- Учителю
- Тәрбие сағаты: Мен өз Отанымның Патриотымын!
Тәрбие сағаты: Мен өз Отанымның Патриотымын!
№5 орта мектеп
Тақырыбы:«Мен өз Отанымның Патриотымын! »
Өткізген: Нашанова А.С.
1 В сынып
2016-2017 оқу жылы
01.09.16
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз Отанымның Патриотымын!»
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп
қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа,
атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы,
рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,
Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие
сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным -
Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында
өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа
арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған
шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
1 - оқушы: Айым
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы: Арман
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
3 - оқушы: Ақмерей
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
4 - оқушы: Ілияс
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5 - оқушы: Бақдаулет
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Ән : орындайтын Аяулым.
10 - оқушы: Рамазан
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер -
Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына
Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз
бар. Егеменді Қазақстанбыз.
11 - оқушы: Фатима
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
12 - оқушы: Амир
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
13 - оқушы:Қарақат
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен
айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім.
Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.
Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін
таныстырамын.
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе
деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар
перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты
қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау
болыңыздар