7


  • Учителю
  • №9 орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Сарина Торғын Тақырыбы: 16-желтоқсан

№9 орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Сарина Торғын Тақырыбы: 16-желтоқсан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№9 орта мектеп





















«Даланың дара тұлғасы»

Тұңғыш Президент күніне арналған ашық оқу іс-әрекеті

IІ-кіші «Еркетай»тобы









Тәрбиеші: Сарина.Т

























Астана 2016 ж.













Топ іші безендірілге.

  1. Үнтаспадан «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұр

  2. Балалар мерекеге дайын, өте әдемі киінген.

Іс-әрекет тақырыбы.

16-желтоқсан Еліміздің тәуелсіздік алған күні

Мақсаты:

Балаларға Отан туралы түсініктерін кеңейте отырып, түсіндіру тілдерін дамыту, сөздік қорын дамыту.

Балалардың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттырып құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-әрекет барысы:

Таңғы жиын:

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен.

Қазақстан туған ел!

Жүргізуші:

-Балалар тыңдаңдаршы бізге қонақ келген сияқты біреу есікті қағып тұр.

-Әже: Амансыңдар ма, балаларым! Сендер қандай әдемісіңдер, мерекелерің құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мен сендердің Тәуелсіздік туралы не білетіндеріңді тексеріп келдім. Және де сендерге арнаған аз ғана сыйым бар. Оны сабақ соңында беремін!

Жүргізуші: Әже төрлетіңіз балалардың біліміне куә болыңыз!

-Балалар, сендер қайда тұрасыңдар?

-Астана қаласында тұрамыз.

- Өте жақсы! Ал Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан деп аталады.

-Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлт өкілдер тұрады.Олар тату-тәтті тұрады. Өзбектер, ұйғырлар, татарлар,өзбектер,орыстар,корейлер,немістер т.б. тұрады.

-Ал балалар Қазақстанның рәміздеріне не жатады? Мынау не?

-Ту, Елтаңба, Әнұран жатады.

-Олай болса, бәріміз орнымыздан тұрып,қолымызды жүрегімізге қойып Әнұранды тыңдайық

-Рахмет. Балалар, Ту туралы не білеміз?

-Тудың түсі көк. Ортасында күн,астында қыран құс орналасқан. Шетінде қазақтың ұлттық оюы орналасқан.

-Өте дұрыс! Ал Елтаңбада ортасында шаңырақ, екі жағында пырақты ат,үстінде жұлдыз, астында «Қазақстан » деген жазуы бар.

- Ал сендер Қазақстанның қандай әдемі жерлерін білесіңдер?

-Бәйтерек, хан шатыр,думан, мега, пирамида,цирк т.б.

- Балалар, Отан туралы қандай тақпақ білеміз?





Айзере: Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені, оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.





Мақсат:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көгілдір,

Ортада аспан әлемі.

Самғат:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай ер төккен.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам!





</<font face="Times New Roman, serif">Ақырыс : Отан-жерім,

Отан-суым.

Отан-қуат, нәр береді,

Отан-ұран.

Отан-туым,

Отан мәнгі гүлденеді.

-Өте жақсы. Балалар, әжемізді ортамызға алып қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» билейік.

-Балалар, аспанымыз ашық болсын,күніміз аспанда мәңгілік жарқырай берсін деп! Әркім өз орнымызға отырып, күннің суретін саламыз.

-Өзін- өзі бағалау.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал