- Учителю
- Тәрбие жұмысының әзірлемесі Төрт түлігім-ырысым 1-сынып
Тәрбие жұмысының әзірлемесі Төрт түлігім-ырысым 1-сынып
Тақырыбы: «Төрт түлігім-ырысым!»
Мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың үй жануарлары туралы
түсініктерін айқындау. Үй жануарларының төлдерін ажыратып
айтуға,олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту.
Міндеттері:
Білімділік: Төрт түліктің пайдасы, олардан алынатын өнімдермен
таныстыру.
Дамытушылық:Сабақ барысындақа сөздік қорын байыту,ойлау қбілеттерін
дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.Ұлтжандылық сезімін
ояту.
Тәрбиелік: Үй жануарларын күтуге, қамқор болуға, ересек адамдардың
еңбегін құрметтеуге үйрету.
Сабақтың барысы:
Ι. Сәлем бердім досыма
Кел менің құшағыма
Қалың қалай? Жақсы ма?
Жақсы болса? Жасырма!
Сәлеметсіздерме!
ΙΙ. Сұрақтар қою :
• Үй жануарлары деп қандай жануарларды айтамыз?
• Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
• Үй жануарларының жабайы жануарлардан айырмашылығы неде?
• Олардың пайдасы қандай?
ΙΙΙ. Жаңа сабақ:
Қазақ халқы үй жануарларын «мал» немесе «төрт түлік» деп атайды.
Төрт түлікке жататындар: жылқы, сиыр, қой мен ешкі және түйе. Қой
мен ешкіні қосып бір түлік немесе уақ мал деп атайды (слайдқа назар
аудару).
Бүгін біз төрт түлік мал иелерінің ауылына саяхат жасаймыз.
Саяхатымызды бастамас бұрын жұмбақ шешіп ауыл иесін табайық.
Дайынбыз ба?!Қанеки, кеттік.
№1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(Қой)
Қой - қазына, мырзалық,
Қой атасы - Шопаната.
Бұл Шопан ата ауылы екен . Ал,енді қойдың қандай пайдасы бар? Одан
не аламыз?(сүт, ет)
№2. Мүйізі айдай иірген
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт майы
Жегенде тілді үйірген.(Сиыр)
Сиыр - қанағат, ақтық,
Сиыр атасы - Зеңгібаба. Зеңгібаба ауылын таптық. Ал, енді осы
сиырдан біз не аламыз? Оның қандай пайдасы бар? (сүт, ет, ірімшік,
айран, құрт, май, кілегей, қаймақ)
№3. Қамыс құлақ
Тостаған тұқ.
Мінсең - қанат.
Сүті - дәрі,
Еті - тамақ. (Жылқы)
Жылқы - сәндік, мақтан
Жылқы атасы - Қамбарата.
Жылқының қандай пайдасы бар? Одан біз не аламыз? (мінсең-көлік,
сүті-қымыз ішсең-ем, бойға қуат, жесең-ет)
№4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Түйе - байлық, салтанат
Түйе атасы - Ойсылқара.
Түйенің қандай пайдасы бар? Одан біз не аламыз? (сүтін ішсең-шұбат,
өте пайдалы, емдік сусын, ертсең-көлік, шөлге шыдамды, өте төзімді
жануар екен).
Жылқының төлі-құлын, сиырдың төлі-бұзау, қойдың төлі-қозы, ешкінің
төлі-лақ, түйенің төлі-бота.
Мал сүтінен көптеген құнды тағамдар әзірленеді. Малдың жүні мен
терісін киім мен бұйымдарды жасауға пайдаланады.
Сергіту жаттығуы:
«Шапалақта» жаттығуының бірінші шумағы ақырын дауыспен айтылған
кезде, алақанды ақырын шапалақтап, екінші шумақты айтқанда қаттырақ
соғады, қолды ырғақпен шапалақтайды.
Кел, балақан, балақан!
Шапалақта алақан!
Жай, жай, жай!
Қозғап барлық денеңді,
Қолды қатты соқ енді,
Сарт, сарт, сарт!
ΙV. Бекіту:
• 4-артығын тап.
Мақсаты: Берілген 4 заттың ішінен артығын табу. Сол арқылы
қызығушылығын ояту.
• Шимақталған бейнелерді тап.
Мақсаты: Берілген шимақталған суреттің ішінен әртүрлі
жан-жануарларды табу, олардың атын атап суреттен көрсету.
V. Сұрақ-жауап тәсілі арқылы сабақты қорытындылау.
- Бүгін қандай тақырып өттік?
- Не түсіндіңдер?
VΙ. Бүгін сабақта белсене қатысқан оқушыларды мадақтау
Абикеева Назигуль Кайркеновна
Тәрбиеші
«Дамуы шектелген балаларға арналған
облыстық №3 арнаиы мектеп -интернаты» КММ