7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жанашырлық- жанға қуат 6-сынып

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жанашырлық- жанға қуат 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары



Мектеп: «Октябрь мектеп- балабақша кешені» КММ

Мерзiмі: _15.09.2016 Мұғалiм: Сатыбалдина Зульфира Килимбековна

Сынып: 6 Оқушылар саны: 12

Тақырып : Жанашырлық - жанға қуат

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: сабырлық, жанашырлық, қамқорлық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беріп, қиянат жасамау құндылығын жеткізу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға сабырлық пен жанашырлық қасиеттері қиянат жасамаудың жолы екенін жеткізу;

  • Оқушылардың бойында қамқорлық жасау, түсіне білу, кешіре білу сезімдерін дамыту;

  • Оқушыларды қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап, отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі,құстардың даусы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш, бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінесіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырт, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ш. Айтматовтың 52-54 беттегі әңгімесі бойынша талдау сұрақтары:

1. Шыңғыстың қатты ашуланып, ызаға булығып, қолына мылтық алуына не себеп болды ?

2. Оның алдынан шыққан қария қандай ақыл айтты ?

3. Қатыгездіктен қатыгездік туады дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Әңгімедегі қай кейіпкердің іс-әрекеті нағыз жанашырлыққа жатады ?

5. Өздерің ашуды ақылға жеңдіріп, кешірім жасаған кездерің болды ма?

Қорытынды: - Балалар, сонымен біз бұл әңгімеден адамға ашу емес ақылдың дос екенін, қандай жамандық көрсек те, жақсылық жасау бұл біріншіден өзімізге қиянат жасамағанымыз, ал екіншіден өзгеге қиянат жасамағанымыз екенін түсінген болармыз.

Баяу әуен

  1. Дәйексөз.



Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.

М. Ганди

Дәйексөзді бірнеше рет қайталатып дауыстатып оқыту. Дәптерге жазу. Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер және осы дәйексөзді әңгімеміздегі кейіпкерімізбен байланыстырып, дәлелдеп көрейікші?!

Слайд

М.Ганди суреті экранда

  1. Оқиғаны әңгiмелеу (Мұғалім сыйы)

Балалар, сендер осындай терең ойлы сөзді айтқан адам Махатма Ганди туралы білесіңдер ме? Олай болса, ден қойып барлығымыз тыңдайық!

Үндістанның ұлы перзенті Махатма Ганди -үнді халқының оның көзі тірі кезінде аты аңызға айналған көсемі. Сөзі мен ісі үнемі бірлікте болған М. Гандидің өмірі бұрын-соңды адам баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі- өнегеге толы. Ол ешқандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз,асқан төзімділікпен Үндістан халқын Тәуелсіздікке жеткізуді армандаған. М.Ганди бүкіл Үндістанды жаяу аралап, барлық дін орындарында болып, адамдарды ұлтына, дініне, әдет- ғұрпына бөлмей ортақ күреске шақырады. Бұған ол тек қана өзін- өзі тазарту жолымен жете алды. Сондықтан ол өз өміріне одан әрі де өзгерістер енгізе бастады. Өзін жетілдіру үшін тежеле білуді, талғамын көндіктіруді үйренді.

Ата- бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды банкке өткізіп, ол ақшаны жетім- жесірлерге жұмсап отырды.

Мәтін бойынша талқылау сұрақтары:

1. М.Гандидің қандай қасиеттерін байқадыңдар ?

2. Сөзі мен ісі бірлікте дегенді қалай түсінесіңдер?

3. М.Ганди өз арманына қандай жолмен жетті ?

4. Сендер кішкентай жеңістерге, армандарыңа

қиянат жасамай жеткен сәттерің болды ма ?





  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Қойылым көрсету

Сендердің сыныптарында бір оқушымен ешкім ойнағысы да, араласқысы да келмейді. Тіпті кейде оны достарың күлкіге айналдырғанды ұнатады. Сен не істер едің ?

  1. топ Оны байқамағансу керек пе ?

  2. топ Достарыңмен бірге оны күлкіге айналдыру керек пе?

  3. топ Саған достарың күлсе де, сен ол оқушымен дос болуға тырысасың ба?

Таратпа

  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.





Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Муз. Орталық

Интербелсенді тақта

  1. Үй тапсырмасы.

«Он екі миллион» әңгімесін оқу.

«Мен - отбасымның жанашырымын» шағын әңгіме жазу



  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (1 мин)

Баяу әуен. «Бүгінгі сабағымызды еске түсірейікші. Жақсыны естіп, жақсыны айтып, бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді.

Жақсылық ойлайық,

Жақсылыққа қарайық,

Жақсылықты естиік,

Жақсылықты айтайық,

Жақсылық істейік,-

Бақытқа бастар жол осы! Барлық жақсылықтар жүрегімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын »

Жайлап көзімізді ашамыз.



Баяу әуен

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал