7


  • Учителю
  • АБАЙ – ЛИРИК АҚЫН.Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүни

АБАЙ – ЛИРИК АҚЫН.Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүни

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Семей қаласы.

«№ 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ.

Жапықова.Г.О.



</ АБАЙ - ЛИРИК АҚЫН

Мақсаты:

Білімділік: Ақын өмірі мен шығармашылығын терең меңгерте отырып, лирикалық өлеңдері табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын,көркемдік ерекшеліктерін меңгерту.

Дамытушылық: Өлеңді түсініп оқи білуге, ойын ашық, көркем тілмен жеткізе білуге, ой шапшаңдығы мен шығармашылық ізденістерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлылар өлеңдерін сүйіп оқи отырып, үлгі - өнеге тұтуға, табиғатты аялай білуге, поэзия тілін терең түсіне отырып қайырымдылыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Коррекциялық: Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.

Көрнекілігі: Ақын суреті, нақыл сөздер, тірек-сызбалар, слайд, видео.

Түрі: тәрбие сағаты

Тәрбиелік шараның барысы

I. Ұйымдастыру

1.Абайдың балалық шағы, өскен ортасы, білімі .

2.Абайдың ақындық жолға бет бұрған жылдары.

3.Ең алғаш өлеңдерін кімнің атынан жариялады.

4.Абайдың орыс достары кімдер? Дүниеге көзімді ашқан кім деді?

5.Қорытынды



Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.

2.1.Лирика дегеніміз не?

2.Лирика нешеге бөлінеді, түрлері қандай?

Лирика

Табиғат саяси-әлеуметтік

Махаббат көңіл-күй

Абай өлеңдерінің тақырыбы қандай?

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң, түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермеді.

Иә, бұл-өткенге өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуге жол сілтеу.

3.Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері. «Күз» өлеңін салыстыр

Абай Пушкин



















«Күз» неге сонша көңілсіз, сұрықсыз жырланады?

«Қыс», «Жаз», «Жаз» өлеңінің шығу тарихы

1880-1886 ж.ж «Көкбай сөздері» деген атпен «Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой»,- деді.

Саяси-әлеуметтік лирикалары: «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» т.б.

Көтерген проблема:қазақ қоғамының ел басқару әдісін масқаралау, болыстарды сынау.

Махаббат лирикасы: «Өлсем орным қара жер» т.б.

Көңіл-күй лирикасы: «Сегіз аяқ» өлеңі

КӨЗГЕ АРНАЛҒАН СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ

4.Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор. Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді. Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті. Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей - теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған. Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек - осы қара сөздерде жалғасып дамиды.

Сергіту сәті. «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй»

«Желсіз түнде жарық ай» әні

Асыл сөздің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық,Тамағы тоқтық _______________

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: _______________

Ғылымды іздеп,Дүниені көздеп _______________

Қайратсыз ашу-тұл,Тұрлаусыз ғашық-тұл ___________

Қорытынды. Абай өлеңдерінен, шығармаларынан не үйрендік, қандай ғибрат, тәлім-тәрбие алуға болады екен.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал