7


  • Учителю
  • ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕ АСЫРУ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕ АСЫРУ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ

ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨЗІН-ӨЗІ ІСКЕ АСЫРУ





Әбдіғалиев Темірлан Сәбитұлы

«Жітіқа ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ

Ғылыми жетекшісі: Абдрахманова Фарида Бакытжановна





«Мәңгілік ел» идеясының ең басты құндылықтарының бірі - отбасы мен оның тұрақтылығы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Бұлай дейтін себебіміз, адамның тұлғаға, оның өз кезегінде дара тұлғаға айналу ісінде отбасы құндылығының негізгі рөл атқаратындығы сөзсіз.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. ХХІ ғасырға лайық, әлемдік өркениет көшіне ұялмай тізе қостыратын, дамыған елдермен терезе теңестіретін, бәсекелестікке қабілетті отыз елдің санатына қосылу үшін елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керектігі айтпаса да түсінікті. Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады.

Жылдар өткен сайын адам баласы өркениет жалына жармаса түскенімен, адам өмірінің сәнін келтіріп, мәнді қылатын рухани құндылықтардан ажырап бара жатқан секілді.

Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселелер туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында «Жеке тұлға, отбасы, қоғам заманауи мәселелер контекстінде» тақырыбын алып отырмын.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында мына негізгі факторлардың ықпалы зор. Олар: мектеп, қоғам және отбасы.

Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мектептен басталады. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, білім ордаларында жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы - «Өзін-өзі тану» пәні. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану. «Өзін-өзі» тану пәні қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік - экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға бағытталған. Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақты «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға етіп тәрбиелей аламыз.

Ұрпақ тағдыры - ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз, не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып, «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады.

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ананын басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

«Өзін-өзі тану» пәні жастарды әлеуметтендіруге, балалардың өз мінез-құлықтары мен өмірлік іс-әрекеттерін қайта ойлауға бағыттайды. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Есімі баршамызға белгілі «Аққан жұлдыз» атанған Ш.Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын. Қазір біз азаттық алған, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толған егемен елміз. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық қоғамның алдында жаңа ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі, азаматтар арасында жақсылық, әділеттілік, өзара көмек, төзімділік орнықтыратын құндылықтарды іздеу мәселесі қалыптасты. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі қазіргі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. 2013 жылы Президент жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленді. Оның мақсаты - отбасылық құндылықтарды нығайту.

Мектеп, қоғам және отбасының басты мақсаты - жас ұрпақты азамат ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, интеллектуалдық әлеуетін көтеруге және әрбір жеке тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып, нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу - бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың қарашасында жариялаған «Нұрлы жол» бағдарламасында қоғамның негізгі тірегі ретінде жастардың еңбегін бағалады. Сондықтан қоғамымыздың қозғаушы күші, экономикамыз бен мәдениетімізді өркендететін бірден-бір тұлға - бұл сіздер. Сондықтан терең біліммен қаруланып, талмай еңбек етіп, еліміздің бір кірпіші болып қаланыңыздар дегім келеді.

Баяндаманың корытыңдысында айтып кететін бір мәселе қалды: адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі. Суйіспеншілік дегеніміз - әлемге, адамдарға ашық, сенім сезімде болу, әр адамның ерекшелігін, өзгешелігін, шығармашылық кабілеттерін қабылдай отырып, бір біріне адал, жауапкершілікті болу. Сүйіспешіліктің негізінде адамдар бір бірін түсініп бірігеді, ішкі бекеттерін ашып, жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізеді.

Сонымен жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан -жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.

ХХІ ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа, кемел келешекке апаратын біз - жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен, тәуелсіз Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп, асыл мұраты алға жетелесін демекпін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!





Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030» Ел басының Қазақстан халқына жолдаған стратегиялық бағдарламасы. - Алматы: Білім, 1997.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы, Астана 11.11.2014 ж.

  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жолдауы Астана, 30.11.2015.

  4. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы » Қазақстан мектебі. №2, 2004. - 4 бет .

  5. Бердібайқызы Қ. Өнеге әуелі - отбасынан //Қазақ батырлары. - 2005. - №4. - Б.22

  6. Жәнібекова С. Абай отбасылық өмірі туралы //Қазақстан мектебі. -

2000. - №7. - Б.60-62

  1. Қабылова Қ. Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіндегі рөлі //Бала тәрбиесі. - 2005. - №4. - Б.33-34

  2. Мұқашева Ғ. Тәрбиенің бастауы - отбасынан //Бала тәрбиесі. - 2005. - №2. - Б.9-11

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал