7


  • Учителю
  • Мейірімділік-көңіл кеңдігі рухани-ізгілік сабағы

Мейірімділік-көңіл кеңдігі рухани-ізгілік сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мейірімділік - көңіл кеңдігі

Мақсаты: Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;

Күтілетін нәтиже:

  • «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсінігі дамиды;

  • Мейірімділіктің маңыздылығын түсінеді;

  • Өзара сыйластық қарым қатынастары дамиды.

Көрнекі -құралдар: Интер. тақта, суреттер, бейне көрініс т.б.

І. Психологиялық дайындық.

Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай екенін білесіңдер, аялайды, жылытады. Олай болса, қолымызды созып, күннен жылу алайық.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз

Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда мына жан - жағым. Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен бір - бірімізбен амандасайық. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Рахмет.

ІІ.Топқа бөліну: Алдымен оқушыларға өздеріне ұнаған түстерін таңдауын сұраймын (мен үш топқа 8 оқушыдан бөлдім: сары, жасыл, қызыл) Сол түстер бойынша топқа бөлінеді

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыпты айтпас бұрын, мен сіздерге мына бейне роликті мән беріп қарауды сұраймын. Содан кейін өздерің тақырыпты табатын боласыздар.

ІІІ. Видео ролик «Бала бойындағы мейірімділік»

Ал, бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Дұрыс айттыңдар, бүгін біздер мейірімділік, жақсылық туралы сөз қозғаймыз. Алдымен мен сендерге бір сұрақ қоямын, сол сұрақтың жауабын іздеп көресіздер. («Аралас, топтас» әдісі бойынша өткізіледі. Оқушылар қолдарына қалам мен қағаздарын алып шығады да бір минут ішінде мәлімет жазып алу керек)

Сұрақ: Мейірімді адам деген қандай адам?

Мұғалім «Аралас» дегенде оқушылар бөлме ішінде арлы берлі жүріп, араласып «Мейірімді адам деген кім?» сұрағына жауап алып, қағаздарына жауаптарын жазады.

Мұғалім бірнеше оқушының жауабын тыңдайды.

«Топтас» дегенде өз топтарына отырады.

Мұғалім сөзі: Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу. Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.

ІҮ. Ойланайық, пікірлесейік:

- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

- Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?



Тыныштық сәті (баяу музыка Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза, жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар



Ү.Ойын «Мейірімділік жібі»

(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)



-Оқушылар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз.



Хормен: Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз

ҮІ. Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал