7


  • Учителю
  • Баяндама Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесі

Баяндама Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты . Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар әр-түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Осындай әр-түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында мынадай мақсаттар көрсетілген: өз талаптарын, сондай-ақ динамикалық максималды түрде жүзеге асыратын, дамып келе жатқан ортада өмір сүре алатын, білімді, шығармашылық қабілетті бәсекеге сай құзырлы жеке тұлға тәрбиелеу.

Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу - тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс - шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт - дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.

Қазақстандық патриотизм - көп ұлтты Қазақстан халқының өзін-өзі тануының күрделі жолы. Өзін - өзі тану - өзіндік өсу мен өзіндік даму процесі арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге, бағалауға алып келеді. Ең бастысы - жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Қазақстандық патриотизмнің негізгі компоненттері:

  • Отанға деген сүйіспеншілік;

  • Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру;

  • Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу;

  • Отанды қорғау;

  • Отанның қол жеткен жетістіктерін ішкі және халықаралық аренада мақтанышпен көрсете білу;

  • Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену;

  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;

  • Ана тілін білу;

  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық салт - дәстүріне және әдет - ғұрпына құрметпен қарай білу;

  • Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтау;

Отаншылдық сезім - адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев патриотизмді "Әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.

Патриоттық тәрбие - Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген адам санасында мәңгі өшпейтін ұғым. Өскелең ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды кез-келген жағдайда ерлік, отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болуы керек.

Жастардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көздеу деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының саналы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз.

Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі - қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез бен болмыс қалыптастыру, ізеттілік, құрметтеу, қайырымдылық, мейірімділік сынды сезімдерін дамытуы.

Өскелең ұрпақ - болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей колледж практикасындағы оқытушылардың іс-тәжірибелерінің қорытындыларына сүйене отырып, колледждегі патриотизмге тәрбиелеу - оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шешті. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жоспарға сай топта «Қазақстан, мәңгілік бағың жансын!», «Тәуелсіздік тірегі - төл теңге», «Біздің бір ғана Отанымыз - Қазақстан», «Батырлық пен қайсарлық», «Тәуелсіздік жаршысы» тақырыптарында жүргізілген сыныптан тыс жұмыстар мен жыл сайын өткізілетін «Талантыңмен таныл» байқауы, «Тілі басқа, жүрегі бір» өнер фестивалі, «Жырлаймын туған елімді» патриоттық әндер мен көркем сөз оқу сайысы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеудің көзі.

Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

Патриотизмнің мазмұны анықтау үшін ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттық құндылықтармен негізгі көкейкесті мәселе болып табылады. Патриотизмді бүгінгі күн тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара сабақтастыра, кіріктіре отырып философияның негізгі категориялары әлемдік жалпы (жалпы адамзаттық патриотизм), (жалпы қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм) бірегей (қазақ патриотизмі) тұрғыда қарастыруды қажет етеді.

Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі «мектеп-отбасы-әлеуметтік ортаны» кіріктіре отырып сабақ үрдісіндегі сабақтан тыс уақытта мектептегі оқушылардың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымдар қозғалыстар мен мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдық және жеке дара тәрбие отбасы және әлеуметтік орта мен тығыз байланыста жүргізілді.

Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлғаны тәрбиелейміз.

Тәуелсіз еліміздің білімді тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе отырып, мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойына орай «Тәуелсіздік жаршысы» интеллектуалды тарихи танымдық сайысы өткізілді.

Оқушылардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға болатыны тәжірибелік жұмыс барысында дәлелденді.

Қорыта келгенде, Егемен Қазақстанның тізгіні жастар қолында. Халық жазушысы Әзімхан Нұршайықов: «Ұлттық тілдің, дәстүрдің тірегі тәуелсіздік. Тәуелді ұлт - бұл байлықтың бәрінен айырылып бейшара болады» деген. Бұл қанатты сөзді бойымызға сіңіріп, жас жүрегімізге «Елім» деген сөзді ұялатып, елге адал қызмет ететін патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға тәрбиелеп шығару біздің басты міндетіміз.





Баяндама Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесі

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешендi тәрбие бағдарламасы

3. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақстан кәсіпкері - Профессионал Казахстана» журналы. №9, 2008 ж.

4. С.А.Мұсаева, Т.Б.Бегалиев. Жас ерекшелік педагогикасы. «Фолиант» баспасы, Астана, 2006 ж.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал