- Учителю
- Мамандық таңдау-болашақты таңдау 9-класс
Мамандық таңдау-болашақты таңдау 9-класс
№5Хромтау гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жекенова Гүлназ Тынымбекқызы.
Тәрбие сағаты
9-класс
Тақырыбы: «Мамандық таңдау - болашақты таңдау»
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тренингтер, дидактикалық ойындар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)
- Бұл кім?
- Мұғалім
- Наубайшы
- Заңгерлер
- Шекарашылар
- Ғарышкер
- Әртістер
- Суретшілер
- Күзетшілер
- Құрылысшылар , т.б.
- Сіздер қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?
- Мамандық
- Дұрыс айтасыңдар.
Олай болса ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамандық таңдау - болашақты таңдау»
Тақтаға назар аударайық.
-ІІ. Негізгі бөлім:
«Ми шабуылы» - ой қозғау: (Кластер әдісі арқылы).
1-топ. Мамандық дегеніміз не?
2-топ. Елімізге қажетті мамандар.
3-топ. Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер.
ІІІ.Мұғалім сөзі:
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Мамандық - адам баласының өмірлік серігі. Адам баласы өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек</</span>. Бірі - жар таңдау болса, енді бірі - мамандық таңдау. Мамандық - өмірлік мәңгі таусылмас азығың. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистикалық мәліметтер бойынша біздің қаламыздағы өндіріс орнының тапсырысы бойынша -
Ұңғымашы - 60%-ға,
Тау қондырғыларын жөндеу жөніндегі электрослесарі-50%
Электр дәнекерлеуші -50%
Кен байытушы- 70% -ға дейін мамандықтары жетіспейді екен.
Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.
ІV. Мен таңдаған мамандық. Әр топтан бір оқушы шығып,таңдаған мамандығы туралы айтып береді.
V. Қонақтарға сөз беру.
VІ. «Ең жақсы» ойыны.
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен
VІІ.Эссе жазу. Галереяға саяхат /Қазақстанның картасына суреттер
ілу./
VІІІ.Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Өздеріңді бағала
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол
берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті------- жақсы, көңілді
Бұлттың суреті----- орташа
Жаңбыр------------- төмен
Бүгінгі сынып сағатымызды мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!