7


Урок на тему Белестер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№28___________Мерзiм: 05.09.2015 _№ 1_сабақ____

Тақырып: Өзін-өзі тану, өмірді тану

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жапаркулова Ф

Сынып: 4Сабақ мақсаты: : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері: Білімділік: 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

дамытушылық: адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік: сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.









Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



  1. Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Мақтай неге мақталар?» өлеңіндеде аталған жақсы қасиеттерді атап,оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқу.



Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

«Өзіңді тану-өмірді танудан басталады»деп жазып балалардың өзін-өзі тану пәнін үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында халық даналығының мәнін түсіндіру.





Әңгiмелесу (сұхбат). Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:

1.Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

2.Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?











  1. Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазу.





7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова





8.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін оқу.





9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.



-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық? (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.

-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е

лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!











































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 2_сабақ____

Тақырып: Білімге құштарлық

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік- білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

дамытушылық- білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;

тәрбиелік- білімді бағалауға тәрбиелеу.















Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін оқу.

  1. Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  2. «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына» дегенде нені түсінесіңдер?

  3. Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. Тақтаға жазылған «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»деген мақалдың мәнін түсіндіру.



.







5.Әңгiмелеу (сұхбат). Білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.



Мақал мәнісі



«Кітап-білім бұлағы, Кітаппен достас мәңгілік.

Білім-өмір шырағы». Жадыңа білім жаңғырып,

Осы мақал мәнісі Оятар сана сезімді.

Қалай,- деп інім сұрады. Танырсың жатты,өзіңді,

Болғың келсе білімді, Ашарсың сөйтіп көзіңді.



1.«Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

2.«Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

4.Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?



6.Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың білімге құштарлықтарын байқау мақсатында «Жалғасын тап»атты ойын-жаттығу ұйымдастыру.Мұғалім мақал -мәтелдің бас бөлігін айтады,оқушылар жалғастырады.

1.Білімнің басы - бейнет,соңы....

2.Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің......

3.Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Білім -жанып....

4.Тіліңмен жүгірме,....т.б









7.Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақта айтылған ойларды пысықтай түсу үшін дәптердегі тапсырма орындалады.Жұмбақты шешіңдер.





8.Топпен ән айту.

«Әнші балапан» Сөзі: Қ.Қазыбекұлы, әні:М.Омаров





9.Үй тапсырмасы.

Дәптердегі сурет бояуды аяқтау.





10. Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi.

«Оқу инемен құдық қазғандай»дегенді қалай түсінесіңдер?























































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм ___________№ 3 сабақ____

Тақырып: Ойлы бала озар

Құндылық: Махаббат,бақыт

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 4





Сабақ мақсаты: «Ой» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік-терең ойдың,ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық- ойлай білу іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік- ойлылыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Асан мен Үсен ертегісін оқу.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Ұлы Абайдың «Терең ой-асыл іс» деген нақыл сөзіне оқушылырдың зейінін аудару және оның мәнін түсіндіру.





5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Балалар бір-біріне жақсы тілектер тілеп,М.Хакімжанованың «Сәби ойы»өлеңін оқиды.

Сәби ойы

Ақ сүтін емген ананың, Күннен қуат аламын.

еркелеп өскен баламын. Ұлы Отаным тұрғанда,

Балғын үнім тербесін Қорғалап неден қаламын.

Отанымның алаңын. Нұрын құйған кеудеме

Гүліндей жайнап даланың, Ақыл-ой,білім,сананың.

Отындай ойнап қаланың, Ұрпағымын от-жалын

Айға ұшып барамын, Абай сынды дананың.

Қазір сендерді Ы.Алтынсариннің шығармасының негізінде қойылған « Асан мен Үсен» мультфильмін көруге шақырамыз.Балалар бейнетаспадан көріп болған соң,сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады.





6.Дәптермен жұмыс

Асан мен Үсеннің бойындағы қасиеттерді жазу.



7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова





8.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында М.Гумеровтың «Күмән»әңгімесін оқу.



9.Қорытындылау. соңғы тыныштық сәтi.



Бүгінгі сабақта ойлану мен терең ойдың мәнін түсіндік және оған қол жеткізудегі адами қасиеттер туралы білдік.

Ойлылық -бұл ақылдылық.

Ойлылық -бұлбұл ақылды тыңдай білу.

Ойлылық - бұл бақытқа жетелейді.т.б.

























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 4 сабақ_____

Тақырып: Менің сыныбым-менің ұжымым

Құндылық: Махаббат,бақыт

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік- ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық- өзара татулық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

тәрбиелік- бірлікке,сыйластыққа,достыққа тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында М.Гумеровтың «Күмән»әңгімесін оқу.Балаларға сұрақтар қойылып жауаптар тыңдалады.

1.Әңгімеде оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

2.Олардың бойында қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Ә.Табылдиевтың «Ұжым болу-бақыт» дегн нақыл сөзінің мәнін ашып түсіндіру.



5.Әңгiмелеу (сұхбат).

1.Бірлік,сыйластық,түсіністік,ұйымшылдық,ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Өз сыныбың несімен ұнайды?











6. Жағдаятты талдау Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында жаттығу-ойлану жүргізіледі.

1-жағдаят:Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды.Қуанышында шек жоқ.

2-жағдаят: Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды.Ол қатты ренжулі.

3-жағдаят: Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды.Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі»газетіне шығарды.Балалардың жауаптары тыңдалады.









7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова





8.Үй тапсырмасы.

Оқушылар оқулықта берілген мәтіндерді кезектесіп оқиды.





Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi

Балалар кезектесіп сыныптастарына тілек айтады және А.Шамкеновтың «Біздің сынып»атты өлеңін түсініп оқиды.

Біздің сынып



Жұп жазбастан жүреміз, Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып-мақтаулы. Біздің сынып-өнерлі.

Өйткені біз сүйеміз Жақсы үйреніп алғанбыз

Дәйім тәртіп сақтауды. Талай би мен өлеңді.

Біздің сынып-мақтаулы. Біздің сынып-өнерлі.









































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 5_сабақ____

Тақырып: Менің арманым

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Даутива Г.

Сынып 4Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету

Міндеттері:

Білімділік- арман ұғымы туралы түсінік беру;

дамытушылық- балалардың ойын,қиялын дамыту;

тәрбиелік- жақсылыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар оқулықта берілген мәтіндерді кезектесіп оқиды.

1.Өлең неліктен «Арман мен ақыл» аталған деп ойлайсыңдар?

2.Білімнің арманға қандай қатысы бар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқушылардың арман туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі:

1.Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

2.Өздеріңнің қандай армандарың бар?

3.Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

4.Арманға қалай қол жеткізуге болады?

Оқушылар оқулықта берілген «Бала арманы»өлеңін оқиды.



Бала арманы



Ұлы Абайдай кең жүрек Бар білімді меңгерген

Ақын болғым келеді. Ғалым болғым келеді.

Бауыржандай ержүрек Жетпіс өнер теңгерген

Батыр болғым келеді. Дарын болғым келеді.

Міне,осындай дүрмекті

Бар таусылмас арманым.

Елге деген құрметті

Ертеңіме жалғадым.









5.Дәйексөз.

«Арман-адамға қанат» деген халық даналығының мәнін түсіндіру.









  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.



Сөзжұмбақты шешу. Бос шарларға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жазыңдар.



7.Дәптермен жұмыс

Армандарың туралы қысқаша әңгіме жазу.



8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова





9.Үй тапсырмасы.

Мәтінмен жұмыс ретінде оқушылардың назарына , ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру үшін өсиет әңгіме оқу.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрып «Нағыз адам болғым келеді»дегенді бәрі бірге үш рет қайталап айтады.Оқулықта берілген Ә.Есмағамбетовтың «Өмірге»деген өлеңін оқиды.

Өмірге

Сүйемін,қатты сүйемін, Шыныңа шықтым құлпырып

Бақытты сұлу өмірім, Өмірдің биік дөңінің.

Жас денемде жалын күш, Құшақтаймын аймалап.

Көтеріңкі көңілім. Жайнаған жас өмірім.

Қуанбасқа немене.. Құлпырамын құндыздай,

Өсірген соң, өмірім! Көтеріңкі көңілім.

































































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№51_____________Мерзiм____________№ 6_сабақ____

Тақырып: Ата-баба өнері

Құндылық: Білім,еңбек.

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм Дауитова Г.

Сынып 4



Сабақ мақсаты: «Өнер»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Білімділік- ата-баба -өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылын түсіндіру;

дамытушылық- қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік- қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға,сақтауға тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінмен жұмыс ретінде оқушылардың назарына , ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру үшін өсиет әңгіме ұсынылады.

-Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?

-Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды?



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Еңбек-өнер өрісі.Өнер -өмір жемісі»деген халық мақалына оқушылардың назарын аудару. «Өмірді шығармашылық пен көркем образдар арқылы суреттеуде ерекшк қабілет,шеберліе,іскерлік байқатқан адамды өнерлі адам деп атайды. Өнер адамның өміріне нәр береді,оның құштарлығын арттырады ».





5.Әңгiмелеу (сұхбат).

1.Ата-баба -өнері дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Өздерің өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар?

3.Өнердің адам өміріндегі рөлі қандай?





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.



«Суреттерге қарап ,өнердің түрлері туралы әңгімелеп беру.Ұнаған өнер түрлерін дәптерге бейнелеу.»

Жаттығу-ойлану

Қазақ халқының ою-өрнектерінің мәнін,ерекшеліктерін түсіндіру және айтылған ойларды бекіту мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастыру.



7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіру.Ою-өрнектердің суреттерін салыңдар.



8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова





9.Үй тапсырмасы.

Туған тілім өлеңін жаттау.





10.Соңғы тыныштық сәтi , қорытындылау.

-Ата-бабаларымыздың ою-өрнекті текқана әсемдік үшін жасамайтынын білдік.Ою мазмұнына үңілсек өмір сырын,тарихын оқи алатынымызды түсіндік.Ата-бабамыздың осындай құнды өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа жетуі үшін біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз.Оның адам өміріндегі мәнділігін өзімізден кішілерге жеткізу,жасалу жолдарын үцрету-біздің де парызымыз.Ол үшін біз еңбектенуіміз керек.Қазақ халқының барлық бұйымдарына салынатын дөңгелек өрнегі «Күн», «Шыққан күн» деп аталып,адамдарға тек қана жарық күн ашық аспан тілеген армандарынан туған.Қазір біз де күн сияқты дөңгеленіп тұрып бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрып,кезегімен бір-біріне жылы сөздер айтады. «Өнер»туралы өлең оқиды.

Өнер

Домбырам күмбірлеп, Кесте де тігемін.

Күй шерте аламын. Актерше рөлде,

Бұрала би билеп, Ойнай да білемін.

Сурет те саламын. Жалықпай талай күн

Ұқсатып кілемге Жасаймын мүсін де...







































































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 7_____

Тақырып: Тілім-менің тірегімі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Білімділік- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық- ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру

тәрбиелік- ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Туған тілім өлеңін жатқа айту

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім »,-деген өлең жолдарымен таныстыру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Ана тілін сүю,құрметтеу,мақтаныш ету-әрбір азаматтың міндеті».





5.Әңгiмелеу (сұхбат). «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Ана тілін сүю,құрметтеу,мақтаныш ету-әрбір азаматтың міндеті».

6 Шығармашылық жұмыс

Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.





Дәптермен жұмыс

Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алу және өмірде қолданыңдар.





  1. Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз!» Сөзі: Х.Талғаров, әні:И.Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу мақсатында С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін»әңгімесін оқу.



  1. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар ана тіліне деген махабаттын өлең жолдары арқылы білдіреді.Бәрі бірлесе отырып өлең жолдарын қайталайды:

Жүрегімнің бөлшегі

Қаның,жаның-тіліңде, Ана тілің-ертегің,

Арың,нәрің тіліңде. Ана тілің-өркенің,

Ұмтыл оны білуге. Ана тілің-ертеңің.

Тілден алып ғибрат, Қадірле ана тіліңді-

Құлшынасың білімге. Жүрегіңнің бөлшегін.





















































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 8 сабақ_____

Тақырып: Мен елімнің азаматымын

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып : 4





Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік- туған ел,өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық- елге,Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

тәрбиелік-елжандылыққа тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу мақсатында С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін»әңгімесін оқу.



Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқушылардың елге деген сүйіспеншіліктерін байқау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі:

1.Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?

2. «Жерім деп менің,соғады мәңгі жүрегім»,-дегенде нені түсінесіңдер?

3.Әнде айтылғандай,сендер өздеріңді ел «тірегімін»деп ойлайсыңдар ма?

-Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді.Туған тілін,өскен жерін сүю- әрбір ұрпақтың парызы.Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды,қастерлейді,қорғайды, мақтан тұтады.Өйткені Отан-алтын бесігіміз,ата-анамыз!





  1. Дәйексөз.

«Ел іші-алтын бесік» деген халық мақалының мәнін түсіндіру.





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын. «Мен қандай баламын?»

Оқушылардың сабақтан түйген ойларын байқау мақсатында берілген тақырыптарға әңгіме жазу ұйымдастырылады

  1. Дәптермен жұмыс

Тапсырма: Берілген өлең жолын жалғастырып,өз ойларымен жазу.



  1. Топпен ән айту.

Қол ұстасып,шеңбер құру.Бір-бірімізге қарап тұрып,шат көңілмен мына өлеңді айтайық.

Сөзі: Ә.Дүйсенбиев «Біз-өмірдің гүліміз» әні:Б.Ғизатов

Бал достыққа,жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құштық та

Бақыттымыз бәріміз!





  1. Үй тапсырмасы.

Жылы,жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып беру.





  1. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқулықта қоржында берілген сөздер арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма

Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді.Олар шеңберге тұрып,үнтаспаға қосылып ән айтады.

Атамекен Сөзі:Қ.Мырза Әли, әні:Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,

Көк кілемде,көп ойнаймын,көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен.

көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.





















































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 9 сабақ____

Тақырып: Жақсы сөз-жанға қуат

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық, сыйластыққа.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып : 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық-жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік- ізгілікке,ізеттілікке тәрбиелеу.









Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру

Жылы,жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян» ертегісін оқып беру.

Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Тақтада жазулы тұрған Науаидың «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген нақыл сөзіне балалардың назарын аударып және оның мәніне тоқталу. «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қолд жеткізеді.»





5.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Сыпайы сөздер»

Алдын-ала дайындалған жеміс ағашының(жемістерінсіз) сұлбасы тақтаға ілінеді.Ақ қағаздан жасалған жемістер үстел үстіне жайып қойылады.Суреттің бір жақ бетіне тапсырмалар жазылған.Балалар әрбір жеміс суретінің бетіне жазылған сұрақ-тапсырмаларға дұрыс жауап берсе,жемісті ағашқа ілетіндігі туралы түсіндіріледі.Оқушылар өз қалаулары бойынша кезегімен шығып,жеміс суретінің біреуін таңдайды,өз еркімен шыққан оқушы сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда,басқа бала жауап беруі мүмкін.Сол жауапты жеміс түстес маркермен жеміс суреті салынған қағаздың екінші бетіне үлкен етіп жазып,тақтаға жеміс ағашына іледі.Берілген жауаптар арқылы сыпайы сөздер құрастырылады.





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.



Ойын-жаттығу Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.Балалар 5-топқа бөлінеді.Шағын диалог-көрініс құрастырып көрсетуі тиіс.

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым-қатынасы.

3-топ:Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.

4-топ:Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.

5-топ:Қайырымдылық істерімен үлгілі болған сынып пен мектеп басшысының әңгімелесуі.



7. Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтауға тапсырмалар беріледі.Жақсы сөздерді қырыққабатқа жазып шығыңдар.



8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова





9.Үй тапсырмасы.

«Екі дос»әңгімесін оқу.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.



-Жақсы сөз,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне қуаныш сыйлайды.Жылы сөз адамдарды татуластырады,достастырады.Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Балалар жылы сөздер шеңберін құрады.Мұғалімнен бастап,барлық оқушы қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып,іштей жақсы сөздерді айтып,сол сөздерді жүрегінен алып,қолының уысына салып,барлығы ортаға жиналады.Уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып,алақандарына салады.Өлең оқиды:С.Мәуленов. «Күнім менің».

Күнім менің.

Аналар-күнім менің, Асқар тау-үйім менің.

Балалар-гүлім менің, Соларға сүйенемін,

Өзендер-күйім менің, Соларға сүйінемін.













































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№51_____________Мерзiм____________№ 10 сабақ_____

Тақырып: Адал достық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері:

Білімділік- адал достықтың мәнін түсіндіру;

дамытушылық-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

тәрбиелік- достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға адал достықтың мәнін түсіндіру мақсатында «Екі дос»әңгімесін оқу.

Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

Сендердің де адал достарың бар ма?

Олардың адалдығын қай іс- әрекеттерінен байқадыңдар?



Сабақ барысын талқылау:

4. Сергіту сәті:

-Армысың,сұлу күн! (күнге қарап бас иеді.)

-Армысың,ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді.)

-Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды.)





5.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Адамдар бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады.Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.»









6. Дәптермен жұмыс:

«Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазу.



7.Топпен ән айту.

«Балдырғандар әні» Сөзі:О. Әубәкіров, әні:Ш. Қалдаяқов





8.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.



9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушыларға адал досқа тән қасиеттерді айтқызу.

Балалар шеңберге тұрып,сыныптас достарына ақ тілек,ізгі ниеттерін кезектесіп айтып шығады. «Жан досым»әнін бәрі қосылып айтып шығады.



Жан досым

Сүйемін,құрметтеймін достың атын,

Дос барда талмайтындай қос қанатым.

Қосылып жүректегі сырларымыз,

Арманның асқарына жол табатын.



Қайырмасы:

Өмір сәні достықта,

Көңіл нәрі достықта.

Жүректі мәңгі жалғадық,

Сырға сырды қостық та.







































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 11сабақ_____

Тақырып: Ашу-дұшпан,ақыл-дос.

Құндылық:

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: Балалардың «ұстамдылық», «сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері:

Білімділік- ұстамдылық,сабырлылық,ақылдылықтың мәнін түсіндіру;

дамытушылық- өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік- ұстамдылыққа ,сабырлылыққа тәрбиелеу.









Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.

-Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Сабақ барысын талқылау:

4Дәйек сөз

Сабақта айтылған ойлар мұғалімнің дәйексөз мәнін түсіндіруімен қорытылады:

-Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары -ақылға салу,сабыр сақтау,ұстамды болу.Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды.Ашуын ақылына жеңдіреді.Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»,-деп өте орынды айтқан.





5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.

1.Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды,ақылға әркез келеміз»,- дегенде нені түсінесіңдер?

2.Сендердің ашуланған кездерің болды ма? Не себепті ашуландыңдар?

3.Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?

4.Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

5. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос»деген мақалды қалай түсінесіңдер?









6. Дәптермен жұмыс:

Сурет салу.



7.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Біз бақытты балдырғандармыз» әнін айтады.

Асыр салып ойнаймызда,Ән шырқаймыз билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да тентектерді сүймейміз.

Біз бақытты, біз-бақытты,

Біз-бақытты балдырған.







8.Үй тапсырмасы.

В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» мәтінін оқу.





9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

«Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің? » деген сұраққа жауап береді.

Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады. «Аға ақылы»атты өлеңді оқып шығады.



Аға ақылы

Кім үлкенді тындаса

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 12сабақ_____

Тақырып: Қуаныш-жан шуағы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері: Білімділік- қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру мәнін түсіндіру;

Дамытушылық- өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік- мейірімділікке тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» мәтінін үнтаспадан тыңдатуға болады.

Кішкентай балалар табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін?



Сабақ барысын талқылау:

4Сергіту сәті Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Балалар өлең жолдарының мазмұнына сәйкес дауыс ырғағына келтіріп,қимылдар жасайды.

Шаршадым «Уһ!»дедім, Шарасыз «Еһ!»,

Ренжідім «Туһ!»дедім, Таңырқап «О!»

Қорықтым «Ой!» дедім, Кейідім «И!»дедім,

Өкіндім «Аһ!» дедім, Біліп ап «Е!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушылардың адамдармен жағымды қарым-қатынастарын дамыту мақсатында төменде ұсынылған өлең мәтіні арқылы әңгімелеу жүргізіледі. Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін балалар мәнерлеп оқиды.Балалардың пікірлері сұрақтардың жауабы арқылы талқыланады:

  • Адамды,айналаңды,қай уақытта,қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

  • Сендер өз ойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?

  • Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен толықтырылады.

-Күлімдеп,ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді.Жаның сау болса денің сау болады.Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың.Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты молшылықта өмір сүреді.Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш-Өмір шаттығы»-деп айтқан болатын.







6. Дәптермен жұмыс:



Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерін жазу.





7.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.







8.Үй тапсырмасы.

«Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқу.



9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де ,олардың да өмір жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.

Балалар жұптасып дөңгелене тұрады.Жұптасқан балалар бір-бірінің алақанын алақына тосады,содан соң оң жақта тұрған бала көршісіне ,сол жақтағы бала сол жақтағы көршісіне алақанын тосады.Бәрі қол ұстасады,қолдарын жоғары көтереді де, күннің шуағын құрайды.Бәрі қосылып мына өлең жолдарын айтады:

Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Балалар Ф.Оңғарсынованың «Достық» өлең оқиды.





Достық әні

Ән саламыз күнде біз

Шаттық толы іргеміз

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.

























































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 13сабақ_____

Тақырып: Кешірім мен келісім.

Құндылық:. Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.,қамқорлық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Білімділік- кешірімділік,татулық,бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық- шынайы достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік- мейірімділікке,қарапайымдылыққа,достыққа тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ тақырыбымен танысып,оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін айтып беру.

Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

Сендерде осындай жағдайлар болды ма?



Сабақ барысын талқылау:

Жағдаяттарды талдау

-Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп,кешірім сұрап,өзара тіл табысып,жарастыққа жетуді өзара келісім дейді.

  1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды.Досан Қалиға ренжіп , кетіп қалды.

  • Сендер Қалидың орнында болсандар не істер едіңдер?



  1. Мадина Жанардан айнасын сұрады.Досының көңілің қимай Жанар айнасын берген еді, айнаны сындырып алды.

  • Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

«Басқа адамның кемшілігін,қателігін кешіру және өз қатесін түсініп,мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет».

Дәйексөз

-Адамлар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап,татуласады.Ал татулық-адамдар,сыныптастар,достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет.Өйткені таулық бар жерде сыйластық,махаббат,бақыт,жақсы өмір бар.Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.





6.Шығармашылық жұмыс.



Ойын-жаттығу Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді.Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері таратылып беріледі.Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі

7. Дәптермен жұмыс

Дәптердегі суретті бояу.







8.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады, бәрі қосылып «Көмектесем бәріне!» өлеңін мұғаліммен бірге айтады.

Отын жарып беремін, Ең елгезек баламын,

Суды да алып келемін. Үлкен тілін аламын,

Аялаймын мамамды, Өссем деген ойым ба,

Тиеді ылғи көмегім. Таудай биік талабым.







9.Үй тапсырмасы.

М.Төрежановтың«Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып келу.



10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш,өкініш,ренжіту,өрескелдік байқалып тұрады.Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек.Шынайы дас кешіре біледі,достықты,досты қадірлейді.

Балалармен бірге шаттық шеңберін дөңгелене тұрады. А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін бәрі бірге қосылып оқиды.

Татуласу

Әкел,досым,ққолыңды, Баққа бірге кірейік,

Татуласқан орынды. Қол ұстасып жүрейік.

Өкпелесіп не керек, Татулықтың белгісі,

Көрсет,қане,соңында. Кел қосылып күлейік.





Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№_____________Мерзiм____________№ 14сабақ_____

Тақырып: Ортақ іс табысы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбек» , «сыйластық» «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік-ынтымақ,бірліктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

Дамытушылық- бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік- өзара көмекке,достыққа тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға бірлік ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. М.Төрежановтың«Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып беру.

1. Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсындар?



2. «Көп біріксе-береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

-Ия,дұрыс айтасыңдар.Әр оқушы бір тал шыбықтан егіп,өсірген ну орман-олародың бірігіп істеген ортақ еңбектерінің жемісі.Көп біріксе береке,мереке болавды дегені-жұмыс әрі тез,әрі сапалы орындалады да береке болады,көпшілік болған соң бір-біріне қызық әңгіме айтып,әзіл-күлкіге орта толып мереке болады.Сондықтан-да Құтып аталарың «Келісіп істесе,көп іс бітеді» деп тегін айтпаған.Өйткенгі күш-бірлікте.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

«Адам өз ортасына сыйлы,ортақ істерді жүзеге асыруда адал болса еңбегі нәтижелі болады» деген жаңа ақпаратпен таныстыру.







6.Шығармашылық жұмыс.

Ойын -жаттығу

Айтылған ойды бекіту үшін «Күш -бірлікте» атты ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

Достықтың мәнін түсіндіру және балалардың денесін бір сәт сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Мына өлең жолдары,қимылдарымен екі рет қайталанады:

Санайық жаңаша: (Орындарынан тұрады.)

Бір,екі,үш..... (Екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады.)

Желбіре жалауша!(Қолдарын жоғары көтеріп,әрі-бері бұлғайды.)

Достықта біздің күш!(Қолдарын ішке қарай бүгеді.)







7. Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген ребусты шешу.





7.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.







8.Үй тапсырмасы.

Төле би туралы аңызды оқу.



9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

«Бірлік түбі - береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізді?

Шаттық шеңберін құру. «Білуге құштармыз» деген өлең жолдарын кезекпен оқу.

Білуге құштармыз,

Қаламды ұстармыз.

Ұшатын ұядан,

Балапан құстармыз.



Тезірек өсеміз,

Сөйлеуге шешенбіз.

Жұмбақты жасырып,

Жұмбақты шешеміз.

















Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 15сабақ_____

Тақырып: Құрметтей білейік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары түсініктерін кеңейту

Міндеттері :

Білімділік-құрмет,сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

Дамытышылық- ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік-үлкендерді құрметтеуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Құрмет ұғымының мәні түсіндірілуінің мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру. «Үш пайғамбар»кітабынан Төле би туралы аңызды оқу.



  1. Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?

  2. Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасындар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Жасы кіші адам өзінен үлкендерге,ал бала ата-анасына құрметпен қарап,әрқашан сыйлаулы-қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі болып саналады.Сен үлкейгенде сені кіші сыйлайды,саған ізет көрсетеді,ата-ана болғаныңда балаңның сені күтіп-баптауы,оның алдындағы парызы саналады.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Осы шеңбер аясында А.Ақыпбековтың «Өзіңді тану»өлеңін бірлесе қайталайық.

Өзіңді тану.

Жақсы болу- өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла.

Жаман болу-өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің-ақыл айнасы.

Өзің үйрен,өзіңнен. Тиеді саған мәні бар

Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану»пайдасы.





6.Шығармашылық жұмыс.

Сахналау

Балалардың өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін дамммыту мақсатында сахналау ұйымдастыру.

Балалар 5 топқа бөлінеді.Берілген тапсырма бойынша өздері жағдаяттар ойлап,сахналап көрсетеді.Жұмыстарын қорғайды.Өз пікірлерін дәлелдейді.

  1. Туыстар арасындағы сыйластық.

  2. Қыз бен ұлдың сыйластығы.

  3. Өзіңнен үлкендкрге деген құрмет.

  4. Келген қонаққа деген құрмет.

  5. Өзгенің еңбегі мен пікірін құрметтеу.



«Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер?Шағын әңгіме құрастырыңдар»деген тапсырма оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша алған білім біліктерін толықтыра түсу.





7. Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма:Оқушылардың құрмет туралы ойлары дәптердегі тапсырманы орындау барысында беки түседі.

2-тапсырма:Ф.Оңғарсынованың «Танымасын сыйламас» мәтінін оқып,құрметтеу туралы түсініктерін айтып беру.





8.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.







9.Үй тапсырмасы.

. «Жақсылық пен жамандық»ертегісін оқу.



10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Сонымен бүгінгі сабақта айналадағы адамдарды құрметтеу ұғымы туралы түсініктерімізді кеңейттік.Ата салтын ардақтап,үлкенді құрметтеп,халықты сыйлай білу-инабаттылықтың,адамгершіліктің белгісі. «Халықтың қартын сыйлауы-елінің салтын сыйлауы» дегенді ұмытпай жасы үлкендерді құрметтеп,салтымызды ардақтай білейік!













Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 16сабақ_____

Тақырып: Жақсылық жасай білейік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық» , «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік - жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

Дамытушылық - жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік - қайырымды,қамқор болуға тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Жақсылықтың мәнін ашып түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. «Жақсылық пен жамандық»ертегісі үнтаспа арқылы тыңдатылады.

Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

-Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады.Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені оны адамдар,айналасы жақсы көреді,сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері,жақсылықтары арқылы жетті.Сондықтан халық: «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын»,-дейді.Мен де сендердің жақсылықтарың,жақсы істерің туралы айтқым келеді.Сендерде өз сыныптастарыңның,достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар.Сол себепті шамамыз жеткенше,қолымыздан келгенінше адамдарға,айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін,оның шарапаты өзіңе,жақын туыстарыңа,тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.Алғысқа бөленіп,ризашылыққа кенелесіңдер.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстыру: «Адамдар бір-біріне қайырымдылық,мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».





6.Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма бойынша оқушылар берілген сұраққа жағдаят құрастырады.

1.Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?





7. Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген ертегіні өз ойларымен жалғастырып жазу.





8.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып ,А.Меңжанованың «Болайықшы осындай!» әнін айтады.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер-азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге болады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы,досым-ай!









9.Үй тапсырмасы.

Б.Әділовтың«Қанат пен Жанат» әңгімесін оқу.



10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып,өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады.Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып,өзінің оң жағында тұрған көршісіне береді.Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушылар қосылып Б.Бағайдың«Жақсылық жерде қалмайды» атты өлеңін оқиды.



Жақсылық жерде қалмайды



Жақынды ,досты аяла, Жайдары жүзбен жарқыра,

Қанатың сонда талмайды Қатыгез болсаң- сол қайғы.

Барынды жұрттан аяма, Қайырымды бол халқына,

Жақсылық жерде қалмайды. Жақсылық жерде қалмайды.





























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 17сабақ_____

Тақырып: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» , құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік - талапланудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

Дамытушылық-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік- іздемпаздыққа тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

-Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ тақырыбымен таныстырып,оның мәнін ашу мақсатында Б.Әділовтың«Қанат пен Жанат» мәтінімен таныстыру.

  1. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  2. Қанат домбыраны үйрену ниетіне қалай жетті?

  3. Талапты бала қандай болады деп ойлайсындар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

-Дұрыс айтасыңдар.Жанат та, Қанат та домбыра үйренбек болып,құлшыныс жасады.Бірақ Жанат Қанат сияқты шыдамдылық таныта алмады.Қанат өзінің шыдамдылығының арқасында домбыра үйренуге қол жеткізді.Талапты бала көбірек білсем,үйренсем деп армандайды.Құштар болған нәрсеге,арманына жетпей қоймайды.Адам қойған талабына жету үшін шыдамдылық,ұқыптылық танытып,көбірек еңбектенуі керек.Бала білім,өнерді үйренуге талаптанады.Сондықтан да ақын Ш.Құдайбердиев аталарың:

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл»,-деп айтқан болатын.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Талаптанған адам өз арманын жетеді,қандай қиындық болса да,жеңбей қоймайды. ол үшін адам ерінбей,шыдамдылық.тұрақтылық таныта білу керек екен.





6.Шығармашылық жұмыс.

Домбырам күмбірлеп,(Сол қолын жанына көтеріп,домбыра тартады.)

Күй шерте аламын,Бұрала би билеп,(Екі қолын кезекпен көтеріп,би қимылдарын жасайды.)

Сурет те саламын.(Қылқалам ұстаған қимылдарды көрсетеді.)

Ұқсатып кілемге.(Ауада төртбұрышты сызады.)

Кесте де тігемін.(Ине ұстап ,тігін тіккен қимыл жасайды.)

Актерше рөлде(Күліп,қабағын шытып,әдемілеп,киімін қолымен шашын түзейді.)

Ойнай да білемін,жалықпай талай күн,(Ермексаз илегенді қолымен көрсетеді.)

Жасаймын мүсінде,өнер көп бойымда.(Екі қолын жаяды.)





7. Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орындаңдар.





8.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналып, «Болайықшы осындай»әнін барлығы қосылып айтады.







9.Үй тапсырмасы.

«Мен талапты баламын» атты өлеңін оқу.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші.Жүрек әр түрлі сезімдерге толы.Олардың арасында жанашырлық,

қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер.Сезіндіңдер ме,сезген болсаңдар,

сендердің жүректерің жылы да мейірімді.Олай болса сендер де көп қайырымды істер жасап,қамқорлық көрсете аласыңдар.

Талаптанған адам өз арманын жетеді,қандай қиындық болса да,жеңбей қоймайды. ол үшін адам ерінбей,шыдамдылық.тұрақтылық таныта білу керек екен.





















Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 18сабақ_____

Тақырып: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» , құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік - талапланудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

Дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік - іздемпаздыққа тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

-Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың мәнін ашу мақсатында Б.Исаевтың «Мен талапты баламын» атты өлеңін оқиды.

  1. Адам талаптану арқылы қандай жетістікке жете алады деп ойлайсындар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

«Адам өзінің ынта-ықыласы,жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады»деген жаңа ақпаратпен таныстырып,оқушылардың білімдерін нақтылай түсу.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Талапты бала көбірек білсем,үйренсем деп армандайды.Құштар болған нәрсеге,арманына жетпей қоймайды.Адам қойған талабына жету үшін шыдамдылық,ұқыптылық танытып,көбірек еңбектенуі керек.Бала білім,өнерді үйренуге талаптанады.Сондықтан да ақын Ш.Құдайбердиев аталарың:

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл»,-деп айтқан болатын.







6.Шығармашылық жұмыс.

Балалар шығармашылық жұмыс бойынша талапты балаға тән қасиеттерді тауып айтып береді.

Ізденгіш,енжар,ұмтылғыш,талантты,жалқау,ұқыпты,қабілетті,еңбекқор,өнерлі,әдепті,сабырлы,табанды.



7. Дәптермен жұмыс

  • Талапты баланы неліктен құсқа теңейді?Сол туралы өз түсініктерін жазу.





8.Топпен ән айту.

«Бала т тілегі» әнін қосылып айтады.





9.Үй тапсырмасы.

«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінді оқу.





10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

. -Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. -Талабы бар адам білімді,өнерді үйреніп меңгереді.Ұлы Абай аталарың айтқандай талап-бес асыл істің бірі.Сол асылды бойымызға дарыта білейік.





























































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 19сабақ_____

Тақырып: Ақылды тыңдай білу де өнеге

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық,қамқорлық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері : Білімділік - ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық - ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік - ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. «Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады

-Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу.

Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.

-Балаларына айтқан әке өсиетінінің мәні неде?

-Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

-Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей,жақсы өмір сүрген екен.Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.Сондықтан да халық:

«Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең»-деп айтқан болатын.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстыру:

  1. Адамдарға ізет білдіріңдер!

  2. Түсінбегенді сұрап алыңдар!

  3. Айтылған сөзге мән беріңдер!

  4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!

  5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!

  6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!





6. Шығармашылық жұмыс.

Жаттығу

1.Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе қағаздарға жазылған даналық сөздерді дәптерлеріне жазып,жария етеді,есіне сақтайды.

2. Өздері тыңдап өскен,қолданып жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп,дәптерлеріне жазып,жария етеді.





7. Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағылары келетіндігін жазу.



8.Топпен ән айту.

«Біз- өмірдің гүліміз» әні: Б.Ғайзатов, сөзі: Ә.Дүйсенбиев





9.Үй тапсырмасы.

Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқу



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл-өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн.

Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып «Ізеттілік әліппесі» атты әнді шырқайджы.



Ізеттілік әліппесі

Атам менің әманда Алдын орап кісінің,

Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда, Ізетімен кішінің

Жасы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп, қол берем.











Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 20сабақ_____

Тақырып: Өзімшілдік пен көпшілдік

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық,қамқорлық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік - «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

Тәрбиелік - көпшіл болуға тәрбиелеу.











Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқушыларға оқыту.

Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалады;



  1. Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?

  2. Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма? Қандай шешім қабылдадыңдар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды,тек өз мүддесін ойлайды.Ондай адам туыстары,достары,сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.Бұл жақсы қасиет емес.Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып,айналасындағылармен тіл табысады.Кеңпейіл,көпшіл болу,сыйласа білу жақсы қасиет.

Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мұғалім өлең жолдарын айтады,оқушылар қайталайды.

-Күн,кімнің досысың? Кәдімгі көліңдей түсетін,

-Бәріңе ортақпын! Кәдімгі суыңдай ішетін,

Сен кімнің жолысың? Ауадай бәріміз жұтатын,

-Бәріңе ортақпын! Барлығы әулие тұтатын,

Бәріңе ортақпын!





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Дәйексөз

-Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады.Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты,жалғыз жүру де адамды жалықтырады,жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды.Көппен бірге жұмыс істеп,барын көппен бөлісе алатын,жеке басының қамын ғана емес,көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді.Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді.Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл» дегенінің мәнісі осы.







6. Шығармашылық жұмыс.

Жаттығыу-ойлану.

Балаларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады.





7. Дәптермен жұмыс:

Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да,оларды салыстырып қорытынды жасайды.



8.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып, «Ризашылық әнін» айтады.







9.Үй тапсырмасы.

«Қойшы Қаһарман» ертегісін оқу.





10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді,өзімшілді ұнатпайды.Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі,өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің жолдастары,достары көп,өзімшіл жалғыз.Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып,өзімшілдіктен қашық болайық.





































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 21сабақ_____

Тақырып: Батылдық пен өжеттік

Құндылық:.Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: шыншыл, мейірімді, достық,адалдық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері :

Білімділік- батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық -шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік- батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.

Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып,пікірлерін тыңдау.

«Қойшы Қаһарман» ертегісі.

Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:

1.Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?

2.Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

3.Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

4.Батылдық,өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

5.батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.

-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.









6. Шығармашылық жұмыс.

Жаттығу

Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.

Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.

Ойын

Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады .Ойыншыны ойын басқарушы онында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап қошеметтеу.



7. Дәптермен жұмыс

Кестені толтыру.



8.Топпен ән айту.

Балалар шеңбер құрып,мұғаліммен ілесіп

Қ.Мырза Әлидің «Болады-болмайды» атты өлеңін айтады.

Күйші болуға(болады), Пысық болуға(болады),

Биші болуға(болады). Кішік болуға(болады).

Ерке болуға(болады), Әкім болуға (болады),

Серке болуға(болады). Ақын болуға(болады).

Маман болуға(болады),

Жаман болуға(болады)

Айтпақшы,

Жаман болуға(болмайды)!









9.Үй тапсырмасы.

«Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.Жағымды әуен тыңдалады.











































































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 22сабақ_____

Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: шыншыл, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кңейту;

Міндеттері :

Білімділік - еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;

Дамытушылық - еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,еріншек пен еңбексүйгіш туралы балаларда түсінік қалыптастыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.

Мәтінді әңгімелеп беру. «Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі.

Балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қою.

1.Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер

2.«Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Еңбексүйгіштің бойындағыжақсы қасиеттерді атап беріңдер.

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:

-Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады.Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгiмелеу (сұхбат)

Мұғалім оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында төмендегідей әңгімелесу сұрақтарынберіп, пікірлеседі.

1.Еңбектену адамға не үшін қажет?

2.Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?

3.Өзіңді еңдекқомын деп манайсың ба? Неліктен?







  1. Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Бабалардың жауаптарды дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

-Еріншектік,жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші кедергіні тудырады,жолын болдырмайды.Нәтижесінде көңіліңде,қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап»деп айтқан болатын.

Шығармашылық жұмыс

Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін

«еңбек пен бақыт-егіз» мақалын көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау әдісімен талқылау.

Сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес тапсырмасы беріледі.

- М.Әлімбаевтың «Ұшпақ па әлде еріншек пе?» «Менің оған нем кетті»өлеңдерін салыстыра оқыту.













6. Шығармашылық жұмыс.

Еңбек

Қырға шықсаң,өрлеп (Қолдарын кезек -кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты-еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)

Мұның аты-Еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)

Әзірленсең-Еңбек.

Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)



7. Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар. Жазғандарын салыстыра отырып өз қорытындыларын шығарту.

2-тапсырма: Мақалдарды оқытып,түсініктерін айтқызу.

«Еңбек- ырыстың бұлағы, бақытттың шырағы».

«Адал еңбек, алғыр ой-анық досың біліп қой»

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.





8.Топпен ән айту.

Балалармен бірге қосылып өлең айту.

Ата ақылы

А.Хангельдин

Шындық деген -ар-ұят, Айтпа ,жаным, өтірік,

Әділдік пен адалдық. Болсам десең үлгілі.

Бол ісіңе мұқият, Мәпелеген өсіріп,

Қашсын десең жамандық. Сен де еліңнің бір гүлі....











9.Үй тапсырмасы.

«Әдемі әже» әңгімесін оқу.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық-еріншектік. бұл әдет- бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық,-деген екен».

























































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм___________№ 23сабақ_____

Тақырып: Төзім мен табандылық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Жауапкершілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Міндеттері :

Білімділік - төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығынтүсіндіру;

Дамытушылық - өз ара жағымды қарым-қатыныстарын дамыту;

Тәрбиелік - төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Тыныштық сәтi.

Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, төзімділік,табандылық туралы түсінік беру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.

Р. Әбілқадырова «Әдемі әже» әңгімесін оқу.

1.Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымдардан нені түсіндіңдер?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Сабақта табандылық туралы түйіндеме беріледі.

Табандылыққа жетудің жолдарын біліп алыңдар!

  1. Еңбектеніндер!

  2. Қиындықтан қашпандар!

  3. Кедергілерді жеңе біліңдер!

  4. Бастаған ісінді аяғыны дейін орындаңдар!

  5. Мақсатыңа жете біліңдер!

  6. Бәрекелді!







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

1.Төзім,табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?







6. Шығармашылық жұмыс. Ойын- жаттығу

Тақтаға қағаздан жасалған қарағайдың сұлбасы ілінеді. Балаларға қағаздан қиып жасалған қарағайдың бүрлері таратылады.Қарағай қандай қасиеттерімен ерекшеленеді, соны естеріңе түсіріңдер.

Мысалы : Райымбек төзімді, өйткені ол қиындықты жеңе алады т.б .



7. Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орындаңдар .





8.Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай» сөзі мен әні: А.Меңжанова









9.Үй тапсырмасы.

«Төзім» деген өлеңін жаттау.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.



Төзімді табанды адам қиындықтан қорықпайды. Қаңдай кедергі болса да, жеңіп шығады.































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 24сабақ_____

Тақырып: Төзім мен табандылық

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: Жауапкершілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты:. Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Міндеттері :

Білімділік - төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығынтүсіндіру;

Дамытушылық - өзара жағымды қарым-қатыныстарын дамыту;

Тәрбиелік - төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.



-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсадар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстырып төзім өлеңін айтып береді.

«Төзімді жан мойымас», «Төзген жетер мұратқа» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?



Сабақ барысын талқылау:

4. Жағдаяттарды талдау

Сабақта оқушылардың алған білімдерін іс жүзіне асыра алуға мүмкіндік беретін жағдаяттар ұсынылады. Оқушылар жағдаяттарды топта шешіп, өз шешімдерін сынып алдында жария етеді.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)



1.Төзім,табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?





6.Шығармашылық жұмыс.

Сахналау

Алдын ала дайындалған оқушылар көрініс көрсетеді «Қымырсқаға сабақ болды»



7. Дәптермен жұмыс.

-Аңызды оқып, Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тізбелеп жазындар.





8.Топпен ән айту.

Балалар шаттық шеңберіне жиналып,мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

Тапсырманы берілген, Сенімді боп өзіме,

Дер кезінде атқарам. өзімді-өзім басқарам.











9.Үй тапсырмасы.

Асыл шөп әңгімесін оқу.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Табандылық, төзімділік - адам бойындағы асыл қасиеттер. Табанды, төзімді болу өз қолында. -Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсадар да болады.





































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 25сабақ_____

Тақырып: Сабыр түбі - сары алтын

Құндылық: Сабырлық

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты:. Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік- сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық- жағымды қарым-қатынас жасау

Тәрбиелік - ізеттілікке тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.



-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсадар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабыр ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады:

Оқушы әңгімелеп береді.Оқушылардың ол туралы пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады?

-Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

-Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?

-Зылиқаның «сабыр»атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

Мұғалім тақтада жазулы тұрған ұлы ақын Абайдың «Асығыс түбі өкініш,ойланып алмақ-сабыр сол» деген сөзінің мәнін түсіндіреді.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)



  1. Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіндер?

  2. Өздерінің сабырлылық танытқан кездерің туралыайтып беріндер







6.Шығармашылық жұмыс.

Жаттығу-ойлану

Оқушылар берілген даналық сөздерді оқып, мазмұнын өз ойларымен түсіндіріп беруге ұмтылуы тиіс.

«Шыдамды,сабырлы адам-бастаған ісінің нәтижесін көреді..»

«Адамның басшысы-ақыл,қорғаны-сабыр».

«Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа».

«Сабыр түбі сары алтын,сарғайған жетер мұратқа,Сабырсыз қалар ұятқа ».(Мақал-мәтелдер)

Балалардың жауаптары тыңдалады.





7.Топпен ән айту.

«Біз өнерпаз баламыз» әні:Ө.Тұрманжанов,сөзі: Ж.Меймандосов









8.Үй тапсырмасы.

Бұлақ сылдыры әңгімесі оқу.





9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.











Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 26сабақ_____

Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа

Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

дамытушылық-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік- имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.

Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың жақсылық жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.

Бұлақ сылдыры әңгімесі оқылады.

Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.

-Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?Сендер солай жасай алар ма едіңдер?

-Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?

Балалардың жауаптары тыңдалды.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

-«Ешқашан жақсылық зая кетпейді»деп үнді нақылында айтылғандай,шалдың жасаған жақсылығы зая кетпеген екен.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді.Жылы жүрек,ақ ниет,нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа,игілікке жеткізеді.









6.Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың білім-біліктерін шыңдау үшін шығармашылық тапсырма береді.Тапсырма бойынша балалар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқиды.

Жақсы - ..........

Әлемге бірдей.

.......үлгісі

Жанып тұрған ......

......- ортақ,.....-ортақ,....-ортақ.

Жақсы келді дегенше,

.....келді десейші.

......нышпанын

Алып келді десейші.





7.Топпен ән айту.

«Біз өнерпаз баламыз» әні:Ө.Тұрманжанов,сөзі: Ж.Меймандосов









8.Үй тапсырмасы.

«Атаның өнегесі» әңгімесін оқу.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.









































































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 27сабақ_____

Тақырып Табиғатқа қамқорлық.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік- табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру

Дамытушылық - табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту

Тәрбиелік - табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.









Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

Күн жылуын құстың ұшуын шөптің дыбысын,ағаш жапырақтардың сыбдырын су сылдырын.Гүлдің жұпар иісін,жалпы табиғат тынысын,сезіну қажеттігі түсіндіріледі.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінді әңгімелеп беремін: «Атаның өнегесі» әңгімесі.

Оқушылар түсінігін байқау мақсатындағы қойылатын сұрақтар:

-шығармашылық тапсырама. СЫНЫП 3 ТОПҚА БӨЛІНІП 1 ТОП актерлер,2 топ журналистер,3 топ суретшілер тобы болып бөлінеді. 1 топ актерлер тобы әңгіме желісі бойынша көрініс көрсетеді. 2 топ журанлистер оқушылармен сұхбаттасады.

Журналистер тобының сұрақтары:

-Атасы немересін неліктен жол үстінде тоқтатты?

-«Жол жүрсең жоралғыңды сақта » дегенді қалай түсінесің?

-Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық деп айтуға бола ма?Неліктен?

-Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен білуге болады?

Бала жауаптары тыңдалады.

Келесі суретшілер тобының суреттері көрсетіліп,әңгімеленеді.

-Жол үстін ,жол жиегін тазалау ,бұлақ көзін ашу,ағаш отырғызу сияқты кей істер қарапайым көрінгенмен ол өте игілікті іс.Өйткені мұндай істердің шарапаты ,жақсылығы ,пайдасы тиеді. Ал отырғызылған ағаштар орманға айналып,көлеңкесі мен оның таза ауасымен бүкіл халық тыныс алады.



Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

"Көзіңді қалдыр -бұлақ көзін аша жүр,ізіңді қалдыр -жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр-бақша өсіріп жаса нұр"



5.Әңгiмелеу (сұхбат)



-Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?

-табиғатқа не үшін қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?

-табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?

-Балалар, табиғат-ана біздің жанымызға жомарттық,кеңпейілдік,көңілімізге мөлдірлік,сезімге асқақтық сыйлап отыр.Ата -бабамыздан келе жатқан жасыл желекті ,ну орманда ,ғажайып көлдерді сақтап,келес ұрпаққа жеткізу -біздің міндетіміз.







6.Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма .

Оқушы білімін тиянақтау үшін.

-Табиғатқа өздерің қандай қмқорлық жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

1 топ. Табиғатқа тіл бітсе... айдарымен онда ол адамға қандай өтініштер айтуы мүмкін.

2топ.. Қазақстан қорықтарын қалай жақсартуға болады. Ойларыңды жазыңдар.





7.Топпен ән айту.

«Біз бақытты балдырғандар»әні:М.Әлімбаев,сөзі: :Ө.Байділдаев









8.Үй тапсырмасы.

«Табиғат ана.» әңгімесін оқу.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар табиғатқа бір қарайықшы алуан сурет салып қойғандай.Осы дүниенің ішінде

сен де барсың.Осындай сұлу дүниені жаратқан табиғат-ана.

Балалар барлығымыз шеңберге жиналып « Мектеп вальсі» әнін айтайық.

Сөзі:С.Жиенбаев. Әні:Б.Ғизатов.

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар

Айдын көлді арала.

Нұрлы көктем

Сүйді беттен

Гүл көктемді қарсы алып,

Би билейміз ән салып.



Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.



























































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 28сабақ_____

Тақырып Табиғатқа қамқорлық.

Құндылық:

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері :

Білімділік - табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру ;

Дамытушылық - табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту

Тәрбиелік - табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

Күн жылуын құстың ұшуын шөптің дыбысын,ағаш жапырақтардың сыбдырын су сылдырын.Гүлдің жұпар иісін,жалпы табиғат тынысын,сезіну қажеттігі түсіндіріледі.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінді әңгімелеп береді: «Табиғат ана.» әңгімесі.

Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

«Біз табиғатты ата-бабамыздан мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық» деген халық даналығының мәні түсіндіріледі.

Біздің ата-бабамыз ұрпағы үшін табиғатты аман есен сақтап ,баптап,бізге жеткізіп отыр. Осы мұраны жоғалтпай келешек ұрпаққа тапсыру бізідің мойнымыздағы қарыз.Ол үшін өз ауылымыздың ағашы мен бұтасын кеспей, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру ауаны таза ұстау-біздің міндетіміз.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

-Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?

-табиғатқа не үшін қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?

-табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?

-Балалар, еліміздегі қорықтарға бөлінген жерлерге ешқандай шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді. Табиғат байлықтары ерекше бақылауда болады. Сондай қорықтардың бірі марқакөл қорығы. Марқакөл қорығы туралы айтылады. Қорықта 1000 нан астам өсімдік,құстардың 250 ге жуық түрі,ал сирек кездесетін жануарлардың сан түрі кездеседі. Мұндай табиғат байлықтарын сақатп қалуда қорықтың орны аса зор.





6.Шығармашылық жұмыс.

Оқушы білімін тиянақтау үшін.

-табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесің?

-табиғат-ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?





7.Топпен ән айту.

«Көктем келді » әнің балалар бірге айтады.









8.Үй тапсырмасы.

«Көктем иісі» әңгімесін оқу.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.

























Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 29сабақ_____

Тақырып: Жер-ана.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат,жер ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері :

Білімділік - жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық - жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту;

Тәрбиелік- жерді қадірлеуге тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,кеспе қағаздар.



1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер

Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.

Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Жер -ана ұғымының мәнін түсіндіру үшін «Көктем иісі» әңгімесін оқу ұйымдастырылады.

Жаңа ақпарат: Адамның өмірі жермен тығыз байланысты. Жерден қасиетті ,жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Жер-адамзаттың өмірге келіп көзін ашқанна бері тербеткен алтын бесігі. Адам өзінің туган жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін жүректен шыккан құдретті сөзбен сазды әуенмен жырлаған.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

«Баптағанға -жер жомарт» деген халық даналығының мәні түсіндіріледі.

Біздің ата-бабамыз ұрпағы үшін табиғатты аман есен сақтап ,баптап,бізге жеткізіп отыр. Жерді күтіп,баптап,таза ұстау керек.Жеміс -жидектер де әсем гүлдер де,тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып,күтіп баптағаннан кейін көбейе түседі.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Әңгімелесу сұрақтары қойылып,әңгіме өрбиді.

-Жермен сырласа білесің бе?

-Неліктен адамдар жерді анаға теңейді.

-Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласыңдар?





6.Шығармашылық жұмыс.

Оқушы білімін тиянақтау үшін.

-Өз туған жерің туралы әңгіме құрастыр.

Сахналау. Сахналау үшін «Жер ана тұншықса» тақырыбына жазылған әңгімені оқып,сахналайды.





7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі»әні:Ф.Жолдасова , сөзі: : С.Молдасанұлы









8.Үй тапсырмасы.

Таза бұлақ оқу.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар сендер денсаулықтың құпияларымен таныс болдыңдар.Жан саулығы,тән саулығы үшін әрекеттер жасау керек екендігін үйрендіңдер.Олар-таза ауа,табиғи су,спорт тазалық зиянды әрекеттер жасамау ,жақсы көңіл күй.Жанымыз бен тәніміз сау болса біз бақыттымыз.Оқушыларды шеңберге жинап сабақты қорытындылау,оқушылар өмір тек қана

күлкіге толсын,денсаулығың мықты болсын деп бір-бірлеріне шарларын ұсынады.



Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.









































































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 30сабақ_____

Тақырып Су - өмір көзі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: «Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері :

Білімділік - судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық - суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік - суды қадірлеуге,үнемдеуге тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер

Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.

Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.

  1. Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер?

  2. Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білдіңдер?

  3. Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді,әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсындар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Мұғалім тақтада жазулы тұрған М. Хакімжанованың «Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат» деген өлең жолының мәнін түсіндіреді.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.

  1. Су адамға не үшін қажет деп ойлайсындар?

  2. Су болмаса тіршілік,өмір болуы мүмкін бе? Неліктен?

  3. «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіндер?





6.Шығармашылық жұмыс.

Үнтастадағы әр түрлі әңгімелерден теріп алынған сөйлемдер тыңдатылады.Оқушылар әрбір сөйлемнен кейін суға сипаттама береді.Мұғалім тақтаға «Су........» деп жазып қояды да,балалардың берген жауаптарын жалғастырып жазып отырады.





7.Топпен ән айту.

Балдырғандар әні сөзі:Н.Жанаев. әні:Б.Дәлденбаев.

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламын,

Туған жердің төрінде

Алау болып жанамыз.









8.Үй тапсырмасы.

«Табиғатпен тілдессем.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.



Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.

















Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 31сабақ_____

Тақырып: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Құндылық: Адамгершілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: Оқушылардың «табиғат» , «деңсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік- табағат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық - деңсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік - табиғатты, халқын сүюге, деңсаулығын сақтауға тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер

Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.

Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.

Мұғалім өлеңді оқып береді.

Балалардың түсініктері сұрақтарға берген жауаптарынан байқалады.

«Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың,

Әуел баста егіз бап жаралғансың» деген өлең жолдарынан нені түсінесіңдер?

«Ол ауырса сенің де ауырғаның,

Ол сауықса сенің де сауыққаның» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Табиғаттың қабағы қашан да ашық,

Сезбесе егер адамнан қауіп барын» деген өлең жолдарына көзқарастырың қандай?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Оқушылардың ойлары сабақтың дәйексөзімен түйінделеді.

«Табиғатқа тазалықты тарту ет» деп айтады.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

  1. Жасыл ел туралы естігендерің бар ма?

  2. Жасыл ел тобын құрған адамдар немен айналысады?

  3. Олардың атқарған іс-шаралары қандай мақсатпен жасалуда деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.





6.Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық жұмыс тапсырады. Мұнда оқулықтағы суретке қарап, «Жасыл ел» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырады. Адам денсаулығын жақсарту үшін табиғат аясында тағы да қандай істер атқарған дұрыс? Сұраққа жауап іздестіреді.







7.Топпен ән айту.

Туған өлке туралы өлең айту.







8.Үй тапсырмасы.

«Алтын балық» ертегісін оқу.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.





Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.













Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 32сабақ_____

Тақырып: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік-табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық -денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік -табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер

Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.

Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың көрінісін бойынша түсініктерін кеңейту түсу үшін әңгімелеу ұйымдастырылады.

«Алтын балық» ертегісін әңгімелеп береді.

Оқушылардың түсініктері сұрақтарға жауаптар рқылы тыңдалады:

-Адам орман мен суды неліктен іздеді?

-Сендер адамның орнында болсаңдар,қандай тілек айтар едіңдер?

-Ертедегі жағдайларға қазіргі қандай жағдайлар ұқсайды?

-Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Мұғалім тақтада жазулы тұрған «Мың шыбық шаншып,өсірсең,халқыңа орман салғаның,халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның»деген халық даналығын түсіндіреді.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Қазір табиғаттың адам өміріне қажеттілігі туралы шағын көріністі тамашалауға ұсынамын.

Қатысушылар: Күн,ауа,су,жер,оқушы.

«Күн», «Ауа», «Су», «Жер» рөлі бойынша алдын ала дайындалған оқушылар тақтаға шығып көрінісін көрсетеді.





6. Дәптермен жұмыс

Оқушы дәптерінің беті екіге бөлініп берілген,балалар бірінші жартысына ертегінің басындағы алтын балық кездеспеген кездегі табиғаттың суретін салады,одан кейін екінші жартысына алтын балық тілегін орындағаннан кейінгі табиғаттың суретін салыңдар.









7.Топпен ән айту.



Менің елім

Менің елім- алып ел,

«Бар ғой онда бәрі»-дер.

Өзен де бар,шөл де бар.

Дөңес те бар,тау да бар.

Бақша да бар ,бау да бар.









8.Үй тапсырмасы.

сурет салып келу.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Өлеңде денсаулықтың мәні қалай түсіндіріледі?Ал сендер қалай ойлайсыңдар?

Балалар өз түсініктерін өлең жолдары арқылы білдіреді:

Тазалықты сақтайық,

Табиғатты баптайық.

Бізге деген пайдасын,

Жақсылықпен ақтайық.



Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.















































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 33сабақ_____

Тақырып: Денсаулық -өмір негізі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік-денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық- денсаулығын күту іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік- денсаулығын қадірлеуге тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер

Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.

Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Денсаулықтың мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.

Мұғалім оқулықтағы ұсынылған өлеңді оқып береді.

-Өлеңде денсаулықтың мәні қалай түсіндіріледі?Ал сендер қалай ойлайсыңдар?



Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

Мұғалім сабақты дәйексөзбен қорытындылайды:

Тақтада жазулы тұрған «Күн тәртібі мен еңбек -денсаулық кепілі» деген халық даналығының мәнін түсіндіреді.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)



  • «Денсаулық -өмір негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

  • Неліктен «Басты байлық- денсаулық» деп аталады?

Мұғалім оқушыларды денсаулықты күтудің кейбір жолдарымен таныстыру мақсатында ұсынылып отырған «Аппақ бала» әңгімені айтып береді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.





6.Шығармашылық жұмыс.

Ойын-жаттығу.





-Балалар, қазір осы әңгімеде айтылған өсиеттердің бізге қаншалықты пайдалы екендігін білу үшін,оларды орындамаған жағдайда неге әкеліп соқтыруы мүмкін,сол бойынша ойланып өз ойымызды білдірейік.Оқушыларды өсиет санына сәйкес топтарға бөліп, оларға бір өсиеттен таратып береді,оқушылар оны орындамаған жағдайда қандай өзгерістер болатындығын айтып,ол бойынша өз қорытындыларын шығарады.

Мысалы:

-Егер біз ерте тұрмасақ, онда.....Сол үшін ортаны таза ұстау қажет.

-Егер жер-ананы аяламасақ,онда....Солүшін жерді күтіп,баптау керек.

Дәптермен жұмыс

Әр бала өз күн тәртібін дәптеріне жазады.





7.Топпен ән айту.

Біліміңмен көктедім.

Алтын ұя-мектебім,

Біліміңмен көктедім.

Саған деген жүректе

Ақ алғысым көп менің.







8.Үй тапсырмасы.

Өздеріңнің күн тәртібің туралы сурет салып келіңдер.



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім оқушыларға үлкен етіп үрленген шарды береді,ол шарға «дәрумен» деп жазылған.Оқушылар кезекпен сол шарға маркермен жақсы, көңіл көтеретін сөздер жазып шығады.Оқушылар аулаға шығып шарды ұшырады.Балалар өлең оқиды.

Бақытты балалық шақ

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл-бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді,бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.



Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.





































































Өзiн-өзiтану сабағының жоспары



Мектеп_№11_____________Мерзiм____________№ 34сабақ_____

Тақырып: Үйренгенім көп менің

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып: 4Сабақ мақсаты: Адамгершілік құндылықтары,адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

Білімділік - «Өзін-өзі тану»пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау;

Дамытушылық - жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік - өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.





2.Тыныштық сәтi.

-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер

Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.

Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптер тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

Мұғалім сабақты дәйексөзбен қорытындылайды:-Балалар,сендердің жауаптарың,пікірлерің,ойларың,әрекеттерің «Өзін-өзі тану»пәні арқылы көп адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді ұғынғандарыңды көрсетіп тұр.Осы үйренгендеріңді өмірде пайдаланып,олардың сендерге нағыз адам болып қалыптасу жолында көмектесетініне көздеріңді жеткізіңдер.Өйткені халық «Үйренгенің өзіңе жақсы» деп тектен-тек айтпаған.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Мұғалім оқушылардың «Өзін-өзі тау» пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау және адамгершілік құндылықтар,адами қасиеттер туралы түсініктерін бекіту үшін әңгімелесу жүргізіледі.

-Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендіңдер?

-Достарыңа,сыныптастарыңа қандай ақыл айтар едіңдер?

-Ата-аналарыңмен қандай тақырыпта кеңескенде қалар едіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.





6.Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім өзін-өзі танудың қорытынды сабағын кіріспе сөзбен бастауы мүмкін:

«Өзін-өзі тану» елінің суретінен «Тіл табысу» мекені көрсетіледі. Онда Данышпан атаның суреті болады.Оның қолындағы қағазға «Ең жақсы көретін қасиеттерің» деп жазылған.Балалар әр тур бойынша сұрақтарға жауап беріп,өз тобына бір жалауша іледі.



Дәптермен жұмыс

Әр бала өз күн тәртібін дәптеріне жазады.





7.Топпен ән айту.

Біліміңмен көктедім.

Алтын ұя-мектебім,

Біліміңмен көктедім.

Саған деген жүректе

Ақ алғысым көп менің.







8.Үй тапсырмасы.

Қайталау



9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар шеңбер құрып тұрып,кезектесіп «Өзін-өзі тану»пәніне,ұстазына,өзін-өзі тануда бірге болған сыныптастарына алғыстарын, тілектерін айтып, ризашылығын білдіреді.Бәрі бірге қол ұстасып,ән шырқайды.

Ризашылық әні

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге!

Ризамын бүгінге,

Ризамыз қазірге!(2 рет)

Ризамын,ризамын,ризамын бүгінге!

Ризамын,ризамын,ризамын қазірге!(2 рет )







Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал