- Учителю
- Сыныптан тыс шара Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік
Сыныптан тыс шара Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік
Талпын Жалпы орта білім беретін мектебі
«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз
мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан
бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
Жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше
жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының
жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі -
Ұстаз.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі
болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген
сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.Ұрпақ
тәрбиесі - ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны
сөзсіз.Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,
тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік
рухта бағыт - бағдар беруде еңбегі зор.Шәкірттерге білім беруде
ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті
тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді
төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. «Ұстаз аты - биік
әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін Талпын ЖОББ
мектебінің мектеп директоры: Токбаев Серік Қайырханұлына беріледі
Жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.Бүгінгі ұстаздар мерекесіне мектебіміздің ардагер ұстаздары Хамзина Асылзада Ғайноллақызымен Сисенғалиева Карима Құлмағамбетқызын және де бала демалысында отырған Темира Майра Қалиқызын шақырған болатынбыз ұстаздарымызға қош келдіңіздер дейміз.
8-сынып оқушысы Нагимова Балжанның орындауында «Аяулы мектебім»
Жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына,
қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз
өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны
белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман
қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Иә, ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.
Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш,
сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын
да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал
бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі ұстаздан тәлім алған,
сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
5-сынып оқушысы Аманкелдиева Айша және Айдынғалиева Дана
Айдынғалиева Дана
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып - тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт - жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Аманкелдиева Айша
«Ұстаз деген....»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар - ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген - шәкірттердің айнасы.
Жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! - деп келесі мерекелік құттықтау
сөзді ардагер ұстаз Хамзина Асылзада Ғайноллақызымен Сисенғалиева
Карима Құлмағамбетқызын және де бала демалысында отырған Темира
Майра Қалиқызына берелік.
Жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Ұстаздар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» 7-сынып оқушылары алдарыңызда
Жүргізуші: Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың - деп келесі әннің кезегін
Мақыбаева Әселхан және Қажғалиева Жаңылсын ән «Ардақты ұстазым»
Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
9-сынып оқушысы Апанай Меңдінұр ән «Аяулы ұстазым»
Жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам - дей келе келесі кезекті 8-
сынып оқушылары «Ұстаздарға арнау»
8-сынып оқушысы Утарова Іңкәрім
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
8-сынып оқушысы Аманкелдиева Перизат
Нұр құйған бөбектердің зердесіне,
Білімнің сусындадым теңізінен.
Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,
Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.
Жасарып жайсаң жаны жадырайды,
Алдынан түлеп ұшса балғын бөбек.
Жанының толқығанын жасырмайды,
Отырар сырттарынан жебеп-жебеп.
Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.
8-сынып оқушысы Мусина Гулнафис
Мұғалім ардақты ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас.
Ол бейне өзім үшін алып адам,
Бойына жаман қасиет дарымаған.
Есейіп еңбекке еніп кетсем-дағы
Үйретіп, жол сілтеп жүр әлі маған.
Бойыма алаулатып күш-жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды.
Сержан
Көрсетіп барар жолды ізгі үмітке,
Баулыған жақсылыққа, ізгілікке,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Ақылы серік болған бұл тірлікте.
Жол сілтеп қараңғыда жанған шамдай,
Адаспас білім берген таңнан талмай,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Өсірген тал-шыбығын бағбандардай.
Ұқтырған есепті де, тіліңді де,
Білдірмей қажығанын қиын күнде,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Үйреткен Отаныңды сүюге де.
Сүйреткен сөмкемізді кезімізде,
Үйреткен даналардың сөзін бізге,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Тыныштық, бақ тілеген көгімізде
Нұрсұлтан
Нұр кұйды ма сәби-гүл - әлди елі,
Жүрегіңде қасиет бар киелі...
Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,
Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.
Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,
Тәрбиені үйреттің басқышы көп...
Өнегелі еліне еңбек еттің,
Сәлем берер соңдықтан дос кісі көп.
Азаматқа жүретін балап елім,
Соңдай жұртқа қадірлі адам едің!
Ұл-қыздарын қондырған ұясына,
Мен де Сізді бір тауға санап едім.
Жүргізуші:
Мектеп үйім, ұстаздарым ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
6-сынып оқушысы Әмірхан Танат ән «Қазақ елі»
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
Ән: «Мереке»
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты - биік әрі
мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Талпын жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
Тәлімгер: С.А.Надирова
2015-2016 оқу жылы
Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы
интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не
істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы
дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не
істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай
басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің
әрекетіңіз қандай?
4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп
алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол
үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған
ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді
қалай ұстар едіңіз?
5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін
көріп қалсаңыз не істер едіңіз?
8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын
көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ
өткізбейді. Не істеу керек?
9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте
көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында
кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы
көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың
барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға
кеңес.
10. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей
кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге
қайтардың?
- Ол жыртық.
- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?
- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.
- Мұны кім істеу керек?
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы,
Талпын Жалпы орта білім беретін мектебі
Кітапханашы Надирова Салтанат Аманкелдіқызы