7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы Ана-өмір гүлі

Сабақтың тақырыбы Ана-өмір гүлі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Бәйтерек » балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





Бекітемін

«Бәйтерек» балалар бақшасының

меңгерушісі______Қ.А.Жунусова









Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті





Тақырыбы: «Ана - өмір гүлі»





















Тәрбиешілер: Отарбаева.М.М.

Тохтиева.Ж.Ж.





2015-2016 Оқу жылы





Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру.Анаға деген құрметін,балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге үйрету.Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер.

Қымбатты балалар , сүйікті аналар ,апалар,құрметті әріптестер! 8-наурыз аналар мерекесі құтты болсын.Сіздерге тілеріміз дендеріңізге саулық,жанұяда бақыт ,жұмыста табыс тілейміз.

Шаттық шеңбері.

Ананың әрбір сөзі -ой талабы,

Жүректің тереңінде сақталады.

Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Ардақты ана еңбегі ақталады.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз .

Бар әлемді құрметтеп ,

Бас иеміз біз.

Сәлеметсіздер ме , қонақ апайлар!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (көктем мезгілі.)

-Көктемде қандай өзгерістер болады? (күн жылынып , қар ериді.)

-Бала лар көңіл күйлерің қалай? (жақсы.)

-Балалар ,сендерді балабақшадан үйге кім алып қайтады? (анамыз, әпкеміз.)

-Сендерді «айым», «күнім»,»құлыншағым», «айналайын »-деп кім еркелетеді?(анамыз).

</<font size="4">-Көктемде кімдердің мерекесі келе жатыр? (аналардың мерекесі.)

-Жарайсыңдар балалар аналар туралы, тақпақ білеміз бе?

(Балалар тақпағы)

Ана -өмірде асылың,

Ана өмірде жақының.

Ақтау керек әр перзент,

Ақ сүті мен ақылын. Әмира.





Кимешегін ,жаулығын,

Теңеп аппақ гүлге мен.

Әжемнің денсаулығын,

Тілеп жүрем күнде мен. Іңкәр.





Ананың - біз гүліміз,

Ана -біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз. Амир.





Менің анам сымбатты,

Қадірлі де қымбатты.

Біздерді ойлап күйеді,

Бетімізден сүйеді . Имран.





Жүзінен нұр төгіліп,

Ет жүрегі езіліп.

Әжем жүрсе қасымда,

Бақыттымын расында Есіл.

Мені аялап өсірген,

Қатем болса кешірген.

Менің асыл анашым,

Басымдағы панасың . Наиля.





Әжем менің береке,

Жүрген жері мереке.

Мен әжемді сыйлаймын,

Оны ешкімге қимаймын. Аділет.





Еркелеткен анашым,

Маған өзің панасың.

Жүрегімде мейірім,

Сабырлысың, данасың. Ералы.





Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын. Аружан.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Мейрам күні бір-бірден. Ералы.

Анамызға сыйлаймыз





Менің әжем ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем. Назым.





Менің әжем ,жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем. Аян.





Сағындым , әже өзіңді,

Мейірімді көзіңді.

Ертегіңді сағындым,

Құлыным деген сөзіңді . Кәусар.





Ана әнмен тербетеді,

Күйге бөлеп жаныңды.

Көңіліңді сергітеді,

Балбыратып тәніңді. Шыңғыс.





Үлгі-өнеге әр ісің,

Үйіміздің сәнісің.

Ақ сүтіңді ардақтау,

Мойнымдағы парызым. Ақжол.

Мақал.

Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал. Ильяр.





Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Гүл-гүл жайнап жанымыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

-Жарайсыңдар сергіп қалдық па?

-Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасап көріңдерші, текше арқылы.

Г-дауыссыз дыбыс ,көк.

Ү-дауысты дыбыс, қызыл.

Л- дауыссыз дыбыс, көк.

«Гүл дүкені» дидактикалық ойыны.

Ән :»Анашым» Назетхан Іңкәрдің орындауында.

-Балалар ,біз анамызға арнап,бүгінгі оқу іс-әрекетінде түймедақ гүлін жапсырайық .Балалар бірінші сабағын,жапырағын сосын күлтешелерін жапсырайық.

Балалар ,мына гүлді кім үшін жасадық? (Анамыз үшін)

-Бізді осындай жақсы , қызықты өмірге әкелген кім? (Анамыз) .

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі дедік? (Көктем) .

-Көктемде кімдердің мерекесі келе жатыр? (Аналардың мерекесі).

Балалар ,қандай әдемі гүлдерді жасадыңдар!

Күніміз ашық болсын,

Елімізде тыныштық болсын.

Гүлдей жайнаған балаларымыз аман болсын деп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал