7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды

Ашық сабақ Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?

Мақсатты:дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету; екі түрлі қылқалам мен жұмыс істеуді;шығармашылық қабілеттерін,ой қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімдігін қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:дөңгелек заттардың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптер,бояу,қылқалам, су,сүлгі.

Сөздік жұмысы:дөңгелек, шеңбер.«Қандай пішін жоқ?»

Дидактикалық ойыны. Дөңгелек пішінге ұқсас ойыншықтардың заттардың аттары мен белгілерін атап айтады, балалар мен бірге анықтайды. Балалар топ ішіндегі заттардан дөңгелекке ұқсас заттарды тауып айтады.

Фигураларды еске түсіреді. Балалар ойланады.

-Шар,доп, т.б.

Олар домалайды, дөңгелек дөңгелейді, бұрыштары жоқ.

Тамақ ішетін ыдыс, сағат, доп т.б.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сергіту сәті.

Педагог:

Қазым,қазым, қаңқылда,

Жүз көліңе,салқында,

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?...

Қаз:

Жоқ!Жоқ!

Кәмпит маған болмайды ас, Арпа менен бидай шаш.

«Заттардың суретін аяқта» дидактикалық ойыны. Балаларға берілген фигурадан бейне жаса деген тапсырма беріледі. Суретті салуға кіріспес бұрын педагог салатын суретті нүкте арқылы көз мөлшермен жасап алуды, содан кейін қылқаламмен бастырып, қалаулары бойынша бейне жасау туралы әңгімелеп түсіндіреді.







Өлең жолдарынына сәйкес қимылдар жасайды.







Қылқаламды еркін ұстап, дөңгелектің үстінен жүргізіп, қалаған бейнелерін жасайды. Ішін бояған кезде нүктеден бастап айналдыра бояу әдісін қолданылады. Жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақтар айтып, қалғандары ойланып шешімін табады.

Рефлекциялық

-Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар(мақтау,мадақтау).

Балалар толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды.

Игереді:Екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді.

Меңгереді: Шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыта отырып бейнелер жасауды.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал