- Учителю
- Мероприятие на тему «Сыңғырлаған қоңырау – жаңа түлекке жол бастау»
Мероприятие на тему «Сыңғырлаған қоңырау – жаңа түлекке жол бастау»
№267 орта мектеп
Сыңғырлаған қоңырау -
жаңа түлекке жол бастау
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Сыңғырлаған қоңырау - жаңа түлекке жол бастау» 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматтарын елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер
(ортаға 2 жүргізуші шығады)
Фанфар
1- жүргізуші:
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің - мерекең!
2-жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Бүгінгі Білім күні мерекеге
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
1-жүргізуші:
Нұрлы жолдың нұрлы болашағына үлес қосар мектебіміздің «Сыңғырлаған қоңырау - жаңа түлекке жол бастау» атты салтанатты жиынымызды бастаймыз!
БӘД жетекшісі команда береді.
Ермек:
Салтанатты жиын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекетік туы әкелінсін! (Фонға «Көк тудың желбірегені») /туды ұстайтын Мырзағали Айдын, Джумаханова Жанна,Сарсенбай Аружан/
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік - қырансың, қалықтаған,
Алты алаштың көгінде шарықтаған.
Көптен күткен халқымның сәбиісің,
Әлдилеген құшақта алып далам.
2-жүргізуші:
Желбіресін көк байрағы елімнің
Болыңдаршы иесі асқақ сенімнің
Ұл- қызы боп өсіңдерші ылайым
Шырқалады әнұраны елімнің.
(Қазақстан Республикасының Гимні орындалады)
1-жүргізуші:
Биыл - ерекше қастерлі жыл.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам бастық.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік - нұрлы жолымызды мерейлі белестерге жетелейтін ұлық мереке. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ.
1-жүргізуші:
Мереке құтты болсын!
1-жүргізуші:
Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан - 2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
2-жүргізуші:
«Қазақстан -2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
1- жүргізуші:
Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.
2-жүргізуші:
«Көркемдік-эстетикалық балалар орталығының» мұғалімдерінен құралған «Домбыра-дастан» ұлт аспаптар ансамблінің орындауында Қазанғаптың күйі «Ақжелең», қабыл алыңыздар, көркемдік жетекшісі Бексұлтан Серік Әлтайұлы.
ҚАЗАНҒАПТЫҢ КҮЙІ «АҚЖЕЛЕҢ»
1-жүргізуші:
Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,
Күн сайын өркендерміз, өсерміз.
Бүгінгі салтанатты жиналыста
Құрметпен өзіңізге сөз береміз.
Құдайбергеновтың күйі «Балдырған», саз сырнайда орындайтын Әлжанов Алмас, сүйемелдеуші «Домбыра-дастан» ансамблі, қабыл алыңыздар.
ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ КҮЙІ «БАЛДЫРҒАН»
2-жүргізуші:
Таудай талап пен асқаралы арман жүгін арқалаған үкілі үміт жетегіндегі шәкірттерімізді білім әлемінің тағы бір табалдырығын аттаған қуанышымен құттықтау үшін Сөз кезегі ардагер ұстаздарымызда. ( қонақтарға сөз беріледі)
Ән «Көңілді күн» орындайтын Марат Сезім, қабыл алыңыздар.
ӘН «КӨҢІЛДІ КҮН»
1-жүргізуші:
Мемлекет басшысы - Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, Конституция басты құндылықтарымызды - Тәуелсіздікті, Бейбітшілік пен Тұрақтылықты мәңгілікке бекітті.
2-жүргізуші:
ҚР Конституциясы - мемлекет негізінің іргетасы. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.
Ата заңың-мерейің,
Мәртебең мен беделің.
Ата заңмен өркендеп,
Өсіп, өрлей берейін!
1-жүргізуші:
Елбасымыз «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген.
Жарылқасын Назерке
Қазағымның тарихы жатқан аңыз,
Ел болдық егеменді мақтанамыз.
Төбеміз көкке жетті қуаныштан,
Жаңғырды ата-дәстүр, салт-санамыз.
Жиырма бес жыл егеменді елімізге,
Тәуелсіздік шықты енді төрімізде.
Әлемнің тыныштығын ойлап жүрген,
Ел тізгіні Елбасы өзіңізде.
Әрбір күн ала келсін жақсылықты,
Көп көрді халқым менің тапшылықты.
Тойымыз тойға ұласқан заман болсын,
Еліміз әрқашан да аман болсын!
2-жүргізуші:
Мектебіне шәкірттер ағылады,
Сана, білім сусаған табылады.
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,
Ұстазына жеткенше сағынады.
1-жүргізуші:
Жүректері тұратын лүпіл қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық.
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,
Осы шақты аңсайды бүкіл халық.
2-жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің - алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
1-жүргізуші:
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең - дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
2-жүргізуші:
Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге беріледі. /оқушылар өлең оқиды/
1-жүргізуші:
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген
құрметті ата-аналарымызға береміз.
Халық әні «Еліг-ай» орындайтын қалалық ХҮІІІ «Бозторғай» байқауының ІІІ орын жеңімпазы Алимбаева Дильназ, қабыл алыңыздар.
ХАЛЫҚ ӘНІ «ЕЛІГ-АЙ»
1-жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын - алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін
ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын
алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімі
/Қоңырау соғылып жатқан сәтте өлең оқылады/
1-жүргізуші:
Алтын ұя - киелі шаңырағым,
Мен өзіңе қашан да табынамын.
Алыс, жырақ өзіңнен кетсем егер,
Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын!
2-жүргізуші:
Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын
1-жүргізуші:
Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер - білімге
2-жүргізуші:
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
Маханов Ермек: Мектеп, түзел, тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!
Ал енді 1-сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлемге саяхатында сәт сапар!
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар - алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.Ақ жол, бүлдіршіндер!
«Балдәурен» жігіттер триосының орындауында ән «Туған жер» М.Диас, Ә.Өмірзақ,А.Әсет
1- жүргізуші:
Осымен 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынымыз мерекесі өз мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
2- жүргізуші:
</ Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!
Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар сіздерді «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы алғашқы білім сабағына шақырамыз.