкіл бала екендігі.

Өкіл бала қазақтың сонау бағзы баяғыдан сіңісті әсем бір дәстүрі. Тіпті, қазақ қазақ атанбаған кездегі аталарымыз бір-бірімен анда болып туыстасады екен. Тіліміздегі "құдандалы" деген сөз соның жүрнағы. Ол бертін келе өкіл бала, өкіл қыз, өкіл күйеу түріне ауысқан. Бұл ықылас- пейілі бір-біріне ауған екі дос адамның құда болуға мүмкіндігі жоқ жағдайда балаларын өкілдетіп табысуы. Осы пәтуадан кейін өкілдетілген перзент жаңа ата-ананың туған баласындай болып кете барады. Елемес сол жолды ұстанып отыр. Азамат қылып шығарып, келін алып беретін, бөлек үй қылатын ниеті де алдарқату

11

емес. Шын көңілі. Оны істемесе Елемес Елемес болмас еді. Досқа күлкі,

дұшпанға таба болар еді. Елемес үйіндегі күйіне Жақан да риза. Не ішем, не кием демейді. Шаруаға төселе бастады. "Төрт аяқтыға есесі кеткен екі аяқты жоқ. Екі аяқтыларға есеңді жібермесең болар" деп Елемес ағасы да ақылын айтып бағады. Біле білгенге бұл да жолда көзі қиып қалдырып кете қоятын ақыл емес-ау өзі. Жақан осылай жылқышы ауылда жүре берер ме еді қайтер еді, егер Елеместі түлен түртіп мұны колхоз орталығына жұмсамаса. Жұмсағанда да басқарманың Теңбілкөгін апарып келуге жұмсады. Жетектетіп емес, өзің мініп бар деді. Құдайекең берейін десе қолақпандай қылып ұстата салады екен ғой өзі. Енді, міне, шоқтығы Қарауыл Күмбеттің шоқысынан да асып салдыртып келеді.

"Автомобиль" тұңғыш рет 1978 жылы "Жұлдыз" журналында жарияланды. Сол жылы "Құс қанаты", 1985 жылы "Біздің ауыл" кітаптарына енді. Сол "Жұлдыздағы" алғашқы нұсқада Жақанның колхоз орталығына келе жатқан бетінде жол бойындағы үш мола, оларға қатысты аңызды жазушы былай деп ақтара кететін:

Ерте-ерте, ертеде осы аймақта бір өзінің ақтылы қойы мен торы ала жылқысы толтырған атақты бай өмір сүріпті. Бай болған соң ай десе, аузы, күн десе, көзі бар, сұлу қызы болатыны, сірә, белгілі. Сұлу қыз жүрген жерде оған өліп-өшетін ғашық жігіт қайда кетсін?! Ондай ғашық жігіт жалынынан тартып мінер жалғыз жүйрік атынан басқа ештеңесі жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болып келетін әдеті. Кедей жігіттің елден асқан ерлігі мен өнері болмаса, оған байдың қызы ғашық бола ма?! Тең-теңімен, тезек қабымен дегендей, әлгі жігіттің айдалада киік атып күн көрген аңшы досы бар екен. Сіңірі шыққан кедейге, бай қызын бермейтін болғасын, екі жігіт алдын-ала қызбен уәде байласып, алып қашатын болыпты. Содан жұрттың бәрі тәтті ұйқыда жатқанда, екеуі ұрланып келіп, қызды алып қашсын. Малы көп, жаны көп ауылдың біреу-міреуі көріп қалған ба, әйтеуір қашқындар екі-үш белден аса бергенде, арттарынан шаң көрініпті.

12

- Мен осы арада бөгей тұрайын. Сендер Қаратауға жеткенше, қарайламаңдар. Тау арасына бір жетсеңдер, құтылғандарың, - депті аңшы жігіт. Ұрандап атқа қонған қалың топты баудай сиреткенмен, көптің аты көп емес пе, аңшы жігіт ажырықты ойдан шыға бере опат болыпты. Қашқындар құмақ жалға енді тұмсық тірегенде, қуғыншылар қиқулап тағы да жетіпті.

- Манағыдай емес, қаралары азайыпты. Мен бірдеңе қып бөгей тұрайын, сен құтылып тауға тығыл! - депті жігіт. Арыстандай арпалысқан жалғыз жігіт те қылышқа жем болыпты. Жары жалып, артына жалтақтап бара жатқан бейшара қыз қанша жерге ұзай алсын. Келесі жалға көтеріле қуғыншылардың құрығына ілігіпті. Қандарына қарайған ақикөз топ бауырларынан шыққан баланы да аямапты. Сол арада өлтіріпті. Енді, міне,әрлі-берлі жүрген өткіншіге нысана боп үш жерде үш күмбез тұр. Күйеу жігіттің моласына жеттің-ақ иек сілтем жерде қалыңдықтың моласы. Қалыңдықтың моласына жеттің-ақ - үш бейбақтың көзінен бір-бір ұшқан қара шоқылар қарауытады.

Маңғыстау, сенің жеріңде,

Тау да аңыз, тақыр тас та - аңыз.

Алғидың ала шөлінде

Өшпепті әрбір басқан із.

Дәріптеп ерді кіл мықты,

Айтпақ ем аңыз, алайда.

Аңыздан асқан шындықты,

Аңыз қып айту оңай ма!

Айта алмай соны, жан қыстап,

Жүрейін мен-ақ қарызда.

Сен жаса, жаса, Маңғыстау,

Ақиқат пенен аңызда!... - ақын Дүйсенбек Қанатбаевқа

осылай дегізген айшықты аңыздың бірі - осы. Бірақ "Автомобильдің "Жұлдыздағыдан" басқа жарияланымында бұл жоқ. Ондының құбыла бетіндегі бұл аңыздың заттай айғақтамасы үш мола осы күнге дейін

13

сақталған "Автомобиль" жарық көргенде Маңғыстаудың көзі қарақты оқырманы түгел Шайхат басқарманы дөп басып тани кеткен. Айтса айтқандай, қазір елдің сөз ұстар абыз қарияларының бірінен саналатын - Шаңытбай Махамбетов ағамыздың Ондыға бір кісідей-ақ еңбегі сіңген. Көп жыл колхоз басқармасының төрағасы болып шаруашылықты өрге сүйреді. Шәкеңнің "Қара аңғардың аяғын бөгеп, тоған салдырғаны" да - шындық. "Ит байласа тұрғысыз Бөрілі ойға тары еккізгені" де - ақиқат. (Шығармада ой аты сәл өзгертіліпті. Дұрыс аты - Борлы) Ондының көшесіне түйірлеп тал шаныштырып жұртты ешкі-лақпен жауластырған да осы - ағаңыз.

Міне, сол ағасы Жақанның қайратын жанып-жанып "техниканың құлағында ойнатпақ" боп аудан орталығындағы шоферлық курсқа жіберіп отыр.

- Жігіт деген атты әскердің қылышындай жасанып тұруға тиісті. Жасық болмау керек. - Ат-түйедей қалап-ақ алатын ақыл ғой Шайхат басқарманың бұл айтқаны.

- Мен сенің орныңда болсам, техниканың құлағында ойнап, Еділ-Донда ма, Тақия-Ташта ма жүрер едім. Оған жасымыз асып кетті. Енді сол өз қолымыздан.келмейтін шаруаны жастардың тындырғанын жақсы көреміз, -

деп басқарма әлгі айтқанын онан әрмен тиянақтап жатыр. Ешқандай

күлбілтесі жоқ ашық айтылған сыр бұл. Жасы құрғырдың асып кеткені көрініп тұр, сірә. Ал осы ауылда ең көп білетін, көпті көрген ел ағасының

жалынды жастығында көргені Еділ мен Дон екен. Онда да соғыста жүріп. Ал Тақия-Ташы Хорезм ойындағы қыр жұрты қала деп қанша қампайтқанмен бәкене балшық үйлері иін тірескен үлкен бір елді мекен. Оны да шаруа бабымен ағаш үйдің сүйегін, шай, шекер, кездеме ала барып жүргенде көрген. Маңғыстау елінің хан базары - сол.

- Міне, маңдайымыздағы жалғыз машина шофер жоқтықтан қарап тұр. Техниканың маманы өзімізден шықпай көсегеміз көгермейді. Ауданда шоферлар дайындайтын курс ашылыпты. Соған сені жіберсек қайтеді?

Басқарма бұйрығын осылай берді. Барасың - болды, айттым - бітті, кестім -

14

үзілді деген жоқ. Өзінше ағалықпен, салиқалықпен ұғындырды. Повестегі осы бір Жақан "көзін төмен салып, столдың сирағын шұқылап отырып" ал Шайхаттың "щаршы топтың алдында мінбеде тұрғандай оң қолын сермеп-сермеп", содан соң "столды екі жұдырығымен нығарлай жаншып" алып сөйлеген сәтте көңілге ұялай кететін әсем ұнасым бар. Түптей келгенде үлкен сыр тұнып жатыр. "Жасы асып кеткен" Шайхат пен оның тұстастары кешегі майдангерлер, тізгін қағып ілескен лектің көбін соғыс жалмаған, оралғанының да біразы жарымжан, мүгедек. Ал олардың артынан қаулап ілесуге тиіс Жақанның құрдастары отызыншы жылдың ойранына ұшырап көбеймей қалған. Бұл жақтан келгенде Жақан тек бастан емес құрбы-құрдастан да жалғыз. Сосын ғой бар таңдауды өзі еншілеп, бірегей таңдауды өзіне түсіріп отырғаны. Әйтпесе, Ондының өзгесі түгілі, білмейтіні жердің астындағы Шайхат басқарманың өзіне жұмбақ кәсіпке бет бұру елден ала бөтен жапатайын жөндеп кие алмай жүрген жалақ ерін, жалаң аяқ Жақанға

бұйырар ма?! Сонымен Жақан - аудан орталығындағы 1 жылдық шоферлық крстың курсанты. Өзі сияқты жиырма бір бозбаланың бірі. Курстағы

жиырма екінші бір көзін қара былғарымен тартып таңған сау "жалғыз көзі шатынап тіп-тік қарайтын, пышақтың жүзіндей жұп-жұқа еріндері туғалы бір жымиып көрмегендей, кірпікшешеннің қылтанағындай тікірек шашы

тебен инедей" Естемесов. Естемесов "өзін қосқанда жиырма екі қазақ тұрып, орысша сөйлейді. Тек біреудің ерсі қылығын көргенде аузынан еріксіз шығып кеткен удай ащы мысқылы ғана қазақша". Онсыз да "кел, айналайын" деп тұрмайтын Естемесовтың ызғарлы жүзінен орысша сөйлегенде жел терістіктен шыққандай үскірік есіп қоя береді". Туды-бітті көрген орысы киномеханик Колке, ол да үнемі қазақша сөйлейтін орысшасы орашолақ орыс, Жақан үшін бұл дозақ емей немене. "Знаешь?" - деп қадала қараған

Естемесовке "Не знаешь?" деп басын шайқамағанда не демек. Сумақай Сұлтандарға күлкі керек. Бір емес, екі емес, қайта-қайта солай. Ақыры шыдам шарт сынды. Жақан курсты тастап айдалаға безіп шықты. .. Әуелі

15

аудан орталығын желкелей сұлаған тау сілеміне сүңгіді... Тау арасының сіресіп бүтін жатқан күртік қарын кешіп келеді. Ара-арасында белуардан батып-батып та кетеді. Тырмысып жүріп шығады, әйтеуір... Борша-борша терлей бастады. Екі көзін ілгеріге қадап ентелей түседі. Бір қырқадан соң бір қырқа көлденең сұлап жатып алады". Аудан орталығы Таушық тау ортасында. Омбылаған қар, үскірген аяз түгілі ашық жарықтың өзінде жаяу жүргенде қара діңкеңді құртады. Жер бедерін бейнелеуге келгенде шебер

жазушы ештеңесін алып қоспаған. Қаспақ-қаспақ қырларды, дөңкиген дөңдерді, ұры жыраларды дәл сол күйінде суреттеген де қойған. Бала күнінде жалаң аяғын тас қажап қозы, лақ қайырған, басына шығып алыс көкжиекке көз жіберген шоқыларды сол тұрған- тұрған күйлерінде суреттеген де қойған.

Сәті түскенде Естемесов бас болып жиырма серігі мұны тау арасынан іздеп тауып алысты. Онан арғысы өң мен түстей. Есін жинап өз-өзіне келген соң... "орнынан атып тұра бермек еді. Алдында үңіле қарап тұрған қара сұр кісі кеудесінен басып қозғалтпады.

Сенсің бе, сенбесін бе... Манадан бері мұның маңдайын сипаған жылы

алақан... иә... иә... Естемесовтікі екен". Жақанның бақилық боп кеткен ата-анасынан соң маңдайынан сипаған алақан осы болды. Жоқ, Естемесов бұлар ойлағандай емес екен. Ол иірімін тереңінде ұстайтын дала өзендері сияқты үлкен мейірім иесі болып шықты. Былайғы сырт көзге қаһары, орысша сөйлеуі - бәр-бәрі шәкірттерінің шиырылып өссін, ширығып тұрсын, тұтымы берік болсын, көздері ашылсын, енді ғана басталғалы тұрған өмір жолының сардиып жатқан сара жол емес, соқтықпалы соқпақ екендігін ұқсын деген жанашырлығы екен.

Сол күннен бастап қасындағы жиырма серігі күрт өзгерді, бір күнде дерлік есейді. "Кеше ғана бірін бірі көрсе алыспай-жұлыспай тұра алмайтын алаңғасар бала жігіттер" - сайып келгенде бұлардың да төрт құбыласы түгел емес-ті. Біразында әке жоқ, бары соғыс мүгедегі. Көбінде алдына қарап өсер

аға жоқ. Ол кешегі сор соғыстың салып кеткен ылаңы. Қысқасы, әр кеуденің

16

де бір-бір мұңы бар. Сол мұң, нала әлгі бір түннен соң жалғыз бас Жақанға серіктерін жатырқатпай әкеліп табыстырды да жіберді.

Әбіш 1999 жылы "Көгілдір экранда" айтқан бір лебізінде - "Әке көрмесем де әкемді көргенді көрдім. Соның бірі соғыстан бір аяғын беріп оралған мүгедек ағамыз қан майданнан жеңіске тақап оралғанда "біреудің қолынан келген екінші біреудің қапынан да келеді екен, елден елдің артық ештеңесі жоқ екен" деген түйінін айта келді", - деп еді. Солай деп Әбіш айтпақшы, Жақан ақыры машинаның құпиясын меңгерді. Тәлімгерлері Көксұр Елемес пен Естемесов айта беретін тұтым Жақанның да бойынан да табылды.

Ауылдағы жалғыз машинаға жан бітірді. Әуелі қиқалаңдатып жүргізіп жұртты қаралай үркітіп еді. Келе-келе жүрісі түзілген соң Шайхаттың өзі отыратын болды. Ілкіде қиқалаңдап егіске қоң апарып келген қара машина енді дала төсіңде. Бәрі де Жақанның көзіне ып-ыстық таныс өңір - "мына бір мортықты дөң талай-талай жылқы қайырған жері... Сол баяғы көлденең сұлап жатып алған бір өң, бір кейіп кеспелтек жалдар...

Төбесінде сырықтай бұлдырап көрініп тұратын нысана ағашы шошайған

кертік тұмсық қара жал... Бұл маңайда не көп, осындай бірінен бірі аумайтын домалақ бас кесірткедей кеспелтек жалдар кҿп. Бәрінің басында да - құс саңғып тастаған нысана ағаш, не көне мола'". Бәр- бәрінің аты бар. Кесіртке бас кертік жал "Қарауыл Күмбет", анау марқа жон жалас "Көпір там", мынау иек астында дөңкиіп жатқан "Қалматайдың қара жалы". Қарашажының

төрткілі, әуелеген Әуреннің үйігі, Тасбастың биігі. - Бұлардың бәрі бұл өңірді көрген- білген әркімге-ақ таныс жер. Жазушының,Әбіштің балалық шағы өткен маңай. Жақанның қолы қалт етсе, машинасының маңдайын ықыласпен бұрар темірқазығы да осы жалдардың арасында. Бұрғысы келе беретіні онда мұның ақ желең арманы Жамал қыз бар. Бұл жолы ауылға ол мизам туа бір-ақ келді. Келсе көп өзгеріс боп қалыпты. Көксұр Елемес анада соққанында"...баяғыдай емес, арыған. Қыр мұрын сорайып сүйірлене түскен.

Бет-аузы күнге тотығып қарайған..." еді. Тұмсығын шөп жеп тастаған шаң-

17

шаң етігі босағада жатқан-ды. Қайтсін жылқыны жалғыз бағу оңай тиіп жүр дейсің бе?! Енді ол машахаттан құтыла бастаған сыңайлы. Жақанның орнын қитар көз бала басыпты. Көрші "Ұшқын" - Аусарыдан, Елеместің жиен інісі көрінеді. Ауру шешесі бар екен. Елемес көп ұзамай қасына көшіріп алмақ. Теңбілкөк тұлпар жылқышының белдеуіне байланыпты. Сірә, астына машина тигелі Шайхат басқарма аттан сырт орай тарта бастаса керек. Төрде

құдайдың құйрық-бауыр жескен жалғыз құдасындай болып сұлап өтелші Өтемағанбеттің баласы Оразмағанбат жатыр. Кәдімгі әңгүдіктеу "жүріс-тұрысы, түгілі сөйлеген сөзінің өзі келі түйгендей дүңк-дүңк ететін" Оразмағанбет. Бұл жолы тіпті мығым. Үстінде жылтылдақ қара костюм. Қолында жарқ-жарқ еткен сағат. Тіпті, "ауылдың желкесіндегі жүлдеге баруға да ерінді. Машинаның тасасына теріс қарап талтайып тұра қалды". Енді- енді жарапазаншы Жанақ шалдың қара есегіндей белі үзілгенше шірене қайқайып сілкініп-сілкініп алмақ еді, ерегіскен Жақан машинасын қозғап әкетті. Бақса әңгүдік немеге тектен тек жел бітіп жүрмеген екен. Жамалды алмақшы. Өтелші Өтемағанбет пен көксұр Елемес әлдеқашан уәдені пісіріп

қойған болып шықты. Мәссаған безгелдек! Жақан байғұс бостан босқа ынтығып жүр екен ғой. Мұның арманы "Бір кездегі- Теңбілкөкке мініп қыдыратындай есірік арман..." болды да қойды ғой. Дегенмен, жігітіміз жарады. Оның "Жамалды мынандай сілімтіктің қанжығасына өңгертіп жіберіп қарап тұрар жайы жоқ. Елдің алдындағы, заңның алдындағы өйткен мақұлдығы құрысын...'" Атасына алты нәлет! Қызды машинасының кабинасына отырғызды да алып жүре берді. Жер дүниедегіні білетін көксұр Елемес те, әлгі әңгүдік те қыңқ ете алмай қалды. Содан бұлар тоқтамастан зулап тартып келеді. Әне, "іркес-тіркес шоқылардың етегінде тарыдай шашырап колхоз орталығы көрінді. Машина ауылдың қақ алдындағы биік қара жалдың құлауына ілікті". Әттең, бұл екеуі осылай жұп жазбаған күйі тарта берсе-ақ екен дейсің. Шығарманы оқып отырған жұрт соған сеніп, батасын беріп те қойған. Бірақ қыз қалауы басқа екен. Жақанның басына қас-

18

қағым сәтте орнай қалған бақ шіркіннің кетуі келуінен де тез болды. Ол да бір Нұркеннің басына барып байыз тапқалы келе жатқан, соған асығып зулап келе жатқан жәдігөй, алдамшы болып шыға келді. "Қап!" деп қара саныңды қанша соқсаң да ерік өзіңде. Солайы солай болды да қойды. Жақанға жалғыз

басы сол баяғысынша сопайып, машинасына мініп, өз жөнімен тарта беруден басқа жол қалған жоқ. Күнге бет алып жүйткіп келеді. "Батып бара жатқан күн көзінің дәл он жақ үстінен туған ай... Үйелеп жатып та қалмай, шалқалап құлап та кетпей, кербез сұлудың құлағындағы күміс сырғадай сызылып" әдемі туған ай. "Ай астында ақ жібек делбедей жарыса созылып, қалт-құлт бұлдырап қос тармақ қасқа жол жатты". Жазушы Жақаны үшін, Жақанға тілектес оқырманы үшін мұңмен біткен әдемі хикаяны осылай түйіндейді. Бұл түйін әлгі бір әлемтапырық көңіліңе сап-сап сабыр айтып тұрғандай ма қалай. Аяулы Жақанның, жігіт Жақанның, мәрт Жақанның жібек делбедей ақ жолы әлі алдында, оның айы оңынан туып тұр демей ме ол. Ендеше, жолаушымыздың жолы оңынан болсын деп тілелік. Шығарманың ширығып біткен соңғы сәтінде сырт көзге елеусіз қала баратын бір сәт бар. Ол

Жақанның жолшыбай Қосжан баланы кездестіріп, қасына отырғызып алатын сәті. Қосжан болғанда Жақанның сыныптасы "мектептегі ең озат оқушы, сабақ үстінде күлмейтін, үзіліс кезінде ойнамайтын" Қосжан. Мына кабинаға мінген соң "сұрғылт жүзіндегі зіл батпан сабырлылықты құлан-таза қуып шыққан қалқан құлақ қара бала" - Қосжан. "Әрдайым ересектерге ұқсап бағатын бір мектептің маңдайға ұстаған жұлдызы, озат шәкірті жүрегін жарып бара жатқан қуанышын жасыра алмайтын алақызба, желөкпе, ұшқалақ, алаңғасар балалық мінезбен қайта табысыпты. Аңырайып аузы ашылып қалыпты. Жол жиегінен қосаяқ жүгіріп өткенде, отырған орнынан атып тұрам деп, маңдайын талай рет төбеге ұрып алды". Жақан "қай сабақтан сұрасаң да, бәрін іштей біліп тұрғандай, сайрай жөнелетін сұңғыла баланың мына дағдарысына масаттанып келеді.

Дүниеде оның да білмейтіні бар екеніне, ол әлі білмейтін бір нәрсені өзінің

19

енді, міне, біліп үлгергеніне масаттанып келеді". Көңілі жүйрік оқырманның машина ішіндегі Қосжаннан бала Әбіш Кекілбаевты тап басып тани қойғанында күмән жоқ. Сірә, Әбекең ет жүрегіне жақын Жақан ағасын әлгі бір Жамалынан қол үзіп, көкірегі қарс айрылып қалған сәтінде жалғыз қалдырғысы келмеген болуы керек, ''екі балағын тізеден жоғары шиыршықтап түрген". "маңдайы үңірейген жыртық бҽтіңкесінің бауын байластырып, мойнына ілген" баяғы жадау иін бала қалпы ағасының қасында жарбиып бара жатыр. Алдағы күн, оңынан туған ай, табан астындағы "ақ жібек делбедей ақ жол" бұған да ортақ.

Автор "Автомобильдің" арнауында "мені әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің. Сол сапар ақым, дос қарызым өтелген жоқ, енді өтелмекші де емес..." дейді. Өтелмейді деуінің мәнісі Қобылан марқұм әлгі бір атың өшкір "айлап-жылдап жүретін ұзақ рейстен әлі оралмай қойды".

Әбіштен бір көйлек бұрын тоздырды дерлік үлкендігі бар аға досы Қобылан

Зоранов қазалы арнауда айтылғандай, молдығы, ерлігі, ірілігінен бейбіт заманда бейуақ опат болды. Ол 1964 жылдың қақаған қысында бақилық болған биікті жұрт осы уақытқа дейін "Қобылан өлген" деп атайды.

Әбіштің "Арнауында" Қобылан алдындағы "сапар ақым, дос қарызым өтелген жоқ, өтелмекші де емес..." депті. Әбіш ағаның өзі солай деген соң келісеміз, әрине. "Автомобиль" авторының ол екі қарызын өтемесе де ықылас қарызын артығымен өтей алған шығарма.















20

3.Қобылан Зоранов.

Қобылан Зоранов 1937 жылы қарапайым шаруа отбасында Онды жерінде дүниеге келген.1956 жылы орта мектепті тәмамдағаннан кейін аудан орталығындағы шоферлық курсты тәмамдап, мамандық алады. Сол жылдардан бастап ауылдағы шаруашылықта алғашқы табанды жүргізушілердің бірі болып жұмыс істейді.1960 жылы мектепті өзімен бірге бітірген Жәния Медетқызына үйленіп,төрт-ақ жыл отасып,3 балалы болады. Қобылан марқұм болғанда артында қосағы Жәния жеңгеміз сол үш қарғасын әкесін жоқтатпай тәрбиелеп өсіріп, азамат қылып шығарды.

Қазіргі таңда ұрпақтары Мақсұт пен Махмұт өз алдына үй болған , әр шаңырақтың тірегі. Қызы Света Тоқабай аулының киелі шаңырағының түтінін түтетіп отырған абзал ана.Әке жолын жалғастырған ұл-қызы еліне елеулі,халқына қалаулы азаматтардың бірі.

































21

Қорытынды.

Ірі драманы сәтті шешкен «Автомобиль» повесінің шешімі ұтымды. Әлі жаны романтикаға толы, албырт Жақанның қатал шындықпен бетпе-бет кездесу психологиясы, іс-әрекеті нанымды. Бозбала рационалистік психологиясымен ұшырасқанда жүнжіп кетпей, тағдырына тиген ауыр соққыны дүниеге көзқарасын қалыптастыру жолындағы белгілі бір кезең ретінде дұрыс түсінеді. Жазушы Жақанның қалған өмірін башайлап зерттеп жатпаса да, оның енді қай жолмен тағдырының автомобилін айдайтыны анық көрсеткен. Тұтастай алғанда, Ә.Кекілбаев шығармалары Маңғыстау өңірі тұрғындарының өмірінен, тұрмыс-салтынан, тіршілігінен энциклопедиялық деңгейде хабардар ететін туынды болып табылады.

Жалпы Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң», «Үркер» романдары, «Шыңырау», «Күй» т.б сияқты повесь, әңгімелерінің мазмұны жұртшылыққа танымал

болғанымен, «Автомобиль» повесін оқып, тарихына үңілетіндер бірен-саран

кездесіп жатады. Сондықтан да оқушы қауымына тарихы мен мазмұнын таныстыру мақсатында жетекшім Нұргүл апай 2010 жылы өткен қалалық «Маңғыстаунама-2010» байқауына Ә.Кекілбаевтың «Автомобиль» повесі бойынша сахналық қойылым дайындады.Оған арнайы сценарийді де өзі құрастырған болатын. Бұл қойылымның нәтижесі «Маңғыстаунама-2010» байқауында көрініс қоюдан жүлделі ІІ-орынды иеленді.



Ұсыныстар:

  1. «Автомобиль» повесін «Маңғыстау әдебиеті» курсының бағдарламасына енгізу;

  2. Онды ауылының көшелерінің біріне Қобылан Зорановтың есімін беру.

  3. Қ.Зорановтың еңбекқорлығы мен адамгершілігі , маңдай терін төгіп, елі үшін жасаған еңбектерін насихаттау туралы Облыстық телеарнадан көрсетілімдер қойылып, жұртшылыққа танытса.



22





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ә.Кекілбаев «Автомобиль» повесі.

  2. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011.

  3. "Қазақ энциклопедиясы"

  4. «Заңғар» 33-39 бет

  5. Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалар. - Алматы: Жазушы, 1989.

  6. Ә.Кекілбаев. //Егемен Қазақстан. 1993, 16 қазан.

  7. Әбіш Кекілбаев туралы сөз / Е. Дүйсенбайұлы // Ана тілі. - 2009. - 9 сәуір. - 7 бет.

























































23



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал