7


  • Учителю
  • Классный час на тему Ұлт бірлігі-ұлы байлық

Классный час на тему Ұлт бірлігі-ұлы байлық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<br>


Ұлт бірлігі -ұлы байлық



Мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы мен принциптерін білу. Көпұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.



Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өзара достықты бағалауға және өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға үйренеді.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, мақал-мәтелдер, кеспе қағаздар, стикер, маркер, т.б.

Дифференциация:

7 модульді өзара ықпалдастыру

Барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру тренингі:

Амандасу:

Орыс, ағылшындар бір-бірімен қол алып амандасады.

Қытайлықтар өз қолдарын қысады.

Үнді халқы екі қолын кеудесіне қойып басын иеді.

Лапландықтар, солтүстік европа халықтары бір-біріне мұрындарын түйістіреді .

Тибеттіктер оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен сол құлағын ұстап, тілін шығарады.

Эскимос халықтары жұдырықпен басыңнан және иығыңнан түйеді .

Ал қазақтар қалай амандасады?

- Қазір кімнің көңіл - күйі өте тамаша, қол көтерсін!

Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!

- Кім өз - өзіне сенімді, қол көтерсін!



Топқа бөлу тренингі : «Сыйлық» Оқушылардың құралдарын жинау, сол бойынша топтастыру. Әрбір топ топ басшысын сайлайды.



Оқушылар амандасады, көңіл-күйлері орнығады, топқа бөлінеді.

Ойшақыру:

Дебат

«Өмірде шынайы достық жоқ»

Келісемін

Келіспеймін

Ерекше пікір

Сонымен біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы да достық тақырыбында өрбиді.



«Ұлт бірлігі -ұлы байлық»

Оқушылар 3 жақты дебат құрады.

Барысы:

Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың Қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Міне, біз бүгін оқушылардың білім алу және халықтар достығы бағытында жүргізгелі отырған тәрбие сағатында Отанын елін сүюге халқын басқа да ұлт халықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсат етілді.

2015жыл Президент жарлығымен Ассамблея жылы болып жарияланды.





Видеоролик

Ассамблея күні туралы ақпараттар.



Ой - толғаныс:

Оқушыларға тапсырмаларды орындауға 5 минут уақыт беру.

1 топ: Актерлар

2 топ: Ақындар

3 топ: Суретшілер

Оқушылар өздерінің тобының аты бойынша тапсырмалар орындайды. Жұмыстарын қорғайды.

Бағалау:

Әрбір топ бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» айтады.





«Қазақ биі» Венера

Оқушылар би тамашалайды.



Сұрақ: Өзге ұлттардан достарыңыз бар ма? Олармен қай тілде қарым-қатынас жасайсыңдар?

Оқушылар жауабы



III. «Тіл өнері»

Бұл бөлімде мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, 3 тілдегі баламасын айтады.

Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына осы 3 тілді білу сондай қажет.

1 - топ

1.Білім теңіз(мектеп) кеме (школа, мектеп, school)

2.(Қыз) қылығымен көркем.( қыз, девочка, girl)

3. Өнер ады қызыл (тіл) (тіл, язык, language)

2 - топ

1.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.( нан, хлеб, bread)

2. Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді( сөз, слово, words)

3. ( Ана) көңілі балада.( ана, мать, mother)

3 -топ

1. Көңілдегі сырды (көз) білдіреді. (көз, глаза, eyes)

2. Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек. (біз, мы, we)

3, Атадан (ұл) туса игі, ата жолын қуса игі. (ұл, мальчик, boy)





Би «Өзбек» Әсия



Бекіту:

Мақал мәтелдер айту:

1 топ: Достық туралы

2 топ: Тіл туралы

3 топ: Туған жер туралы



Кері байланыс:

Мен бүгін....... жалғастыру.





Ел бірлігі ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмір. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Біз: «Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» - деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой,-деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



















Көрініс: Жәнібек ханың өсиеті



Жәнібек хан: - Балам, анау тұрған жебені әперші.

- Мә, балам, сындыр - деп бір жебені береді. баласы сындырады.

Содан 2, 5 жебені береді, баласы сындыра алмайды.

Сонда Жәнібек: - Не ұқтың?- дейді.

Баласы:- Әке бір жебе жалғыз, екі жебені сындыру қиындау болды. Ал 5 - ін мен сындыра алмадым. Ол бірігіп өмір сүріңдер дегеніңіз шығар.

Жәнібек хан:- Ия, балам дұрыс айттың.

Бірлік түбі береке,

Береке түбі мереке.

Ақ білектің күшімен,

Ақ найзаның ұшымен

Ел болуды ойлаңдар!









Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»



Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:

- Сенің ұлтың кім?

- Қырғыз.

- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?

- Менің өз елім - Қазақстан.

- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!

- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.

Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің.

- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?

- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?

- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)

- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.

- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.

- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату - тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!

- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).

- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргемі











1 - топ

1.Білім теңіз(мектеп) кеме

2.(Қыз) қылығымен көркем

3. Өнер ады қызыл (тіл)

















2 - топ

1.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.

2. Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді

3. ( Ана) көңілі балада













3 -топ

1. Көңілдегі сырды (көз) білдіреді.

2. Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек.

3, Атадан (ұл) туса игі, ата жолын қуса игі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал