- Учителю
- Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды ашық тәрбие сағаты 8 сынып
Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды ашық тәрбие сағаты 8 сынып
Тақырыбы: « Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды»
Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен
таныстыру. Соғыс ардагерлерінің ерліктерімен, тыл еңбеккерлерінің,
елдегі халықтың көмегі, сол замандардың балаларының, елдің
тыныс-тіршілігімен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен ой -
өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды
қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы суреттер, гүлдер, шарлар,
батырлардың суреттері, қанатты сөздер, қабырға газеттері.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, демонстрациялау, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
Алдын ала оқушыларға топтық жұмыстар беріледі:
1-топ: Ұлы Отан соғысы,
2-топ: Қазақстаннан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары,
3-топ: Жеңіс күні туралы ақпарат жинайды.
Әр оқушы өз қабілетіне қарай тақырыпқа байланысты суреттер салып, эссе, өлеңдер жазады.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалім:
Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп
отыр. Иә, осынау ұлан - ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз?
Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық
пен қиындықты өткерді емес пе? Ата - бабаларымыздың осындай
ерлігінің бірі - Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы
бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да
жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір
адамның жүрегінде.
1 топ жауап
Оқушы: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып
келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын
- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге
опасыздықпен басып кірді.
Оқушы: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер
туды.
Оқушы: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді.
Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып,
майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам
жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары
арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Оқушы: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша
күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап
шықты.
Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір - түпкірді шарпыды, қасіретті сұм
соғыс жыр алыбы Жамбыл атамыздың да шаңырағын шайқалтып кетті.
2 топ жауап
- Ал, Момышұлы Бауыржан- екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты
жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан
жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.
Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір
жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына
қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.
Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери
бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
-Талғат Бигелдинов - Авиация генерал - майоры, Кеңес Одағының екі
мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. Сол күннен бастап әскерилер
арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр
басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты
ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери
шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады.
Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты
«Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры
атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ
қан майданнан аман - есен оралған соң, әскери әуе академиясын
аяқтайды. Қазақстанның әскери - әуе күштерінде түрлі басқару
қызметінде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа
шығады.
-1941-1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысына
қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін
фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға
политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық
дивизияда жауға қарсы шайқасады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин
жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ
боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының
Жарлығымен Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының
Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая
Звезда» медалі де қоса марапатталады.
-1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев - Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын
тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. Лейтенант Қошқарбаев Берлин
операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер
Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен
жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы
кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.
Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында алғашқылардың бірі болып,
Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті.
-Міне Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк
Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.
б.
3 топ жауап
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30сәуірде.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін
9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.
Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам - жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!
Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!
Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек.
Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді.
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім, күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңда жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Мұғалім:
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
№12 Қ.Сарымолдаев атындағы орта мектеп
Сынып: 8
Сынып жетекшісі: Саркулова А.К.
2015-2016 оқу жылы