7


  • Учителю
  • Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік таңы

Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік таңы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік таңы

Мақсаты: оқушыларға елімізге Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, сонау 1986 жылы алаңға бейбіт шеруге шыққан жастарға аяусыздық, жауыздық көрсетілгенін тереңірек түсіну.

Көрнекілік: Мемлекеттік рәміздер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, Желтоқсан оқиғасы туралы суреттер, кітап көрмесі.

1-жүргізуші: Құрметті мұғалімдер, оқушылар және қонақтар !

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып өткізгелі отырған «Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік таңы» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер !

2-жүргізуші: 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. 70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың бас бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күні сол еді ! Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

1-жүргізуші: Иә, бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан ! Ол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалады. Желтоқсан - елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.

1-оқушы:

Қазақы өлең қаншама рет аһ ұрды,

Отыз бірде Дана қажы атылды.

Отыз жетіде Сәкен менен Ілияс

Елге атылған оқты өзіне шақырды.

Жетпіс алты Мұқағали ақынды

Күйікпенен у теңізге батырды.

Мына заман бетін тырнап алатын

Өлең үшін өшіреді ақылды.

Талабы мен азабына сор жақын ба,

Жырыменен гүл өсіретін таңымда,

Бірінші боп зорлық билік алса егер

Ақын байқұс кетеді екен тақымда.

Сексен алты дүрліктірген даланы,

Үкім тақты тағы да бір ақынға.

2-оқушы:

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып.

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Ата-баба арпуағына сыйынып.





Көрініс: «Қасіретті желтоқсан» ( Түрмедегі қайраттың тергелуі )

Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозаң ұшырдың,

Балағаттайсың маған бір шын, түсіндім.

Жазықты екем, қайталай берем несіне,

Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім.

Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа,

Ит, не деген өткір едің !

Ине сұқтым тырнағыңа,

Өлердей ғып тепкіледім.

Алдау, арбау тәсілімен

Салдым қанша жанға бұғау.

Тәнің таудың тасы білем,

Мойындата алмадым-ау !

Қайрат:

Мойындата алмайсың, Адал арым,

Көзің жетіп болды ғой, бағалағын.

Меңсіз едім, жақпасаң маған қасқа,

Отыз жеті емес бұл Замандасқа.

Тергеуші:

Байқа сексен жеті бұл бүлігі көп,

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.

Тіліңді безеп, өлең айт маған десең,

Савицкийді өлтірдің алаңда сен.





Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Әлі де шығар алаңға Отан үшін

Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.

Жүректе намыс оты сөнбейді

Кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ

Түсінеміз, ұғамыз

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!



Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!



Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.



Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.



Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

</

Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.



Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.



Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарын

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал