- Учителю
- Внеклассный урок для 5 классов ГПД
Внеклассный урок для 5 классов ГПД
</ Сабақтың тақырыбы: «Салт- дәстүрім асыл мұрам»
Сабақтың мақсаты: Салт-дәстүрді дәріптеп,оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята эстетикалық тәрбие беру. Салт-дәстүрді ұмытпай жалғастыруды дамыту. Қазақ салт-дәстүрлерін сүйюге, білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Әр ұлттың өзіндік ерекшелері бар салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алды. Халқымыздың салт-дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайссымыздың азаматтық борышымыз. Оқушылар «Мұрагер» және «Құлагер» болып екі топқа бөлінеді. Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады
І кезең «Таныстыру»
ІІ кезең «Кім көп біледі»
ІІІ кезең «Бәйге»
ІV кезең «Ата дәстүр» үй жұмысы
V кезең «Өнерім-өмірім» өнер сайысы
VІ кезең «Кім жылдам, кім тапқыр»
Ендеше екі топқа да сәттілік тілеп 1-ші кезеңге кірісейік
І кезең «Таныстыру»
Біздің топ «Мұрагер тобы»
Біздің ұранымыз: «Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз»
Топ басшысы: 5а сынып оқушысы Жолмурат Мерей
Бауырласқан тәніміз
Бұзылмасын антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Біздің топ: «Құлагер тобы»
Біздің ұранымыз: «Ата-баба өнерін, салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз, ұмытпаймыз»
Топ басшысы:5а сынып оқушысы Жубаниязова Жансая
Біздер бұрын көрмеген
Салт-дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп
Заманымыз өрлеген.
ІІ кезең «Кімкөп біледі» салт-дәстүрлер туралы сұрақтар жазылған слайд. Оқушылар қоржыннан сан жазылған асықтарды кезектесіп алып слайдтан сол сан бойынша жазылған сұраққа жауап береді . Дұрыс жауап берген оқушы өз тобына 5 ұпай алады.
-
«Бастаңғы» дегеніміз не?
-
«Көрімдік» қандай жағдайларда беріледі? (бұрын көрмеген адамды біреуге көрсеткен кезде)
-
Малдың сүтінен жасалып ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам? (құрт)
-
Тойдың түрлерін ата? (Шідехана, сүндет той,қыз ұзату тойы т.б.)
-
«Сүйінші» дегеніміз не?
-
«Шілдехана» қандай рәсім?
-
«Аманат» дегеніміз не?
-
Көрісу қай айда болады? (наурызда)
-
Үш арсызды ата? (ұйқы,тамақ, күлкі)
-
Жеті қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, берен мылтық, жүйрік тазы, қыран бүркіт)
ІІІ кезең «Бәйге» Бұл сайыста әр топқа сұрақтар қойылады сұраққа жауап береалмаған жағдайда қарсылас топ жауап бер еді.(әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі)
«Мұрагер» тобына қойылған сұрақтар
-
Жерден ауыр не, судан терең не? (Жерден ауыр- ақыл, білім, судан терең- оқу, ғылым.)
-
Балдан тәтті не, қылыштан өткір не? (балдан тәтті - бала, қылыштан өткір - тіл )
-
Кім нені көргіш? (жақсы ниетті адам тек жақсылық көреді, ақмақтар тек жаманды көреді, әділді адам жақсыны да жаманды да көреді)
«Құлагер» тобына қойылған сұрақтар
-
Кім неден үмітті? (ауру «жазыламын» деп үмітті,
Жарлы «баиймын »деп үмітті,
Қашқын «құтыламын» деп үмітті,
Ұлсыз «ұлды» боламын деп үмітті.
-
Жеті жұтты ата? (құрғақшылық, жұт-малдың қырылуы, өрт, оба-ауру,соғыс, топан су, зілзала- жер сілкінісі)
-
Дүниеде тоймайтын не? (көз көруге, құлақ естуге тоймайды,
Жер жауынға,жол тұйыққа тоймайды.
Дария суға тоймайды, аспан бұлтқа тоймайды,
Сері серуенге тоймайды)
ІV-кезең «Ата дәстүр» үй жұмысы
«Мұрагер» тобы «киіз үй» туралы мәлімет дайындайды
«Құлагер »тобы «бесік» туралы мәлімет дайындайды . Сайыс 5 ұпайдан бағаланады
V- кезең «Өнерім -өмірім» өнер сайысы әр топ өз өнерін ортаға салады. Әр топ 5 ұпайдан бағаланады
VІ-кезең «Кім жылдам, кім тапқыр» сұрақтар екі топқа да қойылады қай топ тез жауап береді соған 2 ұпай беріледі
-
Үй иесінің бір затын қонақтың таңдап алу дәстүрі? (қалау)
-
Қонаққа берілетін тегін ас? (қонақасы)
-
Қымыз ішер алдындағы қонақ шақыру дәстүрі? (қымызмұрындық)
-
Сапардан кенген адамның сыйлығы? (базарлық)
-
Мереке тойлардан келген адамның жақындарына әкелген асы? (сарқыт)
-
Тұрмысқа шыққан қыздың бұйымы?(жасау)
-
Үлкен кісі немесе қонақтың тілегі? (бата)
-
Бағалы затқа ие болған адамға дос-жарандарының берер сыйлығы? (байғазы)
Ендігі кезеңде қазылар алқасы ұпайлар сандарын анықтап болғанша 1-ші сынып оқушысының өнерін тамашалайық «Қазақ биі»
Қорытынды: сайыс соңында екі топтың ұпайлары есептеліп жеңіп шыққан топ марапатталады.