7


  • Учителю
  • Жас Ұлан, Жас Қыран жастар қоғамдық ұйымына қабылдау салтанаты

Жас Ұлан, Жас Қыран жастар қоғамдық ұйымына қабылдау салтанаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Оқушыларды ұйымға қабылдау

Жамбыл орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарий



(АКТ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).

Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.



І жүргізуші:

Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!



ІІ жүргізуші:

Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!



І жүргізуші:

Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.



ІІ жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!



І жүргізуші:

Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!

Әнұран ойналады



ІІ жүргізуші:

Бүгін 4 сыныптың үздік деген оқушылары «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.





ІІ жүргізуші:

Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуметін жүзеге асыру болып табылады.



І жүргізуші

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:

1. ҚР патриоты болуға;

2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

3. Отанымызды мақтаныш етуге;

4. Ата-ананы қадірлеуге;

5. Білімге ұмтылуға;

6. Салауатты өмір салтын ұстануға;

7. Табиғатты аялауға;

8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;

9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?



ІІ жүргізуші:

Топ басшылары бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал



Рапорт мәтіні:

Тәлімгер Альжанова Шынар Шаймқызы 4 сыныбының «Ұлан» тобы бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы топ басшысы Есжанов Есенғали. Рапорт тапсырылды.

(Осылайша барлық топтар рапорт береді)



І жүргізуші:

Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.



ІІ жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.



І жүргізуші:

Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.





ІІ жүргізуші:

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні:



Мен, ____________________, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:



Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.



АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!



І жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Дүйсекеева Меруерт Оразалықызына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабылтаева Ғалия Абайқызына беріледі.



ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

І жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.



ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал