- Учителю
- Сынып сағаты Алтын күз (7 сынып)
Сынып сағаты Алтын күз (7 сынып)
Тақырыбы: Алтын күз мерекесі. би.7а сынып оқушылары.
1 жүр: Аяжан. Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!
2 жүр: Махаббат. Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «
Мерекелі алтын күз" атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі
туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира
даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
1 жүр: Аяжан. Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын -
терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте
«Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүр: Махаббат . Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын,
- дей келе кешіміздің шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, топ атына cәйкес
таныстыру, буклет етіп тапсыру.)
2. «Күзге сағыныш» (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа айту
және күзге арнау өлеңін айту)
3. «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбына ұстазбен ән шырқау.)
4. «Жапырақтай жайқалып» ( би өнері)
5. «Күз әшекейі» (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
6. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан тағам ұсыну)
1 жүр: Аяжан. Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен
таныстырып өтейік:1
2
3
2 жүр: Махаббат. Ал енді осымен кешімізді бастаймыз.
1 жүр: Аяжан. Ортаға топтарды шақырамыз .Ән "Көнілді күн" Қасымхан
Т. 2 жүр: Махаббат. Білім- теңіз, мектепті - кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз?
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,-
деп кешіміздің алғашқы шарттарына кезек берейік.
Ортаға 1 номерлі --------- топты шақырамыз.
1 жүр: Аяжан 1 Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, топ атына
cәйкес таныстыру, буклет етіп тапсыру.)
2 жүр: Махаббат. Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз күз тақырыбына белгілі ақындардың өлеңдерінен көркем сөз оқиды және күзге арнау өлеңдерін оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне баға бересіздер.«Күзге сағыныш» (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа айту және күзге арнау өлеңін айту)
1 жүр: Аяжан Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше. Күз мезгілі адамның ішкі жан дүниесін оятып, сағыныш әлемінде тербейді. Ендеше,
2 жүр: Махаббат. 3. «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбына ұстазбен ән шырқау.)
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай,
-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер 4. «Жапырақтай жайқалып» би өнеріне кезек берейік.
1 жүр: Аяжан Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,
-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
5. «Күз әшекейі» (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
2 жүр: Махаббат Жомарт-күз - деудің себебі: піскен жеміс-жидек, көкөніс, астық табиғаттың күзгі сыйы. Күзде егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. «Алтын күз», «Күзгі бал» кештерін өткізу дәстүрге айналған.
6. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан тағам ұсыну)
1 жүр: Аяжан Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе, шығармашылығымен танылса, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Әділ- қазылар әділ бағасын бергенше 7а сыныбының өнерін тамашалаңыздар.____________би___________________________________________ Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі « Мерекелі алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!