7


  • Учителю
  • Ұлы Жеңіс тарихы парақтарынан атты тәрбие сағатының жоспары

Ұлы Жеңіс тарихы парақтарынан атты тәрбие сағатының жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс тарихы парақтарынан»

Күні: 09.05.2016 ж.

Сыныбы: 5-9 сыныптар

Мақсаты:

  • Оқушыларға 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы және сол соғыстың тарихи маңыздылығы туралы мағлұмат беру.

  • Елі мен жері үшін ерлік көрсеткен ата-бабаларымызға тағзым ету арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерімен достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: иллюстрациялық материалдар

Барысы:



Жүргізуші №1, Ыбырай: Қайырлы таң, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет ол - соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді. 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те кенет батыс жақтан қызылды-жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді. Фашисттік Германия Кеңес Одағының шекарасын бұзып басып кірді, соғыс басталып кетті.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Фашисттер күзге дейін ақ Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Фашисттерге қарсы бүкіл Кеңес елі көтерілді.



1-оқушы:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

2-оқушы:

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.



Жүргізуші №2, Кәмиля: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала неміс басқыншыларымен аянбай шайқасты.



3-оқушы:

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

4-оқушы:

Тас талқан ғып фашистті,

Қиратқан біздің ер күшті

Москва, Ленин қаласын,

Ағы мен көздің қарасын,

Отаның гүлді даласын

Қорғап жатқан ерлерім,

Жауға қарсы аттанды,

Борасын қардай оқтарым!



Жүргізуші №3, Аяжан: Ленинград 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1943 жылдың 18 қаңтарына дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен байланысты тек Ладога көлі арқылы және әуе жолымен ғана жасады.

5-оқушы:

Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс.

Соғыс деген - қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген -екі жаққа жеңіліс.

6-оқушы:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

2-жүргізуші: Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.



Жүргізуші №4, Данияр: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.

7-оқушы:

Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.

Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

Біздер нағыз құдіретті елденбіз,

Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз!

8-оқушы:

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер, болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.









9-оқушы:

Төбеден қайта зулап оқ борайды,

Айналаны алқызыл отқа орайды.

Жеңіс үшін жастығын берген ерлер

Бейбіт өмір еліне төкті арайды.

10-оқушы:

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.



Жүргізуші №1:

Ерлік пен қаһармандықтың теңдесі жоқ үлгісін көрсеткендердің алдыңғы шебінде ұшқыштар жүрді. Жалпы бұл соғыста жаужүрек 2420 ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның 101 қазақ еді. Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 миллион 7000 мыңнан астам жауынгер қатысты.



11-оқушы:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

12-оқушы:

«Майданнан хат»:

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.



«ӘРҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН» ӘНІ ОРЫНДАЛАДЫ.----???











13-оқушы:

«Майданға хат»:

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім - жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!



«ҚАРИЯЛАР АЗАЙЫП БАРА ЖАТЫР" ӘНІ ОРЫНДАЛАДЫ. --------????



Жүргізуші №2:

Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.





14-оқушы:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен - аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!



Жүргізуші №3: Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

15-оқушы:

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!



Жүргізуші №4: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын!



Ж. Нәжімеденовтың «БЕЙБІТ КҮН ТІЛЕГІ» әні орындалады:



Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі,

Өткен күн қайтадан жанбайды.

Сұлудың кестелі орамалы,

Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

Қайғыны білмесін ана жаны,

Қазіргі адамда арман сол.

Әлемнің бар сәби балалары,

Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы.





Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Егінді-Ағаш орталау мектебі» КММ

























Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс тарихы парақтарынан»













Дайындаған: Кожабеков М.Д.





















Егіндіағаш - 2016 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал