7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты.Елін сүйген,елі сүйген Елбасы

Тәрбие сағаты.Елін сүйген,елі сүйген Елбасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Оқушыларға Президенттің елі үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітап, суреттер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

1. Мұғалім сөзі:

Саламатсыздар ма Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың

Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып арман әндерін

Қазақстанның бақтарымен бірге жапырақ жаясың,- деп ақын Т.Молдағалиев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне арналған "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" деп аталады.

Қазақстан Республикасының Гимн айту.

2. Топтасу. ( І, ІІ, ІІІ ) топқа кеспеқағаздар бойынша.

3. Әр топ өздеріне ат беріп, қорғайды.

І - топ: "Зияткерлер" тобы.

ІІ-топ: "Болашақ" тобы.

ІІІ-топ: "Дарын" тобы.

1. Н.Назарбаевтың бастамасымен бірқатар лицейлер мен колледждер сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік Мектебі ашылды.

2. Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

3. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыз үш топтың зерттеуі түрінде өтпек.

1. Балалық шағы.

2. Қызмет еткен кезеңдері.

3. Қол жеткізген жетістіктері.

4. Елбасының қанатты сөздері.

5. Басқа ел Президенттерінің жылы лебіздері.

6. Елбасының наградалары.



4. Әр топтан бір оқушы шығып 2 тартпа қағаздан алып, өз тобы мүшелерімен плакатқа түсіріп кейін ортаға шығып қорғайды.

"Зияткерлер" тобы:

1. Балалық шағы.

4. Елбасының қанатты сөздері.

"Болашақ" тобы:

2. Қызмет еткен кезеңдері.

5. Басқа ел Президенттерінің жылы лебіздері.

"Дарын" тобы.

3. Қол жеткізген жетістіктері.

6. Елбасының наградалары.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы игі істерін талдау үшін сөз кезегін зерттеуші оқушыларға береміз.



Отбасы және балалық шағы

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

  • 1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

  • 1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

  • 1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

  • 1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

  • 1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

  • 1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

  • 1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

  • 1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

  • 1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.

  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Отбасылық жағдайы

Жұбайы - Сара Алпысқызы - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

  • Дариға - саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

  • Динара - Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

  • Әлия - бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Ғылыми еңбектері (Кітаптары)

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

  • «Тарих толқынында» (А., 1997),

  • «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Дәйексөздері

  • "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде."

  • "Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз."

  • "Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек."

  • "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін."

  • "Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек."



Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

  • Қазақстан менеджмент институты

  • Экономика және болжау институты

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

  • Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

  • Назарбаев Университетi

  • Назарбаев Зияткерлік Мектебі бірқатар лицейлер мен колледждер

  • Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

  • Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.



Басқа лауазымдары мен мансаптары

  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)

  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев - Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі - ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

5. Суреттер сөйлейді.

1. Ресей Федерациясының Президенті.

2. Өзбекстан Республикасының Президенті.

3. Қазақстан республикасының Президенті.

Әр топ оқушылары осы ел туралы айтып өтеді.

6. Президентке арнау өлеңдер.

Бірлігі жарасқан елміз міне, бүгінде,

Артқа тартып халқым енді шегінбе.

Дағдарыстан шығып, алға бет алдық,

Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.



Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға

Енді халқым ешқашанда құлама

Барлық жерден жиып-теріп қазақты,

Халқы үшін, жанын салған ғұлама.



Жаңа кезең бастауына сендіңдер,

Астананың бәйтерегін көрдіңдер.

Халқымыздың саны өсіп бүгінде,

Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.



Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,

Әрқашанда алда жүрді жеңісі.

Бүкіл әлем</<font face="Times New Roman, serif"> тыныштықты тіледі,

Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.

Қорытынды: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңізді ұмытпаңыздар. Барлығыңыз да Қазақстан Республикасының жақсы азаматы болып өсулеріңізге тілектеспін.







Сабақтан көрініс









Тәрбие сағаты.Елін сүйген,елі сүйген ЕлбасыТәрбие сағаты.Елін сүйген,елі сүйген Елбасы





Тәрбие сағаты.Елін сүйген,елі сүйген Елбасы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал