- Учителю
- Сценарий к сказке Репка
Сценарий к сказке Репка
Мақсаты:
Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын
дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында
түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен
амандасады.
Есік қағылады:
Тәрбиеші:
Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті
ашып.
Тәрбиеші есік ашады:
Қоян:
Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан
«ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Раиса» балабақшасының
бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп
сауысқаннан естіп, арнайы келдім.
Тәрбиеші:
Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып,
ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып,
орналаса қойыңыз.
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй
шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір
күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде
ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата:
Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне
жететін болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады,
бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін
шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді
шақырайын.
- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып
өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге
тартайық!
Кемпір:
Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ
шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке
шақырады.
Кемпір:
Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Қыз:
Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ
күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз:
Итім, итім көмекке келші.
Ит:
Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра
алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір
шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ
шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.
ЖШС «Раиса» балабақшасы
«Ертегілер елінде»
«Шалқан» ертегісін сахналау.
Дайындап жүргізгендер: Ересек тобының тәрбиешілері
Қабытаева Х.Б; Салменова М.А
Ертіс а. 2016ж