7


Макала Аналар күні мерекесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Аналар, күні», «Mother's day», «Мамин праздник»

Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беру орта мектебі, 2016 оқу жылында наурыз айына арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Наурыздың 5-сі күні мектебімізде 8-наурыз Халықаралық аналар күніне орай, үш тілде қазақ, ағылшын, орыс тілінде «Аналар, күні», «Mother's day», «Мамин праздник» атты мерекелік іс - шара болып өтті. Іс - шараның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекелік шараны орыс тілі пәні мұғалімі: Калиева Сәуле Мелысовна қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізді.

Іс - шара барысында мектебіміздің 4 «А»,4 «Ә»,4«Д»,4«Ж» сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды, ән айтып, би билеп, аналарға арналған өлең шумақтарын оқып, қойылымдар қойды. Шараға мектептің ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Кеш барысында мектеп директоры: Титанов Қайрат Үсенұлы сөз сөйлеп, әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Оқушылар бірдей киім үлгісінде, сынып жетекшілерімен шараға белсене қатысты.

Макала Аналар күні мерекесіМакала Аналар күні мерекесі





Мерекелік шараға келген қонақтардың көңіл күйі көтеріңкі болды. Жүргізуші келген қонақтармен « Про мою маму» атты ойын ұйымдастырды. Көрермендер қол көтеріп ағылшын тілінде, орыс тілінде көңілге қонымды жауап айтты.

Макала Аналар күні мерекесіМакала Аналар күні мерекесі

Мерекелік шараға белсене қатысқан, үш тілде өлең оқып ән шырқаған оқушылар: Айтмағамбетова Анжелика, Титанов Даурен, Ағылшын тілінде ән шырқап тақпақтар айтқан оқушылар: Жайлау Гүлбақыт, Алиева Гүлнұр, Ақберді Келбет, Тұрсынқұл Ақүрпек, Мехербан Ақтоты, Тулегенова Айсұлу. Мерекелік шара соңында ата-аналар мен ұстаздар өз алғысын білдірді. Мерекелік шара мектепте осылай басталып кетті.



Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Есбергенова Мереке Оңдашқызы









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал