- Учителю
- Ертеңгілік тақырыбы «Алтын күз»
Ертеңгілік тақырыбы «Алтын күз»
Ертеңгілік тақырыбы: «Алтын күз»
(Даярлық тобына арналған ертеңгілік)
Балалар әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Сары жібек желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп иісімді күзім келді,
Нұр тамашасын аспаннаң мөлдіретіп.
Би: «Күзгі вальс»
Тақпақтар:
Гүлсезім: Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Ой балалар,балалар,
Ойналық та күлелік,
Енді оқуға кірелік .
Перизат: Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз ,алтын күз
Дәнге толды ең далам
Дариядай шалқып жүр.
Мейірлі күз ,мырза күз
Сыйлығыңа ризамыз
Аппақ қардай таңыңда
Шомыламыз нұрға біз.
Аружан: Алтын сары,қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап.
Таудан салқын жел соқса,
Сыбдырлайды қалтырап
Жақын қалды желтоқсан,
Жапырқайды жапырақ.
Ән: «Күз келгенде»
Шегіртке мен құмырсқаны киіндіру.
Шегіртке кіреді. Савламатсыңдар ма бала-р?мында неге жиналып отырсыңдар?Сендердің ән салған дауыстарыңды естіп келдім.Мен де ән салғанды,би билегенді жақсы коремін.Осылайша көңілімді әр дайым көтеріп жүремін. (Кұмырсқа өтіп бара жатады.)
Шегіртке: Әй, құмырсқа не істеп жүрсің. Мына балалар ән салып,көңіл көтеріп отыр екен. Кел бізбен ән салып би биле.
Құмырсқа: Ау, шегіртке сенің мұның не?Жаз бітіп, күз келгенін білмедің бе?Қысқы азығыңды дайындамайсың ба?Менің сендермен ән салып, би билейтін уақытым жоқ.Қысқы азығымды дайындап жүрмін.
Шегіртке: Құрмырсқа достым, мында сенің де достарың, менің де досытарым отыр. Қане ортаға биге шақырайық.
Би: Құмырсқа мен шегірткелер вальсі.
Жүргізуші: Құмырсқа сен қандай еңбекқорсың.біздің балалар да еңбекқор, білімді. Еңбек туралы мақал мәтелдерін айтып береді.
Мақал мәтелдер.
1. Еңбек-ердің санаты,
2. Білім-ердің қанаты.
3. Еңбек түбі- зейнет.
4. Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі.
5. Еңбек -барлығын жеңбек.
6. Ерте тұрғаның құты артық.
Ынта болса адам да ,
Қиын іс жоқ ғаламда.
Құмырсқа: Балалар сендерге рахмет.Мен енді қысқы азығымды дайындайын. Ал, шегіртке сен ойлан.Сау болыңдар балалар!
Шегіртке: Кете бер, кете бер. Менің әлі балалар көңілімді көтереді.
Жүргізуші: Ондай болса балалар саған арнап ән айтып береді.
Ән: «Күзгі жапырақтар» Азамат пен Меруерт.
Шегіртке: Ой, балалар сендер менің көңілімді көтердіңдер. Енді мен сендердің көңілдеріңді көтеремін.
Ойын: «Жемісті тез жина»
Тәрбиеші: Шегіртке сен білесің ба?Күз мезгілін де неше ай барын?
Шегіртке:-Ол не нәрсе, оны ойлайтын да уақтым жоқ.
Тәрбиеші:-Ендіше оны біздің балалар айтып берсін
Тақпақтар:
1.Аңсар: Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйектің айында.
Жас ұландар бара жатыр,
Өнер білім бағында.
2.Алихан. Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық адал достықпен,
Бейбіт өмір жалғасты.
3.Азамат Күздің қараша айында,
Жиын -терін бітеді,
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Шегіртке: ой, балалар сендер дұрыс айтасыңдар.Сендердің тақпақтарыңды, болжамдарыңды естіп ойланып қалдым. Секіріп, ән салып жүре бермей қысқы азығымды дайындайын.Сау болыңдар балалар.Рахмет сендерге.Көңілімді көтердіңдер.Құмырсқаны куып жетіп алайын. (деп шығып кетеді)
Жүргізуші: Уылжытып жемісін,
Ақтарды ғой мырза күз.
Аянбайтын ел үшін,
Өсіп келеді ұл мен қыз.
Ән: «Алтын күз»
Жұмбақ:
1. Бақшада өседі,көп өнімді береді (көкеніс).
2. Домаланған ала ас,
Дәмі шырын,даяр ас (қарбыбыз)
Би: «Қол шатыр»
Күз ханшайымы: Саламатсындар ма балалар?
Балалар мерекелерің құтты болсын.Күз өз молшылығын алып келсін.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе ,күз ханшайымы біздің даусымызды естіп құттықтауға келгеніңізге көп рахмет, алыс жолдан шаршап келген боларсыз,
Отырып балалардың өнерін тамаршалаңыз.
Біздің балалар «Ұйқасып»өлең шумақтарынжемістерге байланысты айтып береді.
Анжела: Іші толған шарбат,
Дәмі қандай әйбат
Үзең бірден жүзі
Оның аты жүзім
Меруерт: Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті
Шағып қара таңдап,
Оның аты жаңғақ.
Данияр: Дөп-дөңгелек сары.
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты өрік
Жасұлан: Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бау-бақша,
Күрең қызыл шіркін -ай
Оның аты құлпынай.
Ерасыл: Пісетін кезде дәл күзде
Мезгілсіз оны сен үзбе.
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты шабдалы.
Көрініс: «Қаңбақ пен бидай»
Тәрбиеші: Өзі қаңбақ болса.
Онда қандай салмақ болсын,
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күні егістікке,
Дауыспен былай тіл қатты:
Қаңбақ:-Сен осы бидаймысың?
-Бидаймын,
-Ақыл айтсам тыңдаймысың?
-Тыңдаймын,
-Ашып айтсам дұрысым,
Осы қай түрысың?
Жүрмейсің,кезбейсің,көрмейсің
Не барын не жоғын да білмейсің.
-Мен болсам міне,
Күнімен түні.
Ұшарымды жел біліп,
Қонарымды сай біліп
Сайран салып жүргенім
Қызықты өмір сүргенім
Тәрбиеші:-Эй қаңбақ деді
Қанасына сыймай,
Ш. Камила : Ашып айтсам дұрысым
Осы қай жүрісің
Белгілі тұрағың жоқ.
Бас түгіл құлағың жоқ
Дильназ: «үф»-десе ұшасың,
«Сүф »десе қонасың
Қаңғыған қаңбақсың
Кімге тұлға болмақсың
Б. Айым: Біз болсақ міне,
Күні мен түні,
Жинағаным дән
Айналамыз толған ән,
Абырой да, атақта.даңқ та,
Ерлік те,жеңіс те,
Барлығы осы егісте,
Тәрбиеші: Осымен бидай сөзі бітті,
Қаңбақ жөніне зытты,
Дұрысын айтқн бидай ма,қаңбақ па?
Оны өздерің салмақта,
-Балалар қаңбақты дұрыс па,әлде бидайдыңкі дұрыс па?
Күз ханшайымы:-Ой балалар сендер сондай ақылды екенсіңдер ,мен сендер мен өз ойынымды ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Көкеністерді ата-аналарымен жинау»
Ән: « Күз сыйы »
Тақпақтар:
Жандос: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тоңғаным,тойғаным ба
Жылқы ойнап.бие қашып ,тай жарысқа
Айым: Көктем де егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала-бай дала,
Ел егінді жинаиды
Қырманға дән сыймайды.
Көркем: Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Астық дала сәулетті
Астық- Отан дәулетті
Біздің дала- бай дала,
Алтын астық айнала
Би: «Ұлдардың»орындауында.
Күз ханшайымы:-Балалар сендерге көп рахмет,күз мезгілі жайлы көптегенөлең шумақтарын,жұмбақтар біледі екенсіңдер,менде сендерге өз сыйымды ала келдім,ал ендіше қош сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші; -Құрметті ата- аналар,қонақтар,әріптестер күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін дей отыра. Әр отбасына амандық тілейміз.біздің «Қара жорға »тобының сіздерге арнаған ертеңгілігі осымен аяқталды, келіп көргендеріңіз үшін рахмет