- Учителю
- Сыныптан тыс шара Қарттарын қадірлеген ел ардақты 6-8 сынып
Сыныптан тыс шара Қарттарын қадірлеген ел ардақты 6-8 сынып
Талпын Жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты
аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы
ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері
қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген
інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын
ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны
ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері
қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән
қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі
- үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық
ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей
теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына
бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып,
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош
келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры
Токбаев Серик Кайрхановичке береміз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі мерекемізге келіп отырған ауылымыздың ардагері,
қарт зейнеткер атамыз Мұрат ағаға сөз береміз.Жүргізуші:
Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен,
аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру
көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» -деген
бүлдіршіндерімізге кезек берелік.8- сынып оқушысы Аманкелдиева
Перизат « Асыл әжем»
Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
1-Аманкелдиева Айша 5-сынып оқушысы
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала - шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта - қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
2-Маматов Қадырхан 5-сынып оқушысы
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Ата және немере Қ.Мырзалиев орындайтын Тілегенов Жанарыс 5-сынып оқушысы
Ата менен немере
Аяқталмас бір дастан.
Екеуіне не керек
Егілмесе нұрлы аспан!
Артық кім бар, шынында,
Ауылдағы қартыңнан!
Немересі
Құлындай
Құлдырайды артыңнан.
Баласының баласы
Бауыр баспай қалды ма?
Атқа қонса атасы
Отырады алдына.
Қуанады атасы
Қауын үзіп бақшадан.
Немеренің сапасы
Бөлегірек шақшадан.
Шіркін қарттар шабытты
Шұбыртады ау батасын
Немерелер бақытты
Түшкірткенге атасын.
5-Сайлауов Диас 5-сынып окушысы
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
6-Айдынгалиева Дана 5-сынып окушысы
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Жүргізуші:Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы»
деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата
ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін
қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге
көрсетеді, өсиет айтады.
Алдарыңызда 8-сынып оқушысы Сабазов Темірлан «Әке» М.
Мақатаев
Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі -кезі келгенде тасыпта алам,
Кезі- кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір ғашық балаң.
Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көнбей тыным.
Ұрпағың бар, ел мененер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
8-сынып оқушысы Тілегенов Бейбарыс М. Мұқатаев «Реніш»
Әй, балам - ай,
Шамалы - ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін кісілігің…
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам - ай, шамалы - ау түсінігің…!
… Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез - мінезім емес менің.
Адамдардан қарым алу үшін
Не көрмедім, өмірде не кешпедім.
Аяры жоқ адуын жауыздықтан
Алып шықтым арымды тамыздықтап.
Амалым не жастықтың кер тұлпарын
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің - ай, балам - ай, мінезің - ай,
Кетпегей - ді мерт етіп, жарға сүйреп.
8-сынып оқушысы Кереев Әли М.Мақатаев «Мен қарапайым қарттарды сүйемін»
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы - қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Қанеки, нелерің бар Аталарым?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем,… тоймаймын… сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.
Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін,
Ой, өмір-ай неғылған қиын едің!?
Сондықтан да садақ боп иілемін,
Сауыт болам, тек қана киіне біл...
Жүргізуші:Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік,
әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы,
ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың
ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат
тағылымымен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз
жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың
алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік
кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына
сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның
өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі -
баланың ата - анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір
сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама
қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр» орындайтын 8-сынып оқушысы Сабазов
Темірлан
Жүргізуші:Қарттар үйі - жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды
қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып
табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю - биологиялық процесс,
белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің
үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата - анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте
жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік
құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.
Ән: Қариялар орындайтын 8-сынып оқушысы Тілегенов Бейбарыс
Жүргізуші: Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі
немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне
олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер
үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата -
анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт - береке
деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр
кезде де бақытты.
Көрініс: «Атаның өсиеті » 8-сынып оқушылары
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» 7-сынып
Жүргізуші:Қазақтар - « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген
халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу
- біздің ата дәстүріміз. Бірақ кәріліктің өзінің сәні - мәні
бар.Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды,
тек өсіп-өнген,тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Қазақтың
басқа халықтардан айырмашылығы - "Ұрпағым" деп шыр-пыр
болатыны
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында
адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған
ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал
күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір
бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың
да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Ән: Қазақ жастарының ән ұраны хор
Талпын жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
Тәлімгер: С.А.Надирова
2015-2016 оқу жылы