- Учителю
- 5- сынып. Сынып сағаты. Тенге- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
5- сынып. Сынып сағаты. Тенге- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
Тақырыбы: «Ұлттық валюта - теңге»
Сабақтың мақсаты:
-
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі - теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
-
оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
-
оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың ұлттық валюта - теңге туралы білімдері кеңееді, Қазақстанның азаматы деген патриоттық сезімдері одан әрі жанданады.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар,
көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, кестелер,
ұпай беру үшін ақшалар қолданылады.
Эпиграф:«Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп,
еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев).
Сабақтың барысы
Шара сайыс түрінде өтеді
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, оқушылар!
«Ұлттық валюта-теңге» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы.
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сайысымызды бастайық.
-
Сынып 4 топқа бөлінеді.
І бөлім: Тарихи толғау
1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі - төл валюта - теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.
2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монеталары айналыста болды.
1-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
1-тапсырма: Әр топқа таратпа қазағ таратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтандар
дұрыс
бұрыс
1. Қазақстанвалютасыбасқаелденәкелінеді.
2.Ақша - халықбайлығы.
3.Теңгеде 6-ға жуыққұпиябелгі бар.
4. Ұлттықтеңгедербес ел болғанымыздыңбелгісі?
5.ҰлттықвалютамыздыңдизайнынжасаушыавторлықтоптыңжетекшісіШәкенНиязбеков.
6. Тиыннантеңгеқұралады.
7. Ұлттықвалютамыз 1991 жылы 16 желтоқсандаайналымғаенді.
2-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
2-тапсырма: Сұрақ-жауап сайысы
Сайысымыздың «Кім жүйрік ?» атты әр топтан 1 минуттың ішінде 6 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.
1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы- Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан -
Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі- Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға - Номинал
6. Әзербайжан валютасы - Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика
8. Армения валютасы - Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер
10.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын
билеттер -Банкнот
11. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы
жүк тасу - Транзит
12. Монғолия валютасы - Тугрик
13. ҚР ең алғаш астанасы - Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
14. Үндістан валютасы - Рупии
15. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды - V ғасырда ежелгі
Грецияда
16. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар - Ақша
17. Грузия валютасын ата - Лари
18. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге
жұмсалуы -Инвестиция
19. Англияның ақшасы - евро
20. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы - 1доллар-370 теңге
21. Экономиканың күре тамыры - жол
22. Ұлттық банк төрағасы кім ? - Акишев А
23. Теңгенің авторлары - Т. Сулейменов, Қ.Ғабжалилов, М.Әлін, А.Дүзелханов
24. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата - Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан
2-жүргізуші: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15
қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып
белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы - тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге - ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
3-тапсырма: Жағдаяттар шешу .
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай
1-топ:
1-жағдай: Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді, базардағы оқулық бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің…
2-топ:
2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар.
Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге
Қай затты алар едің? Неге?
3 - топ
3-жағдай: сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…?
4 - топ
4-жағдай: мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады
деді. Билет бағасы - 300 теңге.Сондай-ақ информатика оқулығы 300
теңге, алмасақ болмайды,сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің?
1-жүргізуші:
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында
айырмашылықтар бар. Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек»
монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны
ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен
бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық
алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі
бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік
және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені
арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
«Мен теңгемін, теңгемін» атты қойылым
Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік - тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
1-оқушы:
200 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін ``Подделка банкнот преследуются по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
2-оқушы:
500 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
3-оқушы:
1000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
4-оқушы
2000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
5-оқушы
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
5000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,
алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда
резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде
және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық
белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан.
Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент
банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін
жауапкершілікті ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по
закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ
бұрышында орналасқан.
4-тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді
жаз.
таратпа қағаз тарату ( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп,
ақшасы, судың, құлып) Әр дұрыс жауап 2 ұпай
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.
5-тапсырма:Менің қиялымдағы теңгем. 5 ұпай
Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге - тәуелсіздік символы» атты танымдық- сабағымызды аяқтаймыз.
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп - интернаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұлттық валюта - теңге»
Сынып: 5 «а»
Сынып жетекшілер: Успанова Ж.Ж.
2016 - 2017 оқу жылы
1-тапсырма: Әр топқа таратпа қазағ таратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтандар
дұрыс
бұрыс
1. Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2.Ақша - халық байлығы.
3.Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.
4. Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?
5.Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6. Тиыннан теңге құралады.
7. Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.
1-тапсырма: Әр топқа таратпа қазағ таратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтандар
дұрыс
бұрыс
1. Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2.Ақша - халық байлығы.
3.Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.
4. Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?
5.Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6. Тиыннан теңге құралады.
7. Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.
3-тапсырма: Жағдаяттар шешу .
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай
1-топ:
1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді, базардағы оқулық бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің…
3-тапсырма: Жағдаяттар шешу .
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай
2-топ:
2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар.
Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге
Қай затты алар едің? Неге?
3-тапсырма: Жағдаяттар шешу .
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай
3 - топ
3-жағдай: сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…?
3-тапсырма: Жағдаяттар шешу .
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай
4 - топ
4-жағдай: мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады деді. Билет бағасы - 300 теңге. Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды, сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің?
4-тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен
орынға төмендегі сөзді жаз.
таратпа қағаз тарату( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп,
ақшасы, судың, құлып)
1. ___________________тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ____________жоқ.
3. Алтын тапсаң __________________ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_____________________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _________________болар.
6._______________ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын __________________ жоқ.
8. ___________________ да сұрауы бар.
9. Ақшада ______________ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _________________ аз болады.
4-тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен
орынға төмендегі сөзді жаз.
таратпа қағаз тарату( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп,
ақшасы, судың, құлып)
1. ___________________тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ____________жоқ.
3. Алтын тапсаң __________________ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_____________________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _________________болар.
6._______________ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын __________________ жоқ.
8. ___________________ да сұрауы бар.
9. Ақшада ______________ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _________________ аз болады.
5-тапсырма: Менің қиялымдағы теңгем
Бағалау парағы
Тапсырмалар
Ұпай
1 - топ
2 - топ
3 - топ
4 - топ
1-тапсырма: Әр топқа таратпа қазағ таратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
2-тапсырма: Сұрақ-жауап сайысы
Сайысымыздың «Кім жүйрік ?» атты әр топтан 1 минуттың ішінде 6 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.
3-тапсырма: Жағдаяттар шешу .
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай
4-тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз. таратпа қағаз тарату (дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып) Әр дұрыс жауап 2 ұпай
5-тапсырма: Менің қиялымдағы теңгем.
5 ұпай
Бағалау парағы
Тапсырмалар
Ұпай
______- топ
1-тапсырма: Әр топқа таратпа қазағ таратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
2-тапсырма: Сұрақ-жауап сайысы
Сайысымыздың «Кім жүйрік ?» атты әр топтан 1 минуттың ішінде 6 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.
3-тапсырма: Жағдаяттар шешу .
Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз.
5 ұпай
4-тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз. таратпа қағаз тарату (дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып) Әр дұрыс жауап 2 ұпай
5-тапсырма: Менің қиялымдағы теңгем.
5 ұпай