7


  • Учителю
  • Разработка внеклассного мероприятия по казахской литературе на тему Қазақтың бас ақыны

Разработка внеклассного мероприятия по казахской литературе на тему Қазақтың бас ақыны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназия



Қазақ әдебиетінен сыныптан тыс

іс-шараның тақырыбы:





Разработка внеклассного мероприятия по казахской литературе на тему Қазақтың бас ақыны

















9 «А,Б,В» сыныптары

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Касенова Гүлжамал Кеңесовна





Степногорск қаласы

2016 - 2017 оқу жылы



Қазақтың бас ақыны - Абай

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.

Міндеті:

1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру.

3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Сайыстың барысы:

І жүргізуші:

Дана Абайды

Қазақтың ақылына балаймын.

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!

Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,

Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың.

ІІ жүргізуші:

Арлы Абайды

Қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

ІІІ жүргізуші:

Сара Абайды

Қазақтың жүрегі деп білемін,

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?

Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!

І жүргізуші:

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, «Қазақтың бас ақыны - Абай» атты сайысымызға хош келдіңіздер!

ІІІ жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

-

Қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Келесі сөз сайыскерлерге беріледі: (Таныстыру).



Разработка внеклассного мероприятия по казахской литературе на тему Қазақтың бас ақыныРазработка внеклассного мероприятия по казахской литературе на тему Қазақтың бас ақыны



















І жүргізуші:

1-бөлім: «Бәйге» деп аталады, сұрақ-жауап сайысы. Әр топқа сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

ІІ жүргізуші: 1-тур «Бәйге».

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз. Ал, сайыскерлер, дайын болсақ бастайық. Баршаңызға сәттілік тілеймін!

ІІІ жүргізуші: 1-топтың сұрақтары:

1. А. Құнанбаев қай жылы, қай айда, қай күні дүниеге келген? (10.08.1845)

2. Оның азан шақырып қойған аты кім? (Ибраһим)

3. Оны кім Абай деп атаған? (Әжесі Зере)

4. Абай қайда, қанша оқыды? (Семейде, Ахмет риза медресесінде)

5. Абайдың жас кезінде оқи алмағанына өкініп жазған өлеңі? (

6. Ұстаз бен шәкірт туралы жазған өлеңі? (

7. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

І жүргізуші: 2-топтың сұрақтары:

1. Абайдың табиғат туралы жазған өлеңдері.

2. Абай қандай тілдерді үйренді?

3. Абайдың орыс достары? ( Э.П михаэлис , Ф.Н Достаевский )

4. Абай жолы '' романын жазған кім? '' ( Мұхтар Әуезов )

5. Абай Құнанбаевтың анасы? ( Ұлжан )

6. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

7. Абай Құнанбаевтың қара сөздері нешеу? (45)

ІІ жүргізуші: 3-топтың сұрақтары:

1. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

2. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

3. Әкесінің аты кім? (Құнанбай)

4.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

5. Абай қай рудан? (Тобықты)

6. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

7. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? Көкбай ).



ІІІ жүргізуші: 2-бөлім:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

І Жүргізуші: 2-тур : «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абайдың шығармаларын 3 тілде жатқа мәнерлеп оқу). (1-10 ұпайға дейін бағаланады).

ІІ жүргізуші: 3-бөлім: «Полиглот» сайысы. Мақал-мәтелдер оқылып, бір сөз айтылмай қалады. Айтылмай қалған сөзді оқушылар тауып, мақалды толық оқып, жасырылған сөзді орыс және ағылшын тілдеріне аударады. Егер мақалдағы айтылмай қалған сөзді дұрыс тапса, 10 ұпай. Ағылшын және орыс тілдеріне дұрыс аударса 20 ұпай қосылады. Барлығы 30 ұпай.

ІІІ жүргізуші:

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

І жүргізуші:

Кезек келді полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

30 ұпай шәкірт саған несібе. (Сайыскерлер, дайын болсаңдар, іске сәт.)

ІІ жүргізуші:

  • Аз сөз - алтын, көп сөз - ... (күміс, серебро, ...

  • Туған жердей жер болмас

Туған елдей ... болмас. (ел, страна, ...

  • Отансыз адам - ормансыз ... (бұлбұл, соловей, ...

  • Айтылған сөз - атылған ... (оқ, пуля, ...

  • Бірлік бар жерде - ... бар (тірлік, жизнь, ...

  • Тіл тас жарады, тас жармаса ... жарады. (бас, голова, ...

  • Бақыт кілті - ... (еңбек, труд,...

  • Тіл қылыштан ... (өткір, острый, ...

  • Өнер алды - ... (қызыл тіл, красноречие, ...

  • Білім кілті - ... (тіл, язык,...

ІІІ жүргізуші: 4-бөлім. «Елші» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ берілген мәтінді дауыстап оқып, екінші тілге аудармасы мен мазмұнын айту керек. (1-10 ұпайға дейін бағаланады).

Күз- жылдың 4 мезгілінің бірі. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді.

Көктем - жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар ериді. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді.

Жаз - жылдың төрт мезгілінің бірі. Жаз - жан-жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауылшаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі.



І-жүргізуші:

Абай өлеңдерін, нақыл сөздерін қаншалықты білеміз ? Соны байқап көрейік. Біз басын бастайық, сіздер жалғаңыздар.

1. Ғылым таппай мақтанба (орын таппай баптанба)

2. Бес нәрседен қашық бол (бес нәрсеге асық бол)

3. Өсек , өтірік , мақтаншақ (еріншек, бекер мал шашпақ)

4. Талап, еңбек, терең ой, (қанағат, рақым ойлап қой)

5. Пайда ойлама (ар ойла)

6. Алланың өзі де рас (сөзі де рас)

7. Сұр бұлт түсі суық (қаптайды аспан)

8. Көзімнің, ќарасы,(көңілімнің санасы)

9. . Қансонарда бүркітші (шығады аңға)

10. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті-(ыстық қайрат, нұрлы ақыл жылы жүрек )



ІІ жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің дайындығы кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың арқасында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау үшін кезек қазылар алқасына беріледі).

ІІІ жүргізуші:

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты -Адам.





І жүргізуші: Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңнен тек дәм татқан сияқтымыз. Сол себептен Абайды оқудан , білуге ұмтылудан, ізденуден жалықпайық.

Сайысымызды Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтайық.









Іс-шараның безендірілуі:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын - оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.



В душу вглядись глубже, сам с собою побудь.

Я для тебя загадка, я и мой путь.

Знай потомок, дорогу я для тебя стлал.

Против тысяч сражался - не обессудь.





«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».

Н. Ә. Назарбаев



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал