- Учителю
- Внеклассное мероприятие:Айналайын, ақ мамам!
Внеклассное мероприятие:Айналайын, ақ мамам!
Айналайын, ақ мамам!
Мақсаты: Оқушыларды инабаттылыққа, ізгілікке, үлкенді сыйлауға,анаға құрмет көрсетуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
І - БӨЛІМ
Мұғалім: Қымбатты аналар, балалар.
Міне, біз ең тамаша жыл мезгілі:
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп , сай салаға ағады.
Бүршік шашып, гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы.
Бұл қай мезгіл болады?
Балалар: Көктем.
Мұғалім: Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға,
әжелерімізге, тіпті бүкіл дүниежүзінің
әйелдеріне күлімдейді.
Мейрамдарыңызбен, қымбатты аналар!
Ал, қазір осындай мерекелік көңіл-күймен
балаларыңыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай, мүн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясында гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана десем тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Ана деген - адамзаттың анасы,
Ана деген - сәбилердің панасы,
Ана деген - жарық жұлдыз, шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың,
Ана деген - өмірдегі қамқорлық,
Ана деген - сүйенерің, жан құрбың.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, мамашым.
Ән «Ақ мамам»
Жүрегі күн, жолы нұр, жүзі шапақ,
Ана-мақтан, ана-өмір, ана-атақ.
Ана-дәуір, ана-абырой, ана- жауһар,
Олармен күн кешудің өзі ғажап.
Өмірде ана- бұлақ, ана- пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Дастарханға ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
</<font face="Times New Roman, serif">Менің мамам мұғалім,
Менің әжем шын ғалым.
Одан жас та, кәрі де,
Оқып шыққан бәрі де.
Әжем менің әлі де ,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Базарға өзі барады,
Бәрін сатып алады.
Шелекпен су әкелсе,
Жүзіп отын жарады.
Жұмсайды әжем мені де,
Тауыққа жем беруге.
Ауырады кейкезде,
Аяғы да, белі де.
Ән «Анаға сый»
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Әсемдік, сұлулықты жиған бойға,
Қыздар ғой көрік берген кең далаға.
Қыздар - гүл, қыздар -нәзік бұл әлемде,
Қыздар, ол - болашақта нәзік ана.
Қыр гүліндей нәзік және шырайлы,
Көрген жанға ә дегеннен ұнайды.
Талайларға көрінер алтын сыйындай бір,
Қыздар, олар - ақ періште, көрген көзді арбайды.
Би «Қара жорға»
Мұғалім: Құрметті аналар , балаларыңыздың бүгінгі мерекеге арнап дайындаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Ән «анаға хат» аналардың орындауында.
Құттықтау сөз.
ІІ - БӨЛІМ.
Ойындар: 1. «Өз анаңды тауып ал»
2. Аналар жарысы: «Баланы жаялыққа бөлеу»
ІІІ - БӨЛІМ.
Мерекелік фуршет.