- Учителю
- Шеберлік сабағы. Тақырыбы: 1 МАМЫР - БІРЛІК КҮНІ
Шеберлік сабағы. Тақырыбы: 1 МАМЫР - БІРЛІК КҮНІ
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ Кабдолдинова Еркежан Сериковна Өскемен қаласы «№ 1 орта мектебі» КММ | |
Тақырыбы: |
1-МАМЫР -ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ.
|
Мақсаты:
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Көрнекіліктер: |
Постер, түрлі-түсті маркерлер, үлестірме ресурстар қағаздар, интерактивті тақта, слайд-презентация, стикерлер, қайшы,желім, топ ережелері, «Ынтымақ ағашы» |
Әдіс-тәсілдері : |
Топтық, ұжымдық жұмыс,АКТ, СТО, диалог |
Сабақтың барысы: | |
Ұйымдастыру кезеңі |
Психологиялық ахуал: Танысу тренингі. Мысалы: Мен-Еркежанмын. Өскемен қаласынан келдім. |
1-топ:
2-топ:
3-топ:
4-топ:
5-топ: Қосымша № 1 |
Топқа бөлу: Әр қатысушы қолдарына бір-бір мақалдың сөздерін алады. Өзге қатысушылармен араласып жүріп, өз мақалын құрау арқылы, тобына табады.
Осылайша топқа бөлініп отырады.
|
Топтың «7 қасиетті» ережелері: |
|
Ой қозғау |
Слайд көрсетіледі
|
Мәтінді талдау: Қосымша № 2
«Аквариум» әдісі
|
балықтар жақтаулары
|
«Кезбе тілші» |
Әр топ бір-бір тілшісін сайлайды. Тақырып аясында, қорытындылау мақсатында 2 сұрақтан тілші ретінде қойып шығады.
|
Сергіту сәті |
Әр қатысушы өз орындықтарымен ортаға келеді. Шеңбер құрып отырады. Әр ұлттың ұлттық тағамдарының атауларымен ұйымдастырылады. Өзбек -палау. Қазақ -бешбармақ. Орыс -борщ. Татар -бәліш. Түрік -дөнер
|
Топтарға бекіту тапсырмалары:
Қосымша № 3
Формативті бағалау жүзеге асырылады. |
1-топ: Мәтінге постер құру. 2-топ: «Бірлік, достық» тақырыбына коллаж жасау. 3-топ: Өлең құрастыру. Бірлік керек, бірлік керек ағайын! Елдің басын біріктірер әрдайым. ............................................................, ............................................................. . 4-топ: «Ынтымағы жарасқан елміз» тақырыбында эссе жазу 5-топ: «Татулық, бірлік» тақырыбына шағын көрініс көрсету. 1-топты - 2-топ шапалақ арқылы 2-топты - 3-топ мимика арқылы 3-топты - 4-топ бес балдық жүйе арқылы 4-топты - 5-топ бес бармақ арқылы 5-топты - 1-топ сөз арқылы
|
Ой сергіту картасы Қосымша № 4
|
1-топ: «Білемін, білмеймін» 2-топ: «Иә, жоқ» 3-топ: «Дұрыс, бұрыс» 4-топ: «Сенемін, сенбеймін» 5-топ: «Шын, өтірік» |
Рефлексия |
|
Қорытынды рефлексия |
«Ынтымақ ағашы»
|
ҚОСЫМША № 1
4-адамнан 5 топқа (20 адамға)
-
Ынтымақ болмай іс оңбас.
-
Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
-
Көппен көрген - ұлы той.
-
Берекелі жерден мереке кетпес.
-
Бес бармақ жиналса - жұдырық.
5-адамнан 5 топқа (25 адамға)
-
Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
-
Байлық байлық емес, бірлік байлық.
-
Бірлік бар жерде тірлік бар.
-
Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда.
-
Теңге- тиыннан, ынтымақ- ұйымнан құрылады.
ҚОСЫМША № 2
1-МАМЫР -ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ.
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған,ұлтаралық татулық пен тұрақтылық феномені- Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамдлея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етеді.
Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі- Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты «Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру» мәселесі. Бағытты бұлай аталуының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді.
Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптарсырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этносаралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.
ҚОСЫМША № 3
3-топ: Өлең құрастыру.
Бірлік керек, бірлік керек ағайын!
Елдің басын біріктірер әрдайым.
............................................................,
............................................................. .
Бірлік керек, бірлік керек ағайын!
Елдің басын біріктірер әрдайым.
.............................................................,
.............................................................. .
ҚОСЫМША № 4
Карта: «Сенемін, сенбеймін»
Карта: «Білемін, білмеймін»
Пікір
«Білемін»
«Білмеймін»
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі- Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайту болды.
Қазақстан-ортақ үйіміз.
Қазақстанда табиғаты ғажап жерлер өте көп.
Карта: «Келісемін, келіспеймін»
Карта: «Шын, өтірік»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауы: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталды.
Мемлекеттік тіл-орыс тілі.
Карта: «Дұрыс, бұрыс»