7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Қаһарман жылдар жаңғырығы

Тәрбие сағаты: Қаһарман жылдар жаңғырығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Көрікті әдеп сабағы:

«Қаһарман жылдар жаңғырығы»



  1. Ашу салтанаты: ауыл әкімі ашу салтанатын бастайды.

  2. Қазақстан Республикасының туы алып келінеді.

  3. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

  4. Ашу салтанаты: а) аудан әкімшілік өкілі.

б) ауыл әкімі.

в) ардагерлер.

Мақсаты:

1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды , халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып , оқушыларды адамгершілікке , Отанын сүюге , оны қорғауға баулу;

2. Ұлы Отан соғысымен , қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстырып , ой - өрісін дамыту;.

3. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау;

4. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: мультимедиалық проектор, плакат, газет-журналдар, «Боздақтар» кітабы . Нартай ауылынан соғысқа қатысқан ардагерлер суреттері.

Түрі: әдеби-сазды кеш

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, музыка, әдебиет, тарих.

Қатысатындар: 10 «А,Б» сыныбы

Барлығы: 34 оқушы



Барысы:



1 -жүргізуші :

Құрметті Ұлы Отан соғыс ардагерлерім мен тыл еңбеккерлері

2 -жүргізуші :

Қадірлі де, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және ауыл тұрғындары. Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

1 -жүргізуші :

Қамықпаған қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

2 -жүргізуші :

Сіздерге сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп, соғыстың тек қана азап пен қан төгіс екенін мойындата отырып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицердің рухына арналған «Қаһарман жылдар жаңғырығы» атты әдеби сазды кешімізді ұсынамыз.

1 -жүргізуші :

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Әнұран орындалады)

2 -жүргізуші :

Тыныштық! Жаса, тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көркейе берсін ырыс - құт- дей келе сөз кезегін ауыл әкімі Оразымбет Шамшат апайға береміз. 1



Ән: «Соңғы оқ» Орындайтын Досболова Гүлнар



1 -жүргізуші :

Бақытты болсын балалар,

Соғысты сүймес адамдар.

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.

Келесі сөз кезегін мектеп директоры Сейтжанұлы Әбжәлел ағайға береміз.



Ән: «Кестелі орамал» Орындайтын Әшірхан Нәзікай



1 -жүргізуші :

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ . Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды . Жауымен жан аямай шайқасып , ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтқан жесір , бала - әкесінен , анасынан айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал , тылда қалған қарттар , аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп , бірде аш , бірде тоқ тынбай жұмыс істеді.Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім , қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.



2 - жүргізуші: Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!



1 -жүргізуші :

Біздің Қазақстан да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем . Жүз мыңдаған ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға атылған 10 оқтың 9 - ы Қазақстанда жасалды .

Дәл осынау жадыраңқы жай күні ,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы .

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут ,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны .



2 - жүргізуші: Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.

1-жүргізуші:

Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына , бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік . 1 минут үнсіздік .



2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 - сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.



1 - жүргізуші:

Үш ардагер: Сәрсенбек, Сәруар мен Тастыбай

Жауменен шайқасыпты жасымай.

Тегеурінді тепкілерге түссе де, 2

Жасымады, алға ұмтылды қажымай - дей келе сөз кезегін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне береміз.



2-жүргізуші: Қамқорсыз өмір бір күн ішінде 4 жыл, 1418 күнге айырбасталды. 1418 күн бойы жан-жағыңда қан, өлім, ауырлық пен жақындарыңнан айырылу. Керемет жігіттер мен қыздардың қаза болуы.



1-жүргізуші: Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Арман, махаббат, бақыт - бәрі өртке өртенгендей бір сәтте сөнді де қалды.



2 - жүргізуші: Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»

Анасы:

О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!



Қыз:

О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар! Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!! (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)



Төребек: ( Майданға аттанушы)

Қош бол елім , қан майданға жөнелдім ,

Жаным барда жаудың жолын бөгермін .

Иә болмаса омырауыма оқ тиіп ,

Жүрегімнің қанын жерге төгермін .



Бексұлтан,Нұрқадір:

Бұлт түнеріп аспаннан ,

Талайдан көзден жас тамды .

Тұтқиылдан жау тиіп ,

Қырғын соғыс басталды.

Отаным еркелеймін енді кімге ,

Өзіңмен нені болса көрем бірге .

Қалайша қабырғама батпас менің ,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде .

Қаламқас:

Қала қалды қаңырап ,

Ана қалды аңырап.

Түсіп жатты ортаға ,

Жүздеп мыңдап шаңырақ .

Зұлматтсұмдық соғысқа ,

Иесі кетті тұлпардың ,

Сүйгені кетті қыздардың ,

Күйеуі кетті тұлдардың

Баласы кетті шешенің

Ерлері кетті көшенің

Быт - шыт болды дүние

Сынығындай кесенің .

Жоғалтты біреу панасын 3

Жоғалтты біреу анасын

Жоғалтты біреу баласын

Жоғалтты біреу інісін

Жоғалтты біреу ағасын

Жоғалттқандардан сұрағын ,

Ұлы Жеңістің бағасын !



1-жүргізуші:

Хор: «Священная война»

Кенбаева Айдана «Отаның ордаң...»

Арайлым: Оқ атып Отаныма фашист зұлым ,

Кіргенде еліміздің жерін таптап ,

Қазақ та аттандырды қыз бен ұлын

Дұшпаннан достығымды қал деп сақтап.

Қазақ халқы соғысқа кірген алғашқы күннен бастап өзінің қаһарман халық екенін көрете білді . Осыған байланысты 500 -ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болды. Бүкіл соғыстың барысында 3500 - ден астам қазақстандықтар Украина , Беларуссия , Ресей ормандарында партизандық соғыс жүргізі. Партизан батыр бала болатбектің , Павлик Морозовтың , Олег Кошевойдың есімдері мәңгі ұмытылмайды.

Динара.

Қ. Ж ансая :

« Соғыс , соғыс , соғыс» - деп өрт алауы ,

Жалай берді аямай айналаны .

Өртке былғап жерімді , көкке бүркіп ,

Өзеуреді өлімнің миналары.

Жойқын соғыс бәрінде жалмап алды,

Заманы алай - түлей бола қалды.

Аналар көйлек емес , шалбар киіп ,

Шарт буынып қолына орақ алды.



2-жүргізуші:

Ән: «Ана туралы баллада» Дүйсебаева Меруерт



2-жүргізуші:

Қойылым: «От басында»

1-жүргізуші:

Солдаттар өзара әңгіме құрып, попурри айтып, ертеңгі күнге дайындық жасап отыр. Соғыста олар тек соғысып қана қоймай, қимай шығарып салған ардақты ана, сүйікті жар, сәбилерін, Отанын, үйін де естерінен шығармады. Хат жазып тұрды.(«Жди меня» әуені ойнап тұрады)

Сол хаттан:

«Күт мені»

Күтші мені! Мен оралам,

Тек қана күт.

Көңілің түскен

Жаңбырлы күндері күт!

Қарлы борандарда күт,

Қапырық ыстықта күт! 4

Кешке ұмытып

Басқалар күтпегенде күт.

Алыстан хат келмегенде күт,

Барлығы күтуден шаршағанда күт.

Күтші мені, мен оралам!



Қыздың солдатқа жазған жауабы (Фариза)

«Сенің жақын арада елге аман оралатыныңа мен сенемін. Бәлкім, жағдайың онша емес те шығар. Бірақ ақ жүзіңдегі күлкі табы сол қалпында қаларына да сенемін. Бұның түс емес екенін, сенің елес емес екеніңді ұғамын. Солай болатынына сенемін. Жақын болмаса да, түбі оралатыныңа сенемін»

2 - жүргізуші:

Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып , өз Отанының бостандығы үшін күресті.

Қазақстаннан фронтқа 1 миллион 196 мың 164 адам шақырылды. Соның әрбір төртіншісі шабуыл алаңында көз жұмды. Қазақстанда 20-дан астам 30 түрлі ұлт өкілдерінен тұратын атқыштар дивизиясы құрылған болатын.



1 - жүргізуші:

Қойылым: «Бауыржан Момышұлы»

Генерал үстел басында жергілікті картадан көз алмай қарап отыр. Бауыржан кіруге рұқсат сұрап, қасына жайғасты. Генерал: «Әуелі тамақтанып алайық, сосын ұрыс тактикасын зерттейміз»,-деп айтқанша болмай, Бауыржан:

Тамағымнан бір тамшы су да өтер емес, - деді.

Генерал:

Жоқ, сонда да әуелі тамақтанғанымыз дұрыс. (Қара нан мен шайды екеуі бөлісіп жеп алады)

Кейін генерал оған ұрыс тактикасын түсіндіріп, сөзінің соңында:

Ал, Бауыржан, іске сәт! Сен маған осы жерде тірідей керексің! Аман оралуыңа тілектеспін, -

деп шығарып салады.



2-жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы бүкіл ел үшін өте ауыр болды. Ол Қазақстанды да айналып өтіп кете алмады.

Кеңес Одағы бойынша 11600 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса , оның 497 - сі қазақстандықтар. Кеңес Одағының орден , медальдарымен марапатталған қазақстандықтар - 96638 .



1 - жүргізуші:

Қойылым: «Немістер қоршауында»



Неміс (неміс тілінде): Алға бас! Тізе бүк! Қолыңды көтер!

Жігіт: Елімді сатпаймын! Басымды балтамен шапсаң да, құлдыққа сатсаң да, қапасқа салсаң да кешірім сұрап, құпияны ашпаймын!

Неміс ашумен жігітті атып тастайды.



2-жүргізуші:

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград , Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. 5



1-жүргізуші:

Ән. «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындайтын Ералдинова Қаламқас



2-жүргізуші:

Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.



1-жүргізуші:

1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды. Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.



(Жансая Қапбарова)

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.



2-жүргізуші:

Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.



Әлия, Мәншүк - оқитындар Асанова Гүлнұр мен Сейілханова Ақтоты



Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік

Отан-ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік



Мәншүк: Отан ана жылағанда шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те

Қолымызға қару алдық ерленіп



Әлия: « Отан» деген сөз көкейде жатталып

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым

Біз сендердей арман гүлін тақпадық



Мәншүк: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар

Бізді қайта туды Отан , ел егіз



Екеуі бірге: Жетсек деген арманымыз көп еді

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

Бізді туған күнімізбен құттықтап

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз 6

Жанымызды құрбан еттік осылай

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз



1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 -ында бұрын - соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.



2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.



1 - жүргізуші: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған.

Айжан 10 А Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.



1-жүргізуші:.

1418 күн мен түн майдан оты маздап соғыс қазаны сақылдап қайнап , ажал оғы ойнап жатты. Қазақстанда құрылған көптеген әскери құрамалар ұлы шайқастардың жылнамасында даңқты беттер жазып қалдырды. 316 атқыштар дивизиясы , 238 және 312 атқыштар дивизияларының Москва түбіндегі шайқастарда , 29 және 38 дивизиялардың Сталинград түбінде , Курск доғасында , 310 және 314 дивизиялардың Ленинград қаласы үшін ұрыстарда даңқы шықты.



2-жүргізуші:

Осы соғысты бастай отырып , фашистік Германия ұлы жоспар жасады. Яғни біртұтас КСРО - ны бөлшекке бөліп жіберуді ойлаған . Оған Қазақстан жері де енді. Ортақ Отанымыздың басына қатер төнген кезде қазақ жерінен барлығы 1 млн. 200 мың адам соғысқа аттанды.



1-жүргізуші: Соғыста еліміз 27 млн адамынан айырылды. Ақырында көптен күткен Жеңіс 1945 жылдың 9 - мамыры да келіп жетті.



Интертақта арқылы Жеңіс парадын көрсету.

Левитанның сөзі:



2-жүргізуші: Біз сол сұм соғысты жеңдік. Үйімізге сүюге, өмірге қуануға оралдық.

Фариза

І. Келді Жеңіс, қаралы қағаздармен

Келді Жеңіс, жаралы сарбаздармен.

Келді Жеңіс, соқаға сері жегіп

Тастақтарға тартылған бораздамен.



ІІ. Келді Жеңіс, апатты жарып өтіп,

Қап - қараңғы түнекті жарып өтіп

Шықты қайта жұлдыздар аспанына

Әрі тайған жүзінен әлі кетіп.

7



IIІ. Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.



ІV. Қара бұлтқа оранбасын күн көкте

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанның бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңе ұста, құрметте.



1 - жүргізуші: Хор: «День Победы» .

Гүлғайша: Неменеңе жетістің бала батыр ?

Қариялар азайып бара жатыр .

Бірі мініп келместің кемесіне ,

Бірі күтіп , әнеки, жағада тұр .

Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.



Гүлімжан : Сәбилердің зәресін бұлт алмасын ,

Айна көңіл жүректі кір шалмасын .

Бейбіт құстар даласына еркелеп ,

Аспанымда қалықтаудан талмасын.

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын ,

Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.



2 - жүргізуші Ән: «Әкем - әнім»

Орындайтындар Ералдинова Қаламқас, Асанова Гүлнұр

Нұрдаулет, Сатыбалдиева, Нуғманова, Мыңтаева

Сексенге келген әжемнің

Жүректе жатқан сыры еді.

Соғыстан қайтпай жан-жары

Қайғыға толы жүрегі



Қамқа әжем менің әрқашан

Сөйлейтін сөзге сараң-ды

Айтайын балам жаз деді

Жүректі тескен жарамды.



Қырық төрттің күзінде

Шақырды әскер жарымды

Шығарып салдым үмітпен

Қапшыққа салып барымды.



Құрғанбыз отау сол күні

Толған ед сонда үш-ақ ай

Өмірдің неде мәнісі? 8



Қалдым-ау дедім сезе алмай



Сағыныш толы хат легі

Ай сайын келді тоқтамай

Күндерді санап жазатын

Аз қалды, шыда, Қамқатай.



Жеңеміз жауды әлі-ақ деп

Жігер де беріп қоятын

Өлеңмен жазар хаттарын

Еді-ау атаң ұлы ақын.



Құрсақта қалған сәбиін Көре алмай кетті қайтейін.

Хабарды алып қаралы

Аңырап жатты әр үйің.



Менің де жетті басыма

Қаралы хабар тізбегі

Сөгілсе жүрек жан шыда

Қамқа әжең күдер үзбеді.



Жеңіс те жетті аңсаған,

Жырлады оны қанша ақын.

Қайтпаған солдат баласы

Ол сенің атаң қарағым



Жеңістің ұлы тойында

Тойлауға таяу елім-ай

Күтумен жүрек қартайды

Айта алмай шерді дариға-ай



Алпыс беске толды атаң

Қараумен жолдың бойына

Келер деп менің көкем де

Ордендер тағып мойнына.



Он тоғыздағы Қамқа әжең

Келіпті казір сексенге

Болсын деп аман немерем

Салауат айтып өткенге.



Сандықта жатыр қаттаулы

Сарғайған хаттар бұрышты

Ұрпағың сақтар есінде

Соғыста қалған солдатты.



1 - жүргізуші

Ән: «Сөнбейді әже шырағың». Орындайтын Ералдинова Қаламқас



Айжан 10 б:

Енді соғыс болмасын

Қабаққа қайғы қонбасын

Жер бетін өрт шалмасын 9

Әр күні бейбіт таң атып ,

Әлпештеп жұртты оятып ,

Әр күні көкке күн шықсын .

Күрсінбесін аналар ,

Күле берсін балалар!



Перизат: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Сүйінші , халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

Кек қайтарып фашистен ,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!



1-жүргізуші: Жеңіс күні - адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен. 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.



2-жүргізуші: Жеңіс күні - 9-мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.



1-жүргізуші: Жеңіс күні - 9-мамыр. Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.



2-жүргізуші: Жеңіс күні - 9-мамыр. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.



1-жүргізуші: Жеңіс күні - 9-мамыр. Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.



2-жүргізуші: Бұл күн - сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.



1-жүргізуші: Бұл күн - әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.



2-жүргізуші: Бұл күн - бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.

1 - жүргізуші: Хор: «Қазақстан»



Әлиәкпарова Камшат

Бір сәтке секілденіп тыныстаған

Жатырсың.Бұл жер жақын таныс саған,

Бауырым, топырағың торқа болсын,

Сендер ғой Жеңіс туын тік ұстаған.



Елімде жайнасын деп жылда көктем, 10

Жетімдік көрмесін деп бала біткен.

Сендер ғой омырауын оққа тосып,

Болашақ үшін өзін құрбан еткен.



Жексұрын жауды қуып желкеледің,

Бірақ та деген жоқсың "ерте өлемін"

Еліңнің төріндесің енді бүгін,

Жатсаң да баурайында бір төбенің.



Ахметова Гүлжахан

Жауапты болып өзі барлығына

Қорғаған нұр арайлы таңды мына.

Кім айтар белгісіз деп бауырларды

Баршаның ара тұрған тағдырына



Өмірдің көре алмадың бар қызығын,

Анаң да жүр-ау аңсап жалғыз ұлын.

Бас ием,рухыңа батыр солдат,

Бағыштап махаббатын жер жүзінің.



Сейлханова Бану

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міне

Аспан бетін қаптағанқара тұман

Серпіліп зұлымдықтың сәнді түні



Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Еңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандата жырлаймыз жақсылықты.



Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан

Аяласын көңілін жақсы үмітпен.



Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін, дамыл таппай!

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай

Қандай жүрек қалады қанат қақпай.



Шакенов Нұрсұлтан

І. Жеңіскерлер - әр елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа

Мерей тапты сол әнмен ел еңбегі.



ІІ. Сырға тұнған шежірелі даңғылым

Ашылмаған жұмбағы мол сан қырын.

Олар шерткен әрбір дастан, әрбір жер

Ұрпақтарға үлгі, өнеге, тағылым.



Дулатова Гүлнұр

І. Еске алып туған жер, ана жарын 11

Биік ұстап абырой, намыс, арын.

Отан үшін аянбай соғысты олар

Кеудесінен ұрса да отты жалын.



ІІ. Қан кешкенде майданда бабаларым

«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»

Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай

Тауып алып қан - жаса жараларын.



І. Батырлықтың қашанда тұрағы - елі

Жүрегінде батырдың тұрады елі.

Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның

Біз боламыз әркезде мұрагері.



2 - жүргізуші: Хор: Тәуелсіз Қазақстан.



1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

2 - жүргізуші:

67 жыл көктем таңы атқалы,

67 жыл шуақты күн тартты әні

Есімде содан бері қаншама рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.



ІІ. Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді,

- дей келе Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған іс-шарамызды аяқтаймыз.













































12





№156 жалпы білім беретін орта мектебі





















«Қаһарман жылдар жаңғырығы»

(Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған іс- шараның бағдарламасы)





























Дайындаған: 10 «Б» сынып жетекшісі

Шәуенова Ләззат Жұмаділлақызы













Нартай ауылы





































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал