7


  • Учителю
  • Сайыс сабақ Сыр сандық ата-аналармен оқушыларға арналған

Сайыс сабақ Сыр сандық ата-аналармен оқушыларға арналған

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



№36 мектеп - лицейі











Ата-аналар мен оқушыларға арналған







"Сөз мерген"

сайысы







Бастауыш сынып мұғалімі: Г.У.Макенова.



















Тәрбие сабағының тақырыбы: "Сөз мерген"

Сабақ мақсаты:

1. мәдениетті қарым - қатынасқа, мәдениетті жауап беруге тәрбиелеу. жеңіске жетуге

ұмтылдыру.

  1. оқушылардың шығармашылық ойлау және сөздік қорын дамыту.

  2. берілген тапсырмалардан тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, мақал-мәтелдер

құрап, мағынасын түсіндіру.көне сөздердің мағынасын аша білу.

Қолданылған көрнекіліктер: интербелсенді тақта, фразеологиялық сөздік, ұпай көрсеткіштері;ойын кезеңдері жазылған кесте;

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, талдау;



Барысы.

Кіріспе сөз. "Сөз мергендегі" мерген сөзін алатын болсақ, құралайды көзге ататын аңшыны айтады,

ал сөз мергені атану үшін берілген тапсырмаларды орындап, сөздің мергені атануға тырысайық.

Сайыс үш кезеңнен тұрады.

І кезең - "Мықты болсаң, тауып көр"

ІІ кезең - "Жүйрік болсаң, шауып көр"

ІІІ кезең - "Ойлы болсаң, озып көр"



І кезең "Мықты болсаң, тауып көр" Барлығы 9 тапсырмадан тұрады.

Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.түлкі





ақырды

аю

арыстан

қасқыр

Дұрыс жауабы: аюдай ақырды - айқай салды, үстемдік жүргізді, ашу шақырды.



тәтті





тіл

тұщы

ащы

қызыл

Ащы тіл -өте ауыр, жер -жебіріне жеткізе, қатты айтылған балағат сөз.



бүйрек





тартты

өкпе

ішек

бауыр

Бауырға тартты- жақын тартты, бауырына тартқан.



бет





түкірді

көз

жер

қол

Бетке түкірді - масқара етті, жиіркене безінді.



берген





болды

айтқан

деген

келген

Дегені болды - айтқаны болды, ойлағаны орындалды, көңілдегісі болды.кірпік





бояды

қас

ерін

көз

Көз бояды - алдады, өтірік айтты.



су





жаңа

сүт

ауа

мата

Судай жаңа - ине-жіптен жаңа шыққан, жап-жаңа.





бал





кенже

жан

сүт

бала

Сүт кенже - ең кіші бала, «сүт кенжем»





сырты





тар

іші

жаны

қасы

Іші тар- қызғаншақ, біреудің болғанын көре алмайтын күншіл.



І кезең қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған ойыншы келесі кезеңге өтпейді.



Музыкалық үзіліс «Күй»

ІІ кезең "Жүйрік болсаң, шауып көр" мақал-мәтелдер сайысы. 6 тапсырмадан тұрады.

Денсаулық - зор байлықденсаулық





байлық

ақша

байлық

дәулет







Тілге деген құрмет -елге деген құрмет

.ел





құрмет

Отан

жер

тіл

Аузы күйген үріп ішеді.тіс





ішер

ауыз

тіл

ас



жақсы





ырыс

жаман

ескі

өтірік

Жақсы сөз- жарым ырыс

Битке өкпелеп, тоныңды отқа тастама.қоңыз





тон



кене

бит

құмырсқа

Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді.ер





қамыс

бала

оқушы

көл

ІІ кезең бойынша ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.



Музыкалық үзіліс.Папури «Абай өлеңдерінен»



ІІІ кезең "Ойлы болсаң, озып көр"

3 тапсырмадан тұрады. . Көнерген сөздердің мағынасын ашу.

Саптама -суық өтпеу үшін киіз байпақтың сыртынан

тізеге дейін келтіріп киіп алатын етік секілді аяқ киім.оқу құралы





саптама

ұста сайманы

саз аспабы

киім-кешек

Биқасап - мата түрі.қару-жарақ





биқасап

зергерлік бұйым

мата түрі

тағам түрі

Адырна -қару-жарақа қатысты сөздер.мал шаруашылығы





адырна

қару-жарақ

оқу құралы

саз аспабы



ІҮ Қорытынды.

3- кезең нәтижесінде жеңіске жеткен оқушыға «Сөз мергені» атағы беріледі.

Сайысқа белсене қатысқан оқушылар мен ата-аналарға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта қазақтың әр сөзінің мағынасына жете мән беріп, сөйлеуді әдетке айналдыру қажет деп түсінемін.

Сөзге шешен, тілге жүйрік болайық. Сөз мергені болайық!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал