7


  • Учителю
  • Тәрбие сағатының тақырыбы: «Темекі туралы шындық» 9 сынып

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Темекі туралы шындық» 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Күні: 25.10.2016 ж.



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Темекі туралы шындық»



Қазақстан халқының 27 пайызы (4 милион адам) темекі тартады. Оның 600 мыңы қыз-келіншектер болса, 120 мыңы 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олардың басым бөлігі 20-ға толмай жатып, шылымның "дәмін" татады екен. Сорақысы сол, елімізде жылына 25 мың, күн сайын 70 адам темекінің кесірінен туындаған дерттерден көз жұмады екен. Қазақстандағы ерлердің 45, ал әйелдердің 8 пайызы темекіге әуес. Алматыда бір мезетте 350 мың адам жыл сайын 400 милион доллордың темекісін тұтынады. Біздің еліміз әлемде темекі тартудан 13-ші орында екен. Дұниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегушілердің есебінен 2020 жылы онкологиялық дерттер әлем елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өсе түседі деген пікірде. Бұккіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, жиырма бірінші ғасырда жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам ажалын темекі шегіудің салдарынан туындайтын аурулардан таппақ. Ал, әлемде сағатына шылым шегудің кесірінен 560 адам көз жұмса, оның үшеуі - біздің елдің азаматтары. Еліміздегі 12 мен 14 жас аралығындағы балалардың 10 пайзы, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 21 пайызы, 18-19 жастағы жастардың 32 пайызы, 20-29 жастағы адамдардың 30 пайызы шылым шегуге әуестенген. Ал, 29 бен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды, қалалық жерде тұратын ер адамдардың 62 пайызы және ауылдық жерлерде тұратындардың 65 пайызы көк түтінді серік етткен. Сондай-ақ, қаладағы туу жасындағы әйелдердің 8 пайызы, ауылда тұратындардың 7 пайызы жаман әдеттке бой алдырған.Тәрбие сағатының тақырыбы: «Темекі туралы шындық» 9 сынып

Темекі - адамдардың өліміне себеп бола тұра заң жүзінде тұтынуға рұқсат етілген әлемдегі екі өнімнің бірі.. Езуіне темекі қыстырғандардың үштен бірі, кейде тіпті, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын өледі екен. Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тарттса, ал 45 жастағы адам өмір бойына орташа 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, оны о баста ойнап бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) темекі тартуды жұқпалы ауру (эпидемия) ретінде қарастыруда. Олар 30 жылдың ішінде жасалған ірі көлемдегі 8 зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Бұл зерттеуде 2 милионға жуық сырқат пен 290 мың өлім себебі қарастырылған. Аталған нәтижелерге сүйене отырып, дірігер-мамандар темекіні адам ағзасына зиянын төмендегідей топтарға бөліп қарастырады:

Ас қорту жүйесіне зияны

  1. Дәмге деген тәбетті қашырады.

  2. Ас қортуды нашарлатады.

  3. Асқазанда жара пайда болады.

  4. Ерін, тіл және өңеште қатерлі ісік (рак) ауыруына жол ашылады.

  5. Тамақ бойға дұрыс сіңбейді.

Тыныс алу жүйесіне зияны

  1. Өкпе мен көмекейді қатерлі ісікке ұшыратады.

  2. Осы тектес аурулардың 90 пайызының себебі темекіден екені дәлелденілген.

  3. Мұрын, ауыз, тыныс алу жолдары қабынады.

  4. Тыныс алу жолдары созылмалы ауыруларға ұшырайды.

  5. Жөтел және қақырық пайда болады.

Псориоз

Темекі шегетін адамның қалыпты қызыметі бұзылып, теріде ұсқынсыз алабажақ дақтар пайда болып, псориоз ауыруына душар болады.

Тәуелділік

Темекі құрамындағы никотин ми қызыметінің қалыпты жұмысын бұзып, темекіге тәуелді етіп тастайды.

Бетті әжім басуы

Шылым шегу - қанның терідегі айналымын нашарлатып, адамның жүзіне ерте бастан әжім түсіріп, қартайуына әкеп соқтырады.

Соқырлық

Темекі шегу - көздің көруін нашарлатып, түбінде соқырлыққа ұрындырады.

Ауыз қуысындағы рак ауруы

Темекі шегетін адамның аузындағы сілекейі түрлі зиянды бактерияларды залалсыздандыра алмайтындықтан ауыз қуысын рак ауруына ұшыратады.

Өңеш рагы

Өңеш рагына ұшыраған әр-бір бес адамның төртеуі темекі шегеді.

Жүрек ауыруы

Темекі шегу - жүрек, қан-тамырлары ауруының ең негізгі себебшісі.

Өкпе рагы

Темекі шегетіндердің өкпе рагымен сырқаттану қаупі шекпейтін адамдармен салыстырғанда 20 есе жоғары. Темекі шегетіндердің 90 пайызы ентікпе және эмфиземе кеселіне ұшыраған.

Асқазан жарасы

  1. Тамырды қатайтады (атеросклероз), қан қысымын көтереді.

  2. Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, генгрена (тән тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады, содан қол-аяқты кесуге тура келіп, адам кемтар болып қалуы мүмкін.

  3. Миды қамтитын тамырлар да қатайып, жасушалары өледі (орнына келмейді). Сол себебті есте сақтау қабілеті төмендейді. Осындай кеселдің салдарынан адам жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бүлшық еті инфарктіне (жүрек үстамасы) шалдығады. Осы аурумен өлетіндер саны темекі тартпайтындардан он есе артық.

Көңіл-күйге, сана-сезімге, жас мөлшеріне және өзгеде зияндары

  1. Адамның есте сақтау қабілетін төмандетеді.

  2. Көңілсіздікке дұшар етеді.

  3. Ұйқыны бұзады.

  4. Тез қартайады.

  5. Теріге көп әжім түседі.

  6. Белсіздікке соқтырады.

  7. Темекі тартпайтындарды да уландырады.

  8. Өрттің шығыуына да себебші.

  9. Шегушінің өмірі 10-15 жасқа, айналасындағылардың жасы 5 жылға қысқарады.

  10. Бүкіл ғұмыры ауырумен өтеді.

  11. Болашақ ананың темекі тартуы іштегі баланың өлі тууына себеп.

  12. Темекіге тәуелділік нашаға тәуелділіктен де қатерлі.

Медицина ғылымының докторы Л.В. Орловскийдің баяндауынша, темекі шегетіндер стенокордиямен 13 есе, миокорд инфарктімен 12 есе және асқазан жарасымен 10 есе көп ауырады. Темекі шегетін әр-бір жетінші адам қан тамырларының (әсіресе аяқтың) қатерлі ауруы - эндертеритпен ауырады. Темекі тарпайтындарға қарағанда жүрек ауруынан 2-3 есе жиі өледі, жиі ауырады. Күніне 10-12 тал шегетіндер өкпе рагімен 15 есе, ал күніне 2 қорап темекі шегетіндер 30 есе жиі сырқаттанады. Шылымқорлардың әйелдері басқаларға қарағанда түберкулезбен 4 есе жиі ауырады. Одан аман қалғандарды темекі тартпайтындардың әйелдерінен 4 жыл аз өмір сүреді. Темекінің адам өміріне төндіретін көптеген зияны күн өткен сайын ғылыми тұрғыдан дәлелденуде. Дәргерлер «баяу өлім» деп атайды. Темекі - денең мен санаңды баяу түрде білдіртпей улайтын, түбіне жетпей қоймайтын түрлі дерттердің бастауы.

Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!» (Бақара сүресі 195 аят.) Тағы бір аятта: «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!» (Ниса сүресі 29 аят.)

Құрметті оқырман өзіңізді және ұрпағыңызды темекі арқылы өзін-өзі өлтіруден сақтаңыз. Алла жар болсын!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал