7


  • Учителю
  • Планирование Тәуелсіз елдің ұландары 6 класс

Планирование Тәуелсіз елдің ұландары 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұландары

Сабақтың мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.



Қолданылатын құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, маркер, шығу парағы, суреттер, қима қағаздар және т.б.



Сабақтың барысы:



Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше өтпек, себебі сабағымызға облыс ұстаздары қатысуда. Биылғы жыл - қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл. Біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толады. Ғасырға бергісіз 25 жыл күллі қазақтың арман - тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 25 жыл, ұлы мерекіміз құтты болсын! Ал енді тақтаға назар аударайық. (Бейнеролик)

- Осы бейнероликтен не түсіндіңдер?

- Ия, тәуелсіз ел болуымыз үшін жылдар бойы ата-бабаларымыз қаншама қан мен тер төкті, бүгінгі таңда біз дербес тәуелсіз ел болдық.

- Алдағы уақытта елімізді асқақтату мен мерейін арттыру, тірек болуға кімдер жауапты? (оқушылар сабақтың тақырыбын ашады)

Сабақтың тақырыбы:Тәуелсіз елдің ұландары.



Негізгі бөлім.

1. Ой қозғау.

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау)

( «Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел»)



2) Топқа бөлу: (Топ командирі болатын 4 оқушыны шақырамын, қалған оқушыларға сөздер жазылған қағаз қиындылары бойынша топ басшысының қасына жиналады)

1-топ. Алтын адам

2-топ. Бәйтерек

3-топ. Мәңгілік ел

4-топ. Ұландар



Алтын адам

1.1970 жылы Есік қаласында табылды.

2.4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.

3.Киімінде барыс, бұлан, таутеке арқар, ат, құс бейнелері бар.

4.Сақ тайпасының қазынасы болып табылады.

5.Қазақстанның азаттық символы.

6.Бас киімі қазақ кейінгі қазақ киім үлгілеріне ұқсас.

Бәйтерек.

1.Есіл өзенінің сол жағасында орналасқан.

2.Күмбезінің салмағы 70 тонна.

3.Ұзындығы 97 метр.

4.Қазақстанның нышан символы.

5.Ғимараты 3 бөліктен тұрады

6. Ұшар басында алтын шар орналасқан





Мәңгілік ел.

1.Логотип шаңырақты білдіреді.

2.Ортақ ұлттық Қазақстан - 2050 стратегиясы идеясын білдіреді

3.Барлығымыз бір шаңырақ астындамыз.

4.Біздің идеямыз бір.

5.Мәңгілік ел - тұғырлы идея.

6. Үйдің негізі кереге болса, бізді біріктіретін - Стратегия



Ұландар.

1.Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін.

2.Ел ертеңі, ұлт болашағы - біз.

3.Елімнің патриоты ретінде Қазақстан болашағына сенемін.

4.Халқымның өткен тарихымен мақтанамын.

5.Батырлардың ғасырлық жасаған ерліктеріне тамсанамын.

6. Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн

3) Тарихи мозайка. (Ұяшықтарды таңдап, жауаптарын айту)

1.Қолданыстағы Ата Заң қашан қабылданды? 30 тамыз 1995 ж.

2. ҚР тұңғыш ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров

3. Елімізді басқаратын кім? (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев)

4. Тәуелсіз елдің рәміздері. Ту, Елтаңба, Әнұран

5. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. Түркия

6. Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды? 1995 жылы

7. Семей полигонының жабылғанына неше жыл? 25 жыл

8. Қазақстанның ұлттық валютасы. Теңге

9. Астана қаласының ежелгі атауы. Бозоқ

10. ҚР астанасы Ақмола қаласына қашан көшірілді? 1998 жылы

11. Алғашқы Президент күні. 1 желтоқсан

12. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қашан алды? 1991 жылы 16 желтоқсан

13. Мемлекеттік Тудың авторы Ш.Ниязбеков

14. Мемлекеттің Елтаңбаның авторы. Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков

15. Әнұранның сөзін, әнін жазған кім? Сөзін жазған Н.Назарбаев пен Ж.Нәжімеденов, әнін жазған Ш.Қалдаяқов

16. Қанша ұлт өкілдері тұрады? 130 астам



4) «Жарқын болашаққа саяхат» (10 мин) (Күй орындалады)

1-топ. Менің елімнің болашағы. (эссе)

2-топ. Гүлденген Қазақстан (коллаж)

3-топ. Елбасына хат.

4-топ. 25 игі іс. (постер құру)



Қорытындылау. «Тәуелсіздікке 25 жыл» логотипінің әр күннің сәулесіне өз тілектерін жазып, «25» саны мен бүркіттің бейнесімен толықтырады.

Оқушылар, ата- бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген шақта, балалық шақтарын бақытты болатынына мен кәміл сенімдімін. Мақтанышқа айналған тәуелсіздіктің қадірін біліп өсіп, ел дамуына үлес қосқандарыңды қалаймын. Себебі, осы елдің тірегі де, тілегі де сендерсіңдер!



Сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.









«Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ

































АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұландары

















Өткізген: 6 сынып жетекшісі

Уатаева Ш.А.



























2016-2017 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал