- Учителю
- «Рәміздерім – елдігімнің белгісі».Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Әнұран, Елтаңба, Ту. Біз бүгін рәміздер еліне саяхатқа шығамыз. Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменд
«Рәміздерім – елдігімнің белгісі».Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Әнұран, Елтаңба, Ту. Біз бүгін рәміздер еліне саяхатқа шығамыз. Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменд
Семей қаласы.
«№ 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ.
Жапықова.Г.О.
</
«Рәміздерім - елдігімнің белгісі»
Мақсаты:
Білімділік:ҚР -ның Мемлекеттік рәміздері оның құрылу
тарихын,мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету,
авторларын таныстыру;
Дамытушылық:Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін
қалыптастыру. жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту,
талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту,
азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін
қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Көрнекілігі: слайд, плакат, ҚР-ның картасы
Әдісі: тәрбие сағаты
Тәрбиелік шараның барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1.Кіріспе
2.«Айтқанды ұғамыз, білуге құштармыз!».
3.Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.
4..«Жұмбақ жылдар» сайысы.
5.«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында»
6. Қорытынды
1.Кіріспе
Тәрбиеші:Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады.
Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Әнұран, Елтаңба, Ту. Біз
бүгін рәміздер еліне саяхатқа шығамыз.
Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел.
Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай
тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз
тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата -
бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ
жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап,
болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да
халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы
болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттілігін қалпына келтіре
алды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз
мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз
- Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
Рәміздер - бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар
суреттер, белгілер немесе сөздер.
Рәміздер көне замандардан бері бар. Ту, таңба, эмблемалар ру -
тайпалардың айырым белгілері ретінде қызмет атқарған. Мемлекеттері
пайда болған кезде олардың әрқайсысы үшін өздерінің айырым
белгілерін жасау қажеттігі туындады. Ту мен елтаңбаны басты
ғимараттарда, қала қақпаларына орналастырды. Ал гимнді мерекелер
мен мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде орындады. Жиырмасыншы
ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін
міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.
2.«Айтқанды ұғамыз, білуге құштармыз!». Бұл бөлімде оқушылар мен сендерге сұрақтар қоямын.
1.Отаның қалай аталады?
2. Мемлекетінің президенті кім?
3. Мемлекетіңнің астанасы қалай аталады?
4. Ата Заңдарың бар ма? Ол қашан қабылданды?
5. Мемлекетіңнің тұңғыш ғарышкері кім?
6. Мемлекетіңнің неше астанасы болды, аттарын ата.
3. Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.
Бүгін біздің еліміз - бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған
Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз
рәміздері болады.
Рәміз дегеніміз - түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Қандай да
бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы өз Туы, Елтаңбасы,
Әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен
егемендігінің белгісі болып табылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін
қабылдауға ерекше мән беруі де осыған байланысты.
Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні
қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші
Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның
студенттері болатын.Әнді алғаш орындаған - Жамал Омарова. Әнде
халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде
шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ
жастарының бейресми әнұраны болған еді.
«Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен
жазылған Әнұранның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл
мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының
артатынын көрсетеді.
Әнұранның сөзін жазған - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев.
Әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов.
4..«Жұмбақ жылдар» сайысы.
1.1990 жыл 25 қазан (Қазақстан Республикасының егемендігі туралы
Заңы қабылданды)
2.1992ж. 4 маусым (Қазақстан Республикасының Мемекеттік рәміздері қабылданды)
-
28 қаңтар (Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш Конституция қабылданды)
-
15 қараша (Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы
-
теңге енгізілді).
-
-
(«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы қабылданды)
-
-
-
(Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы)
-
4.«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында» сайысы.
Бұл бөлімде оқушыларға сөзжұмбақ беріледі. Дұрыс жауабын тапқан
топ жеңімпаз атанады.
Сұрақтар:
-
Мемлекеттік нышан (Ту)
-
Қазақтың батыр қызы (Мәншүк)
-
Қазақстан қай құрлықта орналасқан (Еуразия)
-
Үш арыс (Бейімбет)
-
Үш арсыз (күлкі)
-
Мұсылман діні (Ислам)
-
Қазақстанның рухани астанасы (Түркістан)
-
Адам үндес музыкалық аспап (қобыз)
-
Киіз үй жабдығы. Ол уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз (туырлық)
-
Қазақстан неге бай? (мұнай)
-
Қамбарға ғашық болған бай қызы (назым)
-
Оңтүстік астана (Алматы)
-
Әр түрлі бұйым салуға арналып ағаштан не металдан жасалатын күйіз үй жиһазы (сандық)
-
Ұлы жүздің алғашқы ханы (Жолбарыс)
-
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап)
-
Отбасының тірегі (ана)
-
Исламның қасиетті кітабы (құран)
Қорытынды: Қазақстанның білімді ұрпақтары көп болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміздің егемендігі берік болып, көк туымыз биікке самғай берсін деген ақ тілекпен аяқтаймыз.